Сабақтың тақырыбы: «Миллион кімге бұйырады»?
Сабақтың тақырыбы: «Миллион кімге бұйырады»?
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың зеректік қабілеттерін дамытып ой
өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, озық
ойлы оқушыны анықтау, тест тапсырмаларын орындауға
дағдыландыру, ойын сабақтарға белсенділігін дамыту
т.б.
Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын,
жылдам әрі дұрыс шешім қабылдайтын және ойлау,
ойды жүйелеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Қоғамдық, көпшілік орындардарда өзін-өзі мәдениетті
ұстай алатын, өз пікірін еркін жеткізетін, өз мүмкіндігін
дұрыс пайдалана алатын зерделі де сабырлы тұлғаны
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Интеллектуалды ойын, конкурс сабағы
Сабақтың әдісі: Жаңа технологиялар арқылы сұрақ-жауап, тест, т.б.
Сабақтың көрнекілігі: безендірілген сахна, ойынға қажетті жаңа
технологиялар (компьютер, слайд, телефон,
музыкалық аппаратура, видео камера т.б.)
сызба кестелер, маркер, шарлар.
Эрудит сөзі: (тақырыпқа сай қолдануға болатын сөз)
«Ғылымның барлық саласынан көп білетін адам»
Сабақтың барысы:
- Ойынның мақсатымен таныстыру.
- Ойынның шартымен таныстыру.
3.Ойыншылармен таныстыру.
- І тур жеңімпазын анықтау.
5.ІІ тур жеңімпаздарын анықтап, марапаттау.
6 .Қорытындылау.
1.Ойынның мақсаты: тарих пәні және басқа танымдық тапсырмалар
бойынша оқушылардың білімін және оларды
жүйелеу арқылы жеңімпазды анықтау.
2.Ойынның шарты:
Ойынға барлығы 9 ойыншы қатысады. Ойын ІІ турдан тұрады:
Жүргізуші ойыншыға І турдың ойын шартын түсіндіреді.
І тур. Қас-қағым сәтте орындалатын тапсырмалар бойынша берілген
сұраққа әрі жылдам, әрі дұрыс жауап берген ойыншы
анықталады және ойыншы ІІ турға өтеді.
ІІ тур. Қас-қағым сәтте орындалатын тапсырманың жеңімпазын
анықтап, онымен жүргізілетін
ойын. Жүргізуші ойыншыға ІІ турдың ойын шартын түсіндіреді.
І тур жеңімпазы ІІ турға қатысып, берілген 15 сұраққа жауап
беру керек. 5 сұраққа дұрыс жауап берген ойыншы күймейтін
бірінші белестен өтіп 1000 (мың) теңгенің иегері атанады және
ойынды жалғастыра алады. Екінші белестен асу – күймейтін
50 000 (елу мың) теңге сыйлықтың иегері атанады.Үшінші
белесте миллион теңгенің иегері анықталады.Ойыншы өзі
қалаған сәтте ойынды тоқтатып, тиісті ақшаны алуына болады.
Берілетін 15 сұрақтың кезегі мынадай:
15 СҰРАҚ – 1 000 000 теңге
14 СҰРАҚ – 750 000 теңге
13 СҰРАҚ – 500 000 теңге
12 СҰРАҚ – 200 000 теңге
11 СҰРАҚ – 100 000 теңге
10 СҰРАҚ – 50 000 теңге
9 СҰРАҚ – 20 000 теңге
8 СҰРАҚ – 10 000 теңге
7 СҰРАҚ – 5000 теңге
6 СҰРАҚ – 2000 теңге
5 СҰРАҚ – 1000 теңге
4 СҰРАҚ – 500 теңге
3 СҰРАҚ – 200 теңге
2 СҰРАҚ – 100 теңге
1 СҰРАҚ – 50 теңге
- Ойыншы өзіне берілген үш жеңілдікті пайдалануына болады:
1 2 3
50/50
| ЗАЛДЫҢ КӨМЕГІ
| ДОСТЫҢ КӨМЕГІ
|
І тур сұрақтары:
- Тарихи кезеңдерді ретімен орналастыр?
- Жаңа заман тарихы
- Орта ғасыр тарихы
- Қазіргі заман тарихы
- Ежелгі заман тарихы
Дұрыс жауабы:
- Ежелгі заман тарихы
- Орта ғасыр тарихы
- Жаңа заман тарихы
- Қазіргі заман тарихы
- Мына тарихи Ұлы тұлғалардың құрған мемлекеттерін ретімен
орналастыр?
- Батый Ұлы моғолдар
- Мамун Алтын Орда
- Керей мен Жәнібек Мамлюктер
- Бабыр Қазақ хандығы
Дұрыс жауабы:
|
- Батый Алтын Орда
|
- Мамун Мамлюктер
|
- Керей мен Жәнібек Қазақ хандығы
|
- Бабыр Ұлы моғолдар
- Мемлекеттерді көлеміне қарап, кішісінен үлкеніне қарай орналастыр.
- Моңғолия
- Қытай
- Қазақстан
- Франция
Дұрыс жауабы:
- Франция
- Моңғолия
- Қазақстан
- Қытай
1 — о й ы н ш ы
- Жібек матаны алғаш өндірген қай халық?
А. Араб
Б. Парсы
С. Қытай
Д. Орыс
- Ерте тас ғасыры қалай аталады?
А. Неолит
Б. Палеолит
С. Мезолит
Д. Энеолит
- Ақсақ Темір қай мемлекеттің әміршісі болды?
А. Алтын Орда
Б. Ақ Орда
С. Қарахан
Д. Мауеренахр
- Ең кішкентай құрлық?
А. Солт. Америка
Б. Афика
С. Австралия
Д. Оңт. Америка
- ХV-ХVІІ ғ.ғ. қазақтар қандай жазуды қолданды?
А. Орыс
Б. Араб
С. Түрік
Д. Қытай
- 1773-1775ж.ж. шаруалар соғысын кім басқарды?
А. А.Иманов
Б. С.Датұлы
Д. Е. Пугачев
С. С.Разин
- Тәуке ханның заңдар жинағы?
А. Қысқа жол
Б. Жеті жарғы
Д. Шариғат
С. Ескі жол
- Сырым Датұлы бастаған көтеріліс неше жылға созылды?
А. 10 жылға
Б. 4 жылға
Д. 14 жылға
С. 8 жылға
- Сақ тайпасындағы билеушінің атағы?
А. Қаған
Б. Патша
Д. Гурхан
С. Хан
- Таңбаларды зерттейтін ғылым?
А. Антропонимика
Б. Нумизматика
Д. Топонимика
С. Геральдика
- Патша обаларының айырмашылығы неде?
А. Диаметірінде
Б. Тереңдігінде
Д. Биіктігінде
С. Ұзындығында
- Мұртты обалар қай аймақта кең тараған?
А. Оңтүстік Қаз.
Б. Батыс Қаз.
Д. Орталық Қаз.
С. Шығыс Қаз.
- 1710 жылы жоңғарларға қарсы күресу үшін үш жүз өкілдерінің бас қосқан жері?
А. Қарақорым
Б. Мыңбұлақ
Д. Ордабасы
С. Қарақұм
- Алтын Орданың негізін қалаған хан?
А. Мөңке
Б. Берке
Д. Шыңғыс
С. Батый
- 714 жылы Шашты басып алған араб қолбасшысы?
А. Масуди
Б. Кутеиба ибн муслим
Д. Фадлан
С. Хаукал
2 — о й ы н ш ы
- Қазақ хандығының негізін қалаған хандар?
А. Әбілхайыр мен Әбілмәмбет
Б. Керей мен Жәнібек
Д. Жәнібек пен Жолбарыс
С. Қасым мен Тұрсын
- 1949 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығына ұсынылған «Біржан-Сара» операсының
авторы белгілі сазгер?
А. А.Жұбанов
Б. Ә.Мәмбетов
Д. Қ. Жандарбеков
С. Қ.Байсейітов
- Тарихтағы жүзжылдық соғыс қай елдердің арасында болды?
А. Жапония-Қытай
Б. Франция-Англия
Д. Франция-Германия
С. АҚШ-Мексика
- Христофор Колумбтың Американы ашқан жылы?
А. 1392 ж.
Б. 1492 ж.
Д. 1771 ж.
С. 1453 ж.
- Бөкей Ордасында хандық билік сақталды?
А. 1845 жылға дейін
Б. 1824 жылға дейін
Д. 1840 жылға дейін
С. 1835 жылға дейін
- Андроновтықтар от құдайына арнап қандай малды құрбандыққа шалды?
А. Қой
Б. Ешкі
Д. Сиыр
С. Шошқа
- «Сталинге хат» пьессасының авторы?
А. А.Байтұрсынов
Б. Ш.Нұртаза
Д. Ә.Кекілбаев
С. Қ.Мырзалиев
- Қазақ жеріндегі тұңғыш сауда жәрмеңкесі Бөкей ордасында қай жылы ашылды?
А. 1820 жылы
Б. 1821 жылы
Д. 1835 жылы
С. 1832 жылы
- 1970 жылы туғанына 1100 жыл толған Шығыстың аса ұлы ойшыл-ғалымы?
А. Жүсіп Баласағұн
Б. Әбу насыр Әл-Фараби
Д. Мұхаммед Хайдар Дулати
С. Ахмет Иассауи
- Абайдың аса дарынды шәкірті кім болған?
А. М.Дулатұлы
Б. Ә.Бөкейханов
Д. Ш.Құдайбердіұлы
С. С.Торайғыров
- Қазақстандағы «Азиялық училище» ашылған жыл?
А. 1844 жыл
Б. 1841 жыл
Д. 1790 жыл
С. 1789 жыл
- Қазақ хандығының алғашқы құрылған кездегі территортясы?
А. Іле өзені
Б. Жайық өзені
Д. Шу мен Талас өзендері маңы
С. Сарыарқа
- 1867-1868 жылғы Қазақстандағы жүргізілген реформаның негізгі мақсаты?
А. Хандық билікті жою
Б. Өнеркәсіп орындарын салу
Д. Революциялық қайта құрулар
С. Қазақ өлкесінде басқару ісін өзгерту
- «Хұсрау мен Шырын» шығармасының авторы?
А. Кутб
Б. Хорезм
Д. Ж.Баласағұни
С. Әли ақын
- Отарлық ұлт адандарының «Сілкініп оянуына» негіз болған «Қанды жексенбі» болған
жыл?
А. 1900 жыл
Б. 1907 жыл
Д. 1902 жыл
С. 1905 жыл
3 — о й ы н ш ы
- Жәнібек пен Керей Өзбек хандығынан көшті?
А. Көк ордаға
Б. Мәуераннахрға
Д. Ноғай ордасына
С. Моғолстанға
- «Балқадиша»,«Маңмаңгер»,«Құлагер» әндерінің авторы?
А. Естай
Б. Ақан сері
Д. Жаяу мұса
С. Біржан сал
- ХVІІІ ғасырда Қазақ хандығына қауіп төндірген мемлекет?
А. Жоңғар
Б. Ауғанстан
Д. Ресей
С. Ирак
- Қазақстанның Ресейге қосылу процесі созылды?
А. 120 жылдай уақытқа
Б. 150 жылдай уақытқа
Д. 130 жылдай уақытқа
С. 100 жылдай уақытқа
- Дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өтті?
А. 1992 ж. Қыркүйек,қазан айларында
Б. 1996 ж. Қазан,қараша айларында
Д. 1991 ж. Қазан,қараша айларында
С. 1992 ж. Қазан,желтоқсн айларында
- 756 жылы Түркеш қағандығын құлатып,билікті өз қолына алған тайпа?
А. Қимақ
Б. Оғыз
Д. Қарлұқ
С. Қарахан
- Қазақтың ханын сайлауға барлық рудан қатысты?
А. Шаруалар
Б. Дінбасылар
Д. Ауыл басылары
С. Атақты,сыйлы шонжарлар
- Ұлы Жүзді басқаратын пристав тағайындалған жыл?
А. 1848 жылы
Б. 1849 жылы
Д. 1846 жылы
С. 1845 жылы
- Сақтарды «Әлемдегі ең әділ, ең шыншыл халық» деп есептегендер?
А. Ирандар
Б. Гректер
Д. Қытайлар
С. Парсылар
- 1919 жылдан Қазревкомның төрағасы болған?
А. А.Байтұрсынов
Б. С.Пестковский
Д. А.Майкөтов
С. Б.Қаратаев
- 1885 жылы Петербургте күміс медальға ие болған күйші?
А. Дәулеткерей
Б. Тәттімбет
Д. Сүгір
С. Құрманғазы
- ХХ ғасырдың басында халық мәдениетіндегі жан жақты дамыған сала?
А. Ауыз әдебиеті
Б. Музыкалық мәдениет
Д. Суретөнері
С. Баспа өнері
- Алашорда үкіметінің құрылған жылы?
А. 1917 жылы
Б. 1918 жылы
Д. 1921 жылы
С. 1920 жылы
- Таңбаларды зерттейтін ғылым?
А. Антропонимика
Б. Нумизматика
Д. Топонимика
С. Геральдика
- Қазақ жеріндегі тұңғыш сауда жәрмеңкесі Бөкей ордасында қай жылы ашылды?
А. 1820 жылы
Б. 1821 жылы
Д. 1835 жылы
С. 1832 жылы
Қорытынды:
Қас-қағым сәтте орындалатын тапсырмалар бойынша
І тур жеңімпазын анықтау.
ІІ турда күймейтін бірінші белестен өткен ойыншыны
және басқа жеңімпаздарды анықтай отырып, оларды
марапаттау. Ойынға қатысқан 9 ойыншыға ынталандыру
сыйлығын тапсыру. Ойынды жақсы әншінің
орындауындағы әнмен аяқтау.