Жуан және жіңішке жұп дауыстылар. Көрші атам. Сәлем бере білейік. Мақалдар
№35 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Жуан және жіңішке жұп дауыстылар. Көрші атам. Сәлем бере білейік. Мақалдар
Сабақтың мақсаты: а) Жуан жіңішке дауысты дыбыстар бойынша білімдерін пысықта ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын сөздік қорын дамыту, логикалық ойлауын дамыту б) Үлкен кісіні сыйлауға ,әдептілікке тәрбиелеу, дұрыс амандасуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:кеспе әріптер.
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге тапсырманы еске түсіріп пысықтау.балалар, өткен сабақта қандай тақырып өткен едік кім маған айтады?Дұрыс, дайын болсақ , сабақ айтамыз.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:-Балалар, осы нағашы ата деген кім?-Дұрыс мамамыздың әкесі.-Кім өз нағашы атасы туралы айтып береді?
- Мақсат қою кезеңі:-Балалар , біз үлкен аталармен амандасқан кезде ұлдар не деп амандасамыз?.- Балалар, осы Сөз атасы –сәлем деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?-Үлкен апалармен амандасқанда қалай амандасамыз?- Көрші аталарыңмен, апаларыңмен қалай амандасасыңдар?
- Жаңа сабақ:Бүгінгі өтетін жаңа тақырыпта «Көрші атам»деп аталады.
Күнде үйінің қасынан
Көрші атамды көремін
Жүгіріп кеп асыға
Оған сәлем беремін
Қолымды ол күліп кеп,
Иіліп тұрып алады
-Міне нағыз жігіт!- деп,
Сүйсініп бір алады
Сәлем бере білейік (көрініс ретінде)
-Ассалаумағалайкум!-«Алланың нұры жаусын!»
— Уағалайкумассалам!- «Өзіңізге де соны тілеймін!»
Сәлемдесуге байланысты тағы қандай сөздерді білесіңдер?
М. Жаманбалиев
V .Жаңа материалды пысықтау:-Ал енді бір-бірімізбен амандасып көрейікші.Сыныптастармен,Мақалдар
- Бекіту кезеңі
VII. Үйге тапсырма, бағалау