ХҮІІІ ғасыр. Ресей
Тақырыбы: ХҮІІІ ғасыр. Ресей
Мақсаты: ХҮІІІ Ресейдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы ауыл шаруашылығы өнімдерінің дамуы болғандығын атап көрсету. Сондай-ақ Ресейдің даму жөнінен алдыңғы қатарлы Еуропа елдерінен артта қалу себептерін ашып беру.
І Петр тұсындағы мемлекеттің өнеркәсібінде маңызды өзгерістер болғандығы және Солтүстік соғыстың салдары шаруаларға ауыр міндеткерлік тудырғаны жайлы баяндау. І Петр енгізген әлеуметтік-экономикалық өзгертулер мен реформалардың мәнін түсіндіру. ІІ Екатерина билік құрған уақыттағы І Петр реформасының жалғастырылғаны туралы және Ресейдің ұлы державаға айналғандығы туралы түсінік беру.
Көрнекілігі: ХҮІІ – ХҮІІІ ғ.ғ. Ресей картасы; кесте, сызба, І Петр, ІІ Екатерина картиналары; хронологиялық кесте.
І Ұйымдастыру бөлімі
- Сәлематсыздарма, оқушылар, отырыңыздар.
Жаңа сабағымызды бастамас бұрын өткен сабағымызды қайталаймыз. Бүгінгі сабағымыз НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН? ойын түрінде өткізіледі.
Ойынымызға келіп отырған 2 топ өздерін таныстырады.
- Ойын шартымен таныстырып өтейін.
Алдарыңыздағы сұрақтарды бір- бірмеп алып жауап беріңіздер. Қай топ бастауын анықтау үшін топтарға сұрақ беремін. Дұрыс жауапқа 1 ақылдан беріп отырамын.
Сұрақ: ХҮІІІ ғ. Ресейде мануфактура неше түрге бөлінді?
(3-ге қазыналық, көпестік, помещиктік)
ІІ НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН? ойыны
1 Патшаның жеке мұралық туралы жарлығы қай кезде қабылданды және онда не туралы айтылған?
(1714ж Қ.Жер дворяндар меншігіне беріліп жермен бірге шаруалар да помещиктің жеке меншігіне айналды)
2 ХҮІІІ ғ. Ресейде алым салықтың қандай түрі алынды? (жер өңдеуге қолайсыз, қара топырақты емес аудандарда феодалдар шаруалардан ақшалай алым жинаса, ал Оңтүстіктегі құнарлы жерлерде айдалатын жер көлемі кеңейтілді және баршина алынды).
3 Кәсіптік алым дегеніміз не?
(балық аулау, монша, диірмен)
4 Солтүстік соғыстың негізгі шайқас болған жерлерін картадан көрсет
- 1700ж 19 қараша Нарва түб
- 1702ж басы Эстфер қыстағы маңы
- 1702ж маусым Гуммельсгоф түбінде
- 1709ж 27 маусым Полтава шайқасы
- Қара жәшік сұрағы: Мына жәшіктің ішінде жасырылған заттың авторы мектеп мұғалімі. Бұл кім? (Н.Хабиқызы)
- Ресейдегі алғашқы басылымдарды ата (Ведомости 1703ж)
- І Петр қашан Ұлы Император атағын алды? (1721ж 20 қазан)
- Петербургтегі алғашқы орыс мұражайын ата? Ұйымдастырушы кім? (Кунсткамера, І Петр) Л.Тажмұқанқызы
- Санкт – Петербург қаласының іргетасы қашан қаланды? (1703ж)
- ХҮІІІ ғ. Ресейдің экономикалық жағынан Батыс елдерден артта қалу себебі неде? (Мемлекет Батыс елдерінен техникасы мен экономикасы жағынан анағұрлым артта қалды. Ресейде әлі де феодалдық қатынастардың сарқыншақтары сақталды, капиталистік өндірістің элементтері енді ғана ене бастады.)
- Ресей Швецияға қашан соғыс жариялады және соғыс мақсаты қандай болды?(1700ж 9 тамыз Балтық теңізіне шығу)
- І Петр реформаларын ата? (Әскери реф. Салық реф. Басқару және өкімет орындары реф. Шіркеу реф. Мәдениет тұрмыс саласындағы реф.) Ермекова Л.Ж.
Топтың жеңімпазын анықтау.
ІІІ Енді біздер жаңа сабақ қаласының жағалауына келіп жеттік. Жаңа сабақ қаласына ену үшін жолдама алуымыз керек. Желкендегі сұрақтарға жауап берсек жаңа сабақ қаласына жолдама аламыз. Енді сұрақтарға жауап берейік.
- І Петрдің туған күні – 30 мамыр 1672 жыл
- Солтүстік соғыс – 1700-1721ж
- Полтава шайқасы – 1709ж
- Сенаттың құрылуы -1711ж
- Қайтыс болған күні – 28 қаңтар 1725 жыл
Жаңа сабақтың тақырыбы: ХҮІІІғ. Ресей ІІ бөлім
Сарайлар төңкерісі дәуірі. ХҮІІІ ғ 1-ші жартысындағы реформалар реселік жаңғыртудың бастапқы негізін қалай отырып елдің экономикалық дамуына елеулі ықпал етті. Ауыл шаруашылғы бұрынғысынша 1725-1762 жылдардағы Ресей экономикасының жетекші саласы болып қала береді. ХҮІІІ ғ-ң ортасындағы Ресейдің саяси дамуы дворяндық топтардың сарай төңкерісіне әкелген билік үшін шиеленісті күрестермен сипатталады. І Петр қайтыс болғаннан кейін, І Екатерина таққа отырған 1725 жылдан бастап 1762 жылға дейін 37 жылда Ресей тағынан алты император ауысты. І Екатерина (1725-1727); ІІ Петр (1727-1730); Анна Иоанновна (1730-1740); ІХ Иван Антонович (1740-1741); Елизавета Петровна (1741-1761); ІІІ Петр (1761-1762). Сонымен бірге орыс тағына әйелдер мен жас балалар да келе бастады. «Әлсіз тұлғалардың» билікке тікелей төңкерістер нәтижесінде келген ескерерлік жай. 1725-1761 жылдар аралығындағы Ресей тарихын В.О.Ключевский «Сарайлар төңкерісі дәуірі» деп атаған. Онда гвардия шешуші орынды иемденді. І Петр патшалығының соңында әдеттегідей тек дворяндар, оның ішінде тегі ақсүйектер ғана гвардия содаттары болды. Гвардияның елеулі саяси ықпалы болды және олар орталық және жергілікті билік органдарының әрекеттерін бақылауға тартылды. 1761ж 25 желтоқсанда Елизавета Петровна қайтыс болған күні 33 жасар Петр Федорович ІІІ Петр деген атпен Ресей тағына отырды.
Император ІІІ Петр Федоровичтің алғашқы қадамдарының бірі-Пруссиямен соғысты тоқтату, өзі бас иіп табынатын ІІ Фридрихпен тек бейбіт келісім ғана емес, әскери одақ жасауы болды. Орыс солдаттарының қан төгіп жаулап алғанбарлық әскерлері Пруссияға қайтарылып берілді. Сонымен бірге петрдің дінбасыларын менсінбеуі, намысқа тиетін Синоду жарлығы шіркеу қызметкерлерінің ғана емес, бұқара халықтың да наразылығын туғызды. ІІІ Петрдің иесі неміс атаулыға іш тартуы, орыс әскерінің беделін түсіріп, оларға пруссиялық мундир кигізіп, пруссиялық әскери тәртіп оқыту, осының бәрі жоғарғы қоғамды мемлекеттік төңкеріс ұйымдастыруға әзірледі.1762ж 28 маусымдағы қаскүнемдік әрекетте гвардия белсенді рөл атқарды.ІІІ Петр тақтан құлатылды. Мемлекеттік төңкеріс І Петрдің әйелі Екатерина Алексеевнаның бас пайдасына шешілді. 1762ж 28 маусымдағы оқиға «Сарайлар төңкерісі дәуірін» аяқтады.
ІҮ Сабақты бекіту.
Тест сұрақтары беріледі.
Ү Сабақты қорыту
Венн диаграммасы
|
|
|
|
|
ҮІ Үйге тапсырма §5
ҮІІ Оқушыларды бағалау