Көшпелі бақташылық – шаруашылықтың негізгі түрі
Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
қазақ мектеп-гимназиясы
тарих пәнінің мұғалімі
Сералина Маржан Ерболқызы
Сабақ: 6 сынып
Пән: Ежелгі Қазақстан тарихы
Тақырып: Көшпелі бақташылық – шаруашылықтың негізгі түрі
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
- Білімдік – оқушыларға көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы мен пайда болу себебін, малшылардың ғасырлар бойы мал өсіру, баптау мәдениетін сақтай отырып, үзбей көшіп жүруін және баспаналары туралы ашып айтып, жаңа сабақты меңгерту.
- Дамытушылық – оқушыларды тарихты ғылыми тұрғыдан талдауға, оны саналылықпен түсіне білуге үйрету, олардың қабілетін жан-жақты дамыту.
- Тәрбиелік – оқушыларды еліне деген сүйіспеншілікке, мәдениеттікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Оқушылар өз беттерімен білім алуға дағдыланады. Жаңа білімді игереді. Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан мәдениеті туралы қажетті білім алып, оны өзіндік жұмыс кезінде іске асыра алады.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, ізденіс, өзара оқыту, сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Қазақстан Республикасының картасы, тақырыпқа байланысты суреттер, сызбалар, слайдтар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
А) Амандасу.
Ә) Түгендеу.
Б) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
В) Сыныптың сабаққа даярлығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Кім жүйрік?
- Тарихта ең ұзаққа созылған дәуір қалай аталады? (Тас дәуірі)
- Мыс рудасына қалайы қосу арқылы өндірілген металл. (Қола)
- Жеке меншік қалыптасқан кезең. (Қола дәуірі)
Темір дәуірі.
— Адам баласы темірді ойлап тауып, одан құрал жасаған кезеңді қалай атайды?
(Темір дәуірі)
— Ертедегі темір өндірудің қарапайым тәсілі. (Пеш-көрік)
— Темір дәуірі қай ғасырларды қамтыды? (Б.з.б. 8 ғасыр мен б.з-дың 6 ғасыр)
— Дала тұрғындары шаруашылықтың қандай жаңа тәсілін ойлап тапты?
(Көшпелі мал шаруашылығы)
— Көшпелілік дегеніміз….. (Тарихи тұрғыда қалыптасқан шаруашылық-мәдени,
әлеуметтік жүйе)
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Жоспары:
- Дәстүрлі мал шаруашылығындағы көші-қон.
- Көшпелілердің баспанасы.
Малшылар ғасырлар бойы дағдыланған мал өсіру, баптау мәдениетін сақтай отырып, жазда – жайлауға, қыста – қыстауға үзбей көшіп жүрген.
Көшпелі мал шаруашылығының бірнеше түрі болды. Батыс және Орталық Қазақстанда таза көшпелі тұрмыс қалыптасты. Шығыс Қазақстанда, Алтаймен Тянь-Шань тауларында, Жетісудың таулы аймақтарында жартылай көшпелі мал шаруашылығы дамыды. Қазақстанның оңтүстігінде Сырдария, Шу, келес өзендерінің аңғарында отырықшы шаруашылық дамыды.
Көшпелі сақтар бұдан екі жарым-үш мың жыл бұрын өмір сүргендігі белгілі. Көшпелі сақтарда үлкен арбаның үстіне тіккен (орнатқан) киіз жамылғылы баспанасы және жиналмалы шошақ үйлері болған. Б.з.д. I мыңжылдықтың соңында Қазақстан жерін жайлаған ғұндар мен үйсіндерде уықты, шаңырақты, киізбен жабылған үйдің болғандығы дәлелденіп отыр.
Киіз үй ағаш, киіз бөліктерінен және бау-шудан тұрады. Үйдің ағаш саймандары төрт бөліктен: кереге, уық, шаңырақ және есіктен тұрады.
Кереге — киіз үйдің дөңгелек қабырғасын құрайтын, бірнеше жиналмалы бөліктен тұратын зат. Әрбір жеке бөлігі қанат деп аталады.
Уық — шаңырақ пен керегенің арасына дәнекер болып тұратын иінді шыбық ағаштар.
Шаңырақ — киіз үйдің төбесі. Үйдің көлеміне қарай шаңырақтың диаметрі екі жарым метрден бес метрге дейін болады.
Сықырлауық — киіз үйдің ағаш есігі. Ашып-жапқанда одан шығатын дыбысқа қарай сықырлауық атанған. Бұл есік екі жармалы болады. Оны, әдетте, өрнектеп әшекейлеп жасайды.
Тапсырмалар.
1-тапсырма. Кім шапшаң? Математикалық есептер.
2-тапсырма. Ойланып көр:
Мал өсіруде көшпелілер үшін жануарлардың қандай қасиеттері маңызды болды, яғни олардың қандай артықшылықтарына қарап таңдау жасады?
3-тапсырма.
Жануарлардың қай түрі көшпелі, қай түрі отырықшы мал шаруашылығында көп өсіріледі?
Көшпелі мал шаруашылығы | Отырықшы мал шаруашылығы |
4-Тапсырма. Дәстүрлі (көшпелі) шаруашылық үшін маңыздылығы тұрғысынан мал түрлерінің орнын анықтап, логикалық тізбек құр.
1-жылқы 3-түйе
2-мүйізді ірі қара 4-қой
5-тапсырма. Анаграмманы шеше отырып, көшпелілердің негізгі баспанасын және оның бөліктерін ата.
К | И | І | З | Ү | Й | |
Қ | А | Ң | Қ | А | ||
К | Е | Р | Е | Г | Е | |
У | Ы | Қ | Т | А | Р | |
Ш | А | Ң | Ы | Р | А | Қ |
Й К З И Ү І
Қ А Ң А Қ
Е Р Е Г Е К
Р А Т Қ Ы У
А Ң Ы Қ Р Ш А
- IV. Бекіту.
- Сөз табыңдар.
Сөз әріптерден тұрады. Бірнеше әріптен бірнеше сөз құрауға болады. Мысалы, Тарих сөзімен АР, ХАТ, ТАР, ХИТ, ТИР сөздерін жасауға болады. КӨШПЕЛІ сөзінің құрамындағы әріптерден бірнеше сөз құрап көріңдер.
- Бүгінгі сабағымызға қатысты сөздерді тауып, қоржынға салу керек.
Қола, киіз үй, жайлау, қыстау, мезолит, шаңырақ, андрон, көшпелі мал шаруашылығы.
- Үй тапсырмасы: 13 тақырыпты оқу, мазмұндау. Кестені толтыру.
Қола дәуірі мен темір дәуірінің жаңалықтары
Қола дәуірі | Темір дәуірі |
VІ. Бағалау.