XVIII-XIX ғасырлардағы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістер.
XVIII—XIX ғасырлардағы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістер.
Сабақтың тақырыбы: XVIII-XIX ғасырлардағы Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістер.
Сабақтың мақсаты: Көтерілістің негізгі алғышарттарын, себептерін, мақсатын, көтеріліс барысы мен жеңілу себептерін, тарихи маңызын анықтау.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білімін пайдалана алу біліктерін қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: Топпен жұмыс істеуге дағдыландыру, ұжымшылдыққа икемдеу.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, карта, суреттер, сызбалар, әдеби оқулықтар, ватман, стикер, маркер, т.б.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Топпен жұмыс. СТО технологиясының элементтерін қолдану (сұрақ-жауап, постер қорғау, мәтін мен жұмыс, кластер жасау, деректер мен жұмыс).
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа жұмыс істеуге дайындау, олардың назарын сабаққа аудару. Оқушыларды 3 топқа бөліп, оларға әр-түрлі тапсырмалар беріледі. Әр топ өздерінің топтарының атын қояды.
Сабақтың жоспары: І. «Өткел».
(Шарты: топтық сұрақтарға жауап беру).
ІІ. «Самғау».
(Шарты: көтерілістің алғы шарты, сипаты қозғаушы күші, мақсаты туралы) Постер қорғау.
ІІІ. «Тарихи тұлғалар сөйлейді».
(Шарты: тұлғалардың өмірі туралы айтып беру).
ІV. «Шарықтау кезеңі».
(Шарты: Шарты: ұлт-азаттық көтерілістің негізгі оқиғалар туралы) Кластер қорғау.
- Ситуациялық сұрақтар.
(Шарты: ауызша сұрақтарға жауап беру).
І. «Өткел».
(Шарты: топтық сұрақтарға жауап беру)
«Тарихшылар» тобы:
- Бөкей Ордасы Қазақстанның қай жерінде орналасқан?
- 1836-1838 жж Бөкей Ордасындағы көтерілістің негізгі қозғаушы күші қандай әлеуметтік топ болды?
- К.Қасымұлы туралы еңбегі үшін 25 жылғы сотталған тарихшы ғалым кім?
- «Абылай атам қоныс еткен жерлер үшін күресемін» деп ашық айтқан кім еді?
- Кенесары туылған жер?
- Бөкей Ордасының ханы?
- Исатай қаза болған шайқас?
- Ұлы жүзбен орта жүздің бір бөлігі Кенесары тұсында қай хандыққа қарады?
- Кенесарының көтерілісі қамтыған аймақ?
- С.Датұлы көтерілісіне қатысқан рулар?
«Тапқырлар тобы».
- Нұралыны хан тағынан айырған кезең?
- Нұралы қай жылы дүние салды?
- 1802 ж дүние салған қолбасшы, батыр?
- Сырым әрі батыр, ….
- 1836-1838 жж көтеріліске қатысқан рулар?
- Жәңгір ханның ордасы орналасқан жер?
- Сырымды қуғындаған сұлтан?
- Сырым қай хандыққа өтіп кетті?
- Кенесары көтерілісіне қанша би қатысты?
- Кенесары көтерілісінің қозғаушы күші?
«Зерттеушілер тобы».
- Қазақтың соңғы ханы?
- Кенесары қолдаған батырлар?
- Бөкей хандығы қай жылға дейін сақталды?
- Кіші жүздің иеленген жері қанша шақырымға созылды?
- Жәңгір хан қандай тілдерді меңгерген?
- Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліске қатысқан рулар?
- Жәңгір ханның қайын атасы?
- Әрі батыр, әрі ақын?
- Махамбетті ұстап беруге, басына тіккен сйыақы мөлшері?
- Кенесары хандығының ішкі құрылысы қандай болған?
ІІ. «Самғау».
(Шарты: көтерілістің алғы шарты, сипаты қозғаушы күші, мақсаты туралы) Постер қорғау.
ІІІ. «Тарихи тұлғалар сөйлейді».
(Шарты: тұлғалардың өмірі туралы айтып беру).
1.Сұлтан Кенесары 1802 ж Көкшетау дүниеге келген. Ол Қасым сұлтанның бел баласы, Абылай ханның туған немересі еді. Көтерілістің болашақ басшысы Кенесары бала кезінен-ақ ат құлағында ойнады, құралайды көзге атқан мерген болды. Қанжығасы қанды ғажайып аңшылығымен, қара қылды қақ жарған әділдігімен, ерік-жігері, қажымас қайратымен және жүрек жұтқан батылдығымен, қайтпас қайсар қаһармандығымен танылды. Оның бойында ұйымдастырушылық және әскери қолбасшылық таланты мол болатын. Л.Майер «Кенесарыға көзсіз ерлік тән еді» деп жазды. Кенесары сұлтан дәулетті: оның жеке иелігінде 6 мыңға дейін жылқысы мен 2 мыңдай ұсақ малы болған. Замандастырының сипаттауына қарағанда, ол ашаң жүзді, орта бойлы және жауырыны қақпақтай төртпақ тұлғалы болған. Аз сөйлеп, көп тыңдайтын, өзін-өзі аса байсалды ұстай білетін. Әңгімелескен адамының пікіріне әрқашан мұқият назар аударатын. Қонақжай қасиеті ерекше күшті еді. Әкесімен және ағаларымен бірге жүрген кездерінде олардан қолбасылық тәжірибесін едәуір үйреніп алған болатын.
- Халық көтерілісін елге белгілі беделді батырлар Исатай Тайманұлы (1791-1838) мен Махамбет Өтемісұлы (1804-1846) басқарды. Оның екеуі де беріш руының Жайық атасынан болатын. Исатай Тайманұлы 1791 жылы дүниеге келген. 1808 жылы Жайықтың сол жағалауында қатты ашаршылық болған кезде оның руы қолайлы жағдай іздеп, Ішкі Ордаға өтіп кетуге мәжбүр болған еді. Исатай 21 жасында өз руының Жайық атасына старшын болып тағайындалады. Ол өз қандастарының арасында орасан зор бедел мен сый-құрметке бөленді.
Исатай Тайманұлының ең жақын серігі ақын Махамбет Өтемісұлы болды. Ол татар және орыс тілдерін жақсы білетін. Біраз уақыт Орынбор қаласында тұрған.
Махамбеттің патша әкімшілігінің қолшоқпары хан, сұлтандар мен оның төңірегіндегілердің озбырлығын айыптайтын жалынды жырлары барлық қазаққа таныс.
«Өздеріңдей хандардың, Қарны жуан билердің Атандай даусын ақыртып, Лауазымын көкке шақыртып, Басын кессем деп едім, Еділдің бойы ен тоғай, Ел қондырсам деп едім, Жағалай жатқан сол елге Мал толтырсам деп едім!», — деп Махамбет халық-азаттық күрестің мақсаты туралы шабыттана жырлады. 3. Көтерілістің басшысы Сырым Датұлы 1742-1802 жылдар аралығында өмір сүрген. Зерттеулерге қарағанда Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданында дүниеге келген. Қазақ халқының өте тапқыр, көрнекті шешендерінің бірі. Сырым Датұлы Ресей патшасының, оның осы өңірдегі хандары мен сұлтандарының қарапайым халыққа көрсетіп отырған озбырлығына наразы болды. Орынбор генерал-губернаторына жазған бір хатында: «Сіздер түрлі әдіспен қолға түсірген ноғай, башқұрт халықтары секілді бізді де езбекші екендеріңіз белгілі». Сондықтан да мен патша үкіметімен, хан-сұлтандарға наразы шаруаларды төңірегіме топтастырдым. Салық бермесін, ханға сенбесін, сұлтандарға ермесін халық өзін-өзі қорғасын деген ұранмен патша үкіметіне қарсы шықтым.
ІV. «Шарықтау кезеңі». (Шарты: ұлт-азаттық көтерілістің негізгі оқиғалар туралы) Кластер қорғау.
- Ситуациялық сұрақтар. (Шарты: ауызша сұрақтарға жауап беру).
1.Ұлт-азаттық көтеріс дегеніміз не?
2.Соғыс деп нені айтамыз?
1.Кенесары туралы ақын-жазушылардың еңбектері туралы не білесің?
2.Ұлт азаттық көтерілістердің жеңілу себебі?
1.Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістерді ата?
2.Кенесарының атақты батырлары.
Бағалау. «Шыңға шығу». Жеңімпаз топтар марапатталады.
Үйге тапсырма: «Сырым, Махамбет пен Исатай, Кенесары батырлары» туралы реферат жазу.