Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығы
Алматы облысы Кербұлақ ауданы
Архарлы орта мектебі Мемлекеттік мекемесі
Жекебаева Жанат Коптлеуовна
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, тарих пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ мемлекетінің Хақназар хан тұсындағы саяси, әлеуметтік жағдайы, мемлекеттің қалыптасу кезеңдері туралы баяндай келіп, оқушылардың өз халқының тарихын толық меңгеруіне ықпал ету.
Тәрбиелік: Туған халқына, Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, сабақты меңгеру барысында І.Есенберлиннің «Көшпенділер» тарихи трилогиясын пайдалана отырып оқушының ойына қозғау салу, ұлтымыздың алғашқы мемлекеттік дәрежеге жетуі туралы тарихи көзқарас қалыптастыру.
Сабақ типі: Жаңа білімділер мен икемділіктерді қалыптастыру сабағы.
Сабақ әдістері: Ауызша баяндау
Сабақтың көрнекілігі: Карта, кестелер, тірек сызбалар бүктеме, үлестірме карталар, тест
Сабақтың жоспары:
1-Кіріспе
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топтың ішіндегі үлгерімі жақсы оқушы т оп басшысы болады. Оның міндеті-тобындағы оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау, жұмыстарын, жауаптарын белгілеп отыру.
ІІ. Тірек сызба арқылы жаңа сабақты түсіндіру
А) Хақназар ханның шығу тегіне сипаттама
Ә) Хақназар ханның ішкі саясаты
Б) Хақназар ханның сыртқы саясаты
В) Қазақ-өзбек хандарының қарым-қатынасы
Сонымен, Хақназар хан кезінде Қазақ хандығы көп жетістікке жетті. Хақназар хан кезінде үш жүз жылға әңгіме болып келген жай бүкіл қазақ жерін Үш жүзге бөлу аяқталды.
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау
А. Карточкамен жұмыс
1-карточка Қасым ханның шежіресін сызып көрсет?
2-карточка Қасым ханға сипаттама бер?
3-карточка Қазақ хандығындағы Қасым ханның алатын орны?
4-карточка Қасым ханның «Қасқа жолы» заңы?
5-карточка Қасым хан кезіндегі Қазақ хандығының шекарасы?
Танымдық сұрақтар
1-топ
- Шыңғыс ханның балаларына бөліп берілген жерлері қалай аталады?
- Алтын Орда кімнің ұлысында құрылды?
- Басқақтар дегеніміз кімдер?
- Жүз дегеніміз не?
- Ақсақ Темірдің өзін хан демей деп атау себебі неде?
2-топ
- Алтын Орданың негізін салушы?
- Алтын Орданың ыдырауына байланысты қандай мемлекеттер құрылды?
- Інжу дегеніміз не?
- Қазақ хандығы туралы деректер қай тарихшының еңбегінде кездеседі?
- Қазақ хандығының алғашқы кездегі астаналары?
3-топ
- Шыңғысханның заңдар жинағы қалай аталады?
- Ақ Орданың негізін салушы?
- Құшыр дегеніміз не?
- Хан сұлтандардың балаларын тәрбиелеуші?
- Моғолстан мемлекетінің астанасы?
Танымдық тапсырма
І, ІІ, ІІІ топтарға әр бір қазақ хандықтарын бөліп беру, сол арқылы тақырыптық кестені толтыру.
І-Керей мен Жәнібек кезіндегі қазақ хандығы
ІІ-Қасым хан кезіндегі қазақ хандығы
Тарихи шеңбері | |
Жер-аймағы | |
Орталығы | |
Саяси тарихы |
ІІІ-Хақназар хан тұсындағы қазақ хандығы
Тест
1.Қазақ хандығының іргесін қалаған кім?
а) Қасым; б) Орыс;
ә) Әбілқайыр; в)Жәнібек пен Керей
2.Қашан Жәнібек пен Керей Қазақ хандығын құрды?
а) 1463-1467; б) 1465-1466;
ә) 1466-1468; в)1465-1467
3.Қазақ мемлекетінің құрылуына қандай екі мемлекет әсер етті?
а) Түркістан мен Мәуереннахр;
ә) Әбілқайыр мен Моғолстан;
б) Түркістан мен Жетісу;
в) Ақ Орда мен Ноғай Ордасы
4.Жәнібек пен Керей қай хандықтан көшіп шықты?
а) Әбілқайыр; б) Ақ Орда;
ә) Моғолстан; в)Ноғай Орда
- Тақыр ханның билік құрған жылдары?
а) 1502-1520; б) 1523-1533;
ә) 1516-1520; в)1512-1525
- XIV-XV ғғ. Қазақстан аумағында ең ұзақ мерзім хандық құрған билеуші?
а) Әмір Темір; б) Едіге;
ә) Әбілқайыр; в)Өзбек хан
7.Хақназар қай жылдары билік құрды?
а) 1523-1533; б) 1535-1538;
ә) 1538-1580; в)1580-1582
8.Қай хан тұсында қазақтардың саны 1 млн-ға жетті?
а) Қасым; б) Тәуке;
ә) Есім; в)Жәнібек
9.Қазақ хандығының алғашқы кездегі орталығы?
а) Сарайшық; б)Баласағұн;
ә) Сығанақ; в) Испиджап
- Қашан шайбанилер Қасым ханның ұлысына шабуыл жасады?
а) 1516; б)1511;
ә)1529; в)1510.
Қорытынды:
Рейтинг жүйесі бойынша жинаған ұпайларын есептеп, оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: Хақназар туралы оқып келу. Реферат жазып келу. І.Есенберлиннің «Көшпенділер» тарихи трилогиясын пайдалана отырып, Хақназар ханға сипаттама беру. Қазақ тарихындағы Хақназар рөлін ашу.