Ш.Уалиханов — қазақтың көрнекті ғалымы
Сабақтын тақырыбы: Ш.Уалиханов — қазақтың көрнекті ғалымы
Мақсаты:
1.Білімділік: XIX ғ. II жартысындағы Ш.Уалихановтың қазақ мәдениетіне,
тарихына сіңірген еңбегін түсіндіру талдау;
2.Дамытушылық: Ш.Уалихановтың өмір жолы, ата тегі туралы мағұлмат
беру, оқыту, ұлы ғұлама ғалым, саяхатшы ретінде таныту;
3.Тәрбиелік: Адамгершілік, текті тану қасиеттерін арттыра отырып, жан-
жақты терең ойлауға, өнерді сүюге құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Ойын түрлері, ұлы ғалымдар сөздері, карта, кітаптар,
таблица, сызбалар.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Әдісі: СТО технологиясы.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиет, география
Сабақтың барысы:
І.Үйымдастыру кезеңі
2.Үй тапсырмасын тексеру.
«Ойлан тап» ойыны
қашан? | қайда?
| қандай оқиға болды?
|
1820 ж
1841ж
1847ж 45 жас 1791ж
1838ж 12 шілде
1844 ж
1846ж | Қазақ даласына
Ұлытауда
Алатау Атырауда. Исатай Ауылында Ақбұлақ жерінде
Оралда
Қараойда | Әскери бекіністер салынды Кенесарыны хан көтереді қайтыс болады Исатай дүниеге келді
Исатай өлтіріліп. Махамбет қоршауды бұзып шығады Қозғалыс басшыларына сот болады Махамбет қайтыс болады. |
3.Үй тапсырмасын қорытындылау.
- «Сиқырлы сандар» ойыны
ш | о | қ | а | н |
34 20 15 1 18
5.Жаңа сабақ
Ш.Уалиханов 1835 ж қараша айында Қостанай облысы, Құсмұрын бекінісінде дүниеге келген. Шоқан Абылай ханның ұрпағы. Азан шақырып қойған аты-Мүхамедханафия. Әжесі Айғанымнан ертегі, қисса жырларды тыңдап өскендіктен әжесі Шоқаным, шоқиып отырады да қояды деп еркелеткен. 5 жасында хат таниды. Әкесі Шыңғыс орыс зиялыларымен дос болып, Шоқанның ғылымға жақын болуына септігін тигізеді. Шоқан арабша жазуды, сурет салуды үйренеді. 1847 ж Шоканды әкесі Сібір кадет корпусына окуға түсіреді. Оны 1853ж бітіріп, Атты әскер корнеті атағын алып шығады.1856ж — Ыстықкөлге, 1858-59ж Қашқарияға сапар шегеді. «Манас» жырын қағазға түсіреді. Қазактың тұңғыш ғалымы атанады. 1861 ж өкпе ауруы асқынып елге оралады. І865ж сәуірде Алтынемел жотасының Кербұлақ деген жерінде 30 жасында қайтыс болады.
Сабақта білімімізді толықтыру үшін сыныпты 2 топқа бөлеміз
I топ «Алғырлар» Ұраны: Іздеген табады, талапты ұтады.
II топ. «Тапқырлар» Ұраны: Оқыған озады, ерінген тозады.
I .Ой шақыру статегисы «Ассоциация» құру
ғалым саяхатшы
тарихшы Шоқан суретші
географ әдебиет танушы
ІІ.Мағынаны тану стратегиясы
1 -топ. «Текті білу тектілік» (Шоқан-Шыңгыс-Уәлихан-Уәли-Абылай)
2-топ. «Досы көпті жау алмайды» (Семенев Тянь-Шанский, Потанин,)
III. «Мағынаны ашу» стратегисы
Топтык жұмыс.Тест түрлері
ІҮ.Дәптермен жұмыс. Шығармаларын жазу.
- Картамен жұмыс.1855ж.Шоқан генерал
Гасфорттың сапарына қатысып, Жетісу, Тарбағатай Орталық Қазақстан, Іле Алатауын аралайды. Карта көрсетіледі (слайд)
VII.Ой толғау стратегиясы. 5жол өлең
1.Шоқан.
- еңбекқор, зейінді.
3 .зерттеді, жазды, түсірді.
- қазақ халқының тұңғыш зерттеушісі
- ғалым
ҮІІ.Үйге тапсырма
«Шоқан ғалым» тақырыбында шағын шығарма жазу
ҮШ.Бағалау.
Х.Қоштасу