Жуан және жіңішке жұп дауыстылар.О, қорқайын мен неге?
№34 сабақСабақтың тақырыбы: Жуан және жіңішке жұп дауыстылар.О, қорқайын мен неге?
Сабақтың мақсаты: а) Жуан жіңішке дауысты дыбыстар бойынша білімдерін
пысықтау,нағашы ата туралы түсініктерін қалыптастыру ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын сөздік қорын дамыту, логикалық ойлауын дамытуб) Үлкен кісіні сыйлауға , құрметтеуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:кеспе әріптер.
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге тапсырманы еске түсіріп пысықтау.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін пысықтау
- Мақсат қою кезеңі:-Балалар , бүгін біз сіздермен жуан, жіңішке дауысты дыбыстарды талдаймыз
- Жаңа сабақ:Оқулығымыздың 62 бетіне қарайық.Өлеңді жаттап алыңдар
Кім үлкенді тыңдаса,
Кім үлкенді сыйласа,
Үлкен болған кезінде,
Сыйлы болмақ өзі де. С.Мәуленов
52-жаттығу Көп нүктенің орнына керекті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.
Өркен ерте тұрды.Ол т… сегін жинады.Апасы қ…ра сыпырып жүр екен.Өркен күрек алды.Ол апасына к… мектесті.
- О, ө дыбыстар бар сөздердің астын сызыңдар.
53-жаттығу 1.Көп нүктенің орнына берілген жуан дауыстылардың жіңішке сыңарларын тауып жазу.
Жуан дауыстылар:а,о, ы, ұ
Жіңішке дауыстылар: …, …., …., …..,
2.Жуан және жіңішке дауыстыларға қатысты сөздар тауып айту.
54-жаттығу Сөздердің дыбысталуын салыстырып оқу.
- Жаңа материалды пысықтау:Өлеңді оқу
О, қорқайын мен неге?
Нағашы атасы:
-Шам жақпаған үйде сен
Қалмайды дейді.
Қараңғы бөлмеге кір десе,
Бармайды дейді.
Осы рас па?
Жиені:
-О, қорқайын мен неге?
Нанбасаңыз,
Сол қараңғы бөлмеге
Менімен бірге жүріңіз
Менімен бірге кіріңіз
Нағашы атасы:
-Мен жаңылып айтып жатыр екем ғой.
Менің жиенім батыр екен ғой… М. Әлімбаев
VII. Бекіту кезеңі:1.Өлеңді оқу барысында әрбір сөйлемнің, сондай-ақ екі кісі сөзінің-диалогтің дауыс ырғағын сақтаңдар.2. Өлеңді талдап қосымша сұрақтар қою.
VIII. Үйге тапсырма, бағалауӨлеңді мәнерлеп оқып келу. 3. «Нағашы ата»туралы әңгіме жазыңда