IX ғасырдың екінші жартысы- XIII ғсырдың басындағы Қазақстан мәдениеті
Орта ғасыр тарихы. 7 сынып. Тақырыбы: «IX ғасырдың екінші жартысы- XIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті»
Мұғалім: Масалимова Нургиза Ешенгазиновна
Семей қаласы . М.М. «№19 жалпы орта білім беретін мектеп»
Сабақтың тақырыбы: IX ғасырдың екінші жартысы- XIII ғсырдың басындағы Қазақстан мәдениеті
Сабақтың мақсаты:
Білмдлік: Қазақстан территориясындағы қалалардың пайда болуы мен дамуы, қолөнердің өркендеуін, сауда қатынастарын, сәулет өнері мен құрылыстың дамуын, дін және ғылым- білімнің дамуын қорытындылау.
Дамытушылық: Логикалық ойлауды, дүниетанымын, тарихқа деген қызығушылығын, ойды жүйелеу қабілеттерін дамыту, роль орындау арқылы белгілі мақсатқа жеткізу, ғылыми еңбектерді, көркем шығармаларды түсініп оқуға, ізденіске дағдыландыру.
Тәрбиелік: Эстетикалық, адамгершілік, рухани тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Интерактивті қорытынды сабақ.
Сабақтың әдісі: Жобалау. Баяндау, сұрақ- жауап, рольдік ойындар, талдау, жартылай іздену.
Жұмысты ұйымдастыру түрлері: Ұжымдық, топтық, жекелей жұмыс түрлері.
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыптық слайдтар, қанатты сөздер жазылады, портреттер, карта, тірек кестелер, буклет «Ахмет Иасауй кесенесі», альбом «Отырар», сергіту сәтіне «Түркістан» әні, кітаптар т.б.
Дерек көзі:
- Оқулық «Орта ғасырдағы Қазақстан тарихы»
- «Қазақстан даласының жұлдыздары»
- Ахмет Иасауй хикметтері
- «Қазақстан тарихы» журналы
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушылармен амандасу, мақсаты мен жоспарын таныстыру.
- Топқа бөлу, ат беру.
I топ «Түркістан»
II топ «Отырар»
IIIтоп «Баласағұн»
- Тапсырмаларды орындау.
- Сұрақ бойынша тірек кесте сызу және оны талдау (әр топқа 5 мин)
1 сұрақ: Орта ғасыр қалалары санының өсуі, қала құрылысындағы өзгерістер.
2 сұрақ: Қолөнердің дамуы және оның салалары.
3 сұрақ: Дін және мәдениет.
- Жеке оқушыларға дидактикалық материал тарату (перфокарталар, тестілер)
- Сергіту сәті. Р.Рымбаеваның орындауындағы «Түркістан» әніне 2 мин сергіту жаттығуын жасау.
- Үйге берілген топтық- шығармашылық тапсырмалар, «Ғұламалар және олардың еңбектері» немесе олар жайлы презентация, рольдік ойын, өлен оқу.
I топ «Түркістан»:
- Қазақстан мен Орта Азиядағы сопылық поэзияның көрнекті өклі, дуалы ақын- данышпан, кемеңгер ақын Ахмет Иасауйдың өміріне тоқталып, «хикметтерінің» жазылуын, мазмұның қысқаша талдап үзінді оқиды.
- Ахмет Иасауй мен Арыстан баб арасындағы кездесуден үзінді рольдік ойын.
II топ «Отырар»:
- Әбу Насыр әл- Фарабидің ғылым салаларына қосқан жаңалықтары мен үлесіне тоқталып, еңбектерін атау.
- Халық аузында қалған «Өнерлі жігіт» аңыз- әнгімесінен үзінді.
III топ. «Баласағұн»: Жүсіп Баласағұнидың өміріне тоқталып, «Құтадғу білк» дастанын талдап, дастанның «Тіл», «Елші», «Әмірші» жайлы айтылатын тарауларынан үзінді келтіріп, тәрбиелік мәнін ашу.
- Сабақты бекіту: оқушылар Блумның «мен жүйесімен» қорытындылайды.
Блумның «мен жүйесімен»
мен |
Мен не істеуім керек? |
- Қорытындылау (әр топ өздері бағалайды)