Көне түркі жазуы

Көне түркі жазуы

Сыныбы:  5

Сабақтың мақсаты: 

Білімдік: Оқушыларды көне түркі рухани мәдениеті, оның ішінде жазба өнерімен таныстыру. «Күлтегін», «Білге», «Тоныкөк» ескерткіштері жайлы білімдерін арттыру. Түркі тайпаларының ерлік күрестерін нақты мысалдар арқылы суреттеу.

Дамытушылық: Тарихи оқиғаларды салыстыра білу біліктерін одан әрі дамытуға септігін тигізу. Жеке, топтық жұмыс жасай отырып, оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Елжандылыққа, ұлттық қадір-қасиеттерді бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: интербелсенді тақтамен жұмыс, сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, ойтолғау.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд презентация, карта, бейнематериал, аудиоматериал.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі (1 минут)

А) Оқушылармен амандасу

В) Оқушыларды түгелдеу

С) Оқушыларды сабаққа бейімдеу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру (13 минут).

Үйге берілген «Ертедегі түріктер» тақырыбын тексеру үшін бірнеше тапсырмалар орындалады.

А) Сыныпты 2 топқа  бөлеміз (Жалын; Жастар)

Ә) Оқушылар кезеңдер бойынша жұмыс орындайды

І. Сиқырлы ұяшықтар.

    ІІ. Сандар сөйлейді.

    ІІІ. Жұлдызды сәт.

  1. Кім шапшаң?
  2. Ребус шешу

1 кезең. Сиқырлы ұяшықтар (әр топтың мүшелері кезекпен­‑кезек ұяшықтарды таңдап, сұрақтарға жауап береді).

   Жастар тобына қойылатын сұрақтар.

А) Түрік қағанатының территориясы?

Б) 553 жылы билік басына қай қаған келді?

В) Түріктер қай ғасырда пайда болды?

Г) “Он оқ будун” қандай мағына береді?

Д) Ежелгі түріктердің шығуы туралы қандай аңыз білесіңдер?

Жалын тобына қойылатын сұрақтар.

А) Түрік қағанаты қай жылдары өмір сүрді?

В) 546 жылы түріктердің алғашқы қағаны кім болды?

Б) Түріктер қандай шаруашылықпен айналысты?

Г) Қандай аңдарды аулады?

Д) Түрік қағанатының астанасы?

 

ІІ кезең. Сандар сөйлейді (әрбір сандағы оқиғаның мазмұнын ашу).

  1. 552 жыл – Түрік қағанатының құрылған уақыты.
  2. 603 жыл – Түрік қағанатының құлаған уақыты. Батыс Түрік қағанатының пайда болған уақыты.
  3. 552 жыл – Бумын қағанның Түрік қағанатын құрған уақыты.
  4. 553 жыл – Мұқан қағанның билікке келген уақыты.

 

ІІІ кезең. «Жұлдызды сәт» (кесте толтыру).

РетіСұрақЖауап
1Алғаш түрік атауы қандай деректерде кездеседі?
2Ескі сына жазуларында түріктер өздерін не деп жазды?
3Түркі мемлекетінің негізін қалаған кім?
4VI ғасырдың ортасына дейін түріктер кімдерге бағынды?
5Түрік қағанаты қай жылдары пайда болды?
6Бумын қай жылы қаған атағын алды?

 

 

 IV кезең. Кім шапшаң? (кесте толтыру).

Түріктердің діни сенімдері қандай болды?

 

 

 

Түріктер

сенді

 

 

 

 

 

 V кезең. Ребус шешу.

   

 

 

 

 

 

 ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру (17 минут).

Жаңа сабақ жоспары

 

  1. Ежелгі түркі жазуы туралы тарихи деректер.
    2. Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк жазбалары.
    3. Түркітанушы ғалымдар.

 

  1. Қызығушылықты арттыру 

 

— Оқушылар, бір сәт  аудиотаспаға  назар аударып, мұқият тыңдаңыздар.

(Аудиотаспадан «Күлтегін» жыры оқылады).

 

— Оқылған үзіндіні тыңдап отырғанда қандай ой түйдіңдер? Оқиға не жайлы екен?

(Оқушылар пікірі тыңдалады).

 

— Міне, оқушылар, өздерің айтып кеткендей  бабаларымыз ұрпаққа аманат етіп қалдырған жазбалар жайында біз әңгіме қозғамақпыз. Дәптерімізді ашып, күн реті мен тақырыпты жазыңыздар. Мен әр топқа мәтін таратамын,  7 минут  уақыт  ішінде сіздер мұқият оқып, ойларыңды жинақтаңдар.

 

1- топқа: 

Ертедегі түріктер VI ғасырда өзіне тән алфавиттік жүйесі мен жазу емлесі бар руна жазуын дүниеге әкелді. Алғаш түрік жазуы туралы деректер Византия тарихшысы Менандр Протектордың жазбаларында айтылады. Ежелгі түркі жазуының көне ескерткішінің бірі- Күлтегін жазба ескерткіші.  Моңғолиядағы  Қарабаласаған қаласының қираған орнынан солтүстікке қарай 40 км жерге, Орхон өзені бойындағы Эрдени Цзу монастырының (8 ғасыр) жанына орнатылған. Ескерткіштің биіктігі -3,15 метр., ені-1,34 метр, қалыңдығы 0,41 метр. Тас бағана бес бұрышты қалқан тәрізді, қырларында айдаһардың суреттері мен қаған таңбалары бейнеленген. Күлтегін ескерткіші туралы алғашқы мәліметтер 19 ғасырдағы батыс зерттеушілерінің еңбектерінде жариялана бастады. Екі құлпытастағы құпия жазуларды түркітанушылар көпке дейін оқи алмай келді. 1893 жылы 25 қарашада Дания Ғылым Академиясының мәжілісінде В.Томсон Орхон жазба жәдігерлерін оқудың кілтін тапқандығын әрі оның көне түркі тілінде жазылғандығын, алдымен оқыған сөздері «тәңірі» және «түрік» деген сөздер екенін жариялады. Содан кейін академигі В.В.Радлов мәтінді тәржімалады. Осы зерттеулерден кейін құлпытастарға қашалған жазулар Күлтегін батырдың ерлік істері туралы қаhармандық дастан екендігі белгілі болды.

 

2- топқа: 

«Тоныкөк» тас жазуында: «Мен, Білге Тоныкөк, табғаш (қытай) елінде тәрбиеленіп өстім. Түркі халқы ол кезде табғаштарға бағынышты еді» деп жазылған. Қытай сарайында жүріп, олардың өз еліне жасап жатқан қорлық, зорлығының бәрін көріп-біліп өскен Тоныкөк ақыры шыдай алмай, 683 жылы шыли иуән тайпасының басшысы Құтылықпен бірігіп, табғаштарға қарсы көтеріліске шығып, жеңіске жетеді. Түрік жұртының азаттыққа қол жеткізіп, жеке дербес ел болып отыруына айтулы еңбек сіңірген дала кемеңгері Білге Тоныкөк өзінің бағасын, тарихтағы орнын өзі қашатып, жаздырып кетті. «Тәңірі жарылқады! Бүкіл түркі жұртына қарулы жау келтірмедім, атты әскер жолатпадым. Ел төресі жауламаса, оған еріп мен жауламасам, елім, халқым жойылар еді. Оның шабуылының нәтижесінде, менің шабуылымның нәтижесінде еліміз қайта ел болды, халқымыз қайта халық болды. Өзім қартайдым, ұлық болдым. Түркі Білге қағанның еліне арнап тасқа жаздырған мен Білге Тоныкөкпін» дейді дана қарт.

 

3-топқа:

Білге Қаған Ескерткіші — Орхон түркі жазба ескерткіштерінің ішіндегі көлемі мен мазмұны жағынан ең үлкені әрі аса ірі “мәңгі тас” қатарына жататын ескерткіш . Күлтегін ескерткішінен 0,5 км жерде орнатылған. Білге Қаған ескерткіші мен Күлтегін ескерткішін орыс ғалымы  Н.М. Ядринцев тауып (1889 ж), оны белгілі түркітанушы В.В. Радлов пен  Дания ғалымы В.Томсен анықтаған әріптік жүйемен оқыды (1894). Білге Қаған Ескерткішін А. Аманжолов, Ғ. Айдаров, т.б. ғалымдар әр қырынан қарастырып, зерттеген. Ескерткіште  Бумын, Естемі, Білге Құтылық қағандары мен баһадүр, ақылгөй ерлерінің “ел-жер-тірлік” тұтастығын сақтау, қорғау, болашақ ұрпаққа жеткізу жолындағы ерліктері, мемлекеттегі . ұлы істің бірегей мақсат-мүддесі шебер тілмен, тұжырымды да тиянақты түрде жазылып, тарихи оқиғалар уақыт желісімен баяндалып бәдізделген. Ескерткіште “елді халық едім, елім енді қайда! Қағаны бар ел едім, қағаным енді қайда, қай қағанға іс-күшімізді жұмсар екенбіз!” деген астарлы тілмен ел тағдырын жырлайды. 80 жол, 3000-нан астам сөз, 10 мыңдай таңба-әріп бар. Ескерткіштің тілі “таза” сақталған, кірме сөздер өте аз дерлік. Сол себептен түркі этностарының тілдік табиғатын, тарихи, әдеби, этнографиялық, т.б. сыр-қырын анықтай зерттеу үшін қайталанбас дара мұра

 

4-топқа:

Көне түркі жазу ескерткіштерін  Енисей аңғарынан Д.Миссершмидт пен Ф.Страленберг сияқты ғалымдар тапқан. Түркітану ғылымында жазудың табылған жеріне байланысты «Орхон-Енисей жазба ескерткіштері» деп атайды. Бұл жазуларды скандинавиялық руна жазуына ұқсас болғандықтан «Руна жазуы» деп атаған. Күлтегін батыр жайындағы дастанның авторы өз дәуірінің аса дарынды ақыны, көрнекті қоғам қайраткері Иоллығ тегін (8 ғасыр). Ол- Білге қағанның ұлы. «Күлтегін» жыры – елдің ішкі бірлігін жыр еткен, идеялық мазмұны терең, көркемдік дәрежесі биік поэзиялық туынды. 2001 жылы 18 мамырда Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетіне Күлтегін жазба ескерткішінің көшірмесі қойылды.

Көне түркі жазуы XI-XII ғасырдан кейін қолданылмайды.Себебі түркі жазуын араб емлесі ығыстырып шығарды.

 

(Уақыт берілді, оқушылар өздерінің жазған ойларын оқиды).

 

  — Уақыт өтті, оқушылар. Менің сіздер оқыған мәтінге қосар мәліметтерім бар, тақтаға назар аударыңыздар (тақтада видеоматериал көрсетіледі, мұғалім қосымша түсіндіріп тұрады, 7 минут).

 

 

Есіңде сақта! (слайдта көрсетіліп, түсіндіріледі, 3 минут).

 

  • Білге қаған- Шығыс Түрік қағандығының қағаны, Күлтегіннің туысы. Ол билеген кезде қағандықтың іргесі берік, күшті мемлекетке айналды.

 

  • Күлтегін- Қапаған және Білге қағандар дәуіріндегі түркілер мемлекетінің көрнекті әскери қолбасшы. Құтылық қағанның ұлы, мемлекетті нығайту үшін көптеген жорықтарға шығып, қабілетті қолбасшы атанған.

 

  • Тоныкөк- Түрік қағанатының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. VIII ғасырда өмір сүрген. Елтеріс, Қапаған, Білге қағандарға кеңесші болған. Ол-түркі халқының жауынгерлік даңқын әлемге танытқан аса ірі қолбасшы. Ең жоғарғы әскери дәреже-Апа Тар Хан (түркі әскерінің саяси жетекшісі) мәртебесіне ие болған. «Тоныкөк» жырының авторы

 

 

   ІҮ .Жаңа сабақты бекіту: (10 минут)

  1. Сұрақ-жауап арқылы: 

1-топқа:

1) «Күлтегін» жаба ескерткішінің ерекшелігі қандай?

2) Жазуды алғаш кімдер оқып, тәржімалады?

 

2-топқа:

1) «Тоныкөк» тас жазуында не жазылды?

2) 683 жылы түркі елінде қандай оқиға болды?

 

3-топқа:

1) Білге қаған ескерткішінің ерекшелігі неде?

2) Ескерткішті кімдер зерттеген?

 

4-топқа:

1) «Орхон-Енисей», «Руна» жазулары деп неге аталды?

2) 2001 жылы 18 мамырда Астана қаласында қандай маңызды оқиға болды?

 

  1. Оқулықтағы тапсырманы орындайық. 

 

Тарихи шежірелер деген сөзді түсіндіріп бер.Ауызша деректердің бір түрі- тарихи аңыздар мен         шежіре екенін сіздер білесіздер. Тарихи шежіреде рулар мен тайпалардың, елдердің шығу тегі туралы мәліметтер айтылады.

  1-топқа тапсырма: 

— 5-сыныпта сіздер «Асыл мұра» бағдарламасының «Шежіре» бағыты бойынша ізденіп, тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырасыздар. «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» деген қазақ баласына отбасында ата-анасы тегін санасына сіңіреді. Жеті ата жайлы сіздер не білесіздер?

2-топқа:

— «Туған жер-алтын бесік». Туған қаламыз Аршалы жайлы не білесіздер?

3-топқа:

— Ерлік пен елдіктің дастанына айналған еліміздің тәуелсіздік шежіресі жайлы не білесіздер?

4-топқа:

— 2012 жылдың 1-желтоқсаны- Қазақстан Республикасының Бірінші Президент күніне арналған «Президенттілік-мемлекет болғанның белгісі» атты Президент сағатын өткізу жоспары бойынша сіздердің сыныптарыңыз «От жалын кезеңі» тақырыбында Елбасының қызметі, атағы, марапаты жайында интербелсенді сабаққа дайындық үстіндесіздер. Ұлт Көшбасшысы жайында не айтасыздар?

 

  1. Оқушылардың өзін-өзі бағалауы (топ басшыларына сөз беріледі, 2 минут).

VІ. Үй тапсырмасы: Көне түркі жазуы оқу, мазмұнын айту. Жазу тарихы,     әліпбидің дүниеге келгені жайлы әңгіме құрастырыңдар (2 минут).