Көшпелілер мәдениеті
Қазалы ауданы №91 Ғ. Мұратбаев атындағы мектеп
І-санатты тарих пәнінің мұғалімі: Жалимбетова Базар Қаршығақызы
10 сынып. Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §14. Көшпелілер мәдениеті
Сабақтың мақсаты:
- Көшпелі тайпалар-сақ, сармат, скифтердің материалдық және рухани мәдениеті, діни наным сенімдері туралы білімдерін тереңдету. Олардың көшпелі өркениетке қосқан үлесін көрсету.
- Тарихи санасы қалыптасқан , пәнге қызығушылығы жоғары білімді азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Сабақтың көрнекілігі:
- карта
- Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
Көрнекілік: карта, суреттер, сызба, кесте пайдалану.
Үй тапсырмасын сұрау:
- Көшпелі өркениет қай кезден басталады?
- Мал шаруашылығы дамуынының қандай кезеңдерін білесіңдер?
- Көшпелі мал шаруашылығының қандай түрлері бар? Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуына не себеп болды?
- Көшпелі өркениеттің болғандығын қандай археологиялық ескерткіштерден білуге болады?
Сабақтың жоспары:
- Материалдық мәдениет
- Рухани мәдениет
- Жартылай көшпелілердің діни наным-сенімдері
Материалдық мәдениет
- Обалар, күмбездер
- Тастан, шикі кірпіштер тұрғызылған үйлер
- Киім-кешектер
- Шеберлердің, әр түрлі материалдардан (алтын, күміс, қола, мыс, қыш, ағаш) жасаған бұйымдары
- Жазба деректер
Рухани мәдениетті құраушы салалар
- Әдеп –ғұрыптар
- Салт-дәстүр
- Зергерлік бұйымдар /аң стилі, бейнелеу өнері/
Дін
- Ислам діні
- Табыну
- Несториан діні
- Құрбандық
- Христиан діні
- Наным-сенім
- Будда діні
- Рух
Наным-сенімдер
- Ұмай анаға табыну
- Ата-баба аруағына табыну
- Күнге табыну
- Отқа табыну
- Жер-суға табыну
Қазақстанда тараған діндер
- Будда
- Несториан
- Ислам
- Христиан
- Зороастризм
- Манихей
Сабақты бекіту:
- Материалдық мәдениет деген не?
- Көшпелілердің материалдық мәдениетінің түрлерін атаңдар.
- Рухани мәдениеті дегеніміз қандай мәдениет?
- «Аң стилі» үлгісінде зергерлер нені көрсетуге тырысқан?
- Көшпелі тайпалардың қандай наным-сенімдерін білесіңдер?
- Әлемдік діндер көшпелілер арасына қалай ене бастады? Ислам діні көшпелілер арасына тез орныға бастауының себебі неде?
Бағалау:
Үйге тапсырма:§14.