Көшпелілер мәдениеті
Сабақтың тақырыбы: Көшпелілер мәдениеті
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға қазақ даласын мекендеген тайпалардың
мәдениеті туралы түсінік беру.
2.Тақырып бойынша өз пікірлерін еркін айтуға
үйрету арқылы тіл байлығын дамыту.
3.Өз халқының мәдениетін білуге, сақтауға тәрбиелеу.
Эпиграф: Айтсаң -ұмытып қаламын,
Көрсетсең -есте сақтаймын .
Өзімді істетсең –түсінемін.
(Шығыс даналығынан)
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Оқыту әдісі: Өзіндік жұмыс,баяндау,сұрақ-жауап
Сабақ көрнекіліктері: Компьютер,слайдтар,карта,тірек сызба
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңдері | Мұғалімның жұмысы | Оқушының жұмысы |
1.Ұйымдастыру кезеңі | А) Сәлемдесу Б) келмеген оқушыны белгілеу В) оқушыларды сабаққа дайындау. | Кезекші оқушы жауап береді. «Мен Қазақстан тарихынан не білемін?» оқушылар бір-біріне сұрақ береді. |
2.Жаңа сабақтың мақсатын қою | Бүгінгі сабақта біз қазақ жерін мекендеген көшпелі тайпалардың материалдық және рухани мәдениеті наным-сенімдері туралы айтып өтеміз. | Дәптерге число және жаңа тақырыпты жазады. |
3. Жаңа тақырып | Бұл тақырып бойынша топпен жұмыс істейміз,екі топқа бөлінеміз. 1топ материалдық мәдениет туралы, 2топ рухани мәдениет туралы айтады. Мәтінді оқып өз ара бөлімдерге бөліп дайындалады. Түсініксіз сөздердің астына сызып, бір-бірінен сұрап, түсіндіріп көреді,түсініксіз жерін мұғалімнен сұрайды. Тақырыпты қосымша толықтырып айтып тұрады. | Топпен оқушылар дайындалып түсініксіз термин сөздерді сөздікке жазады және бөлінген тақырып бойынша қысқаша сөйлейді, түсінбеген сөздерді және сұрақтарды бір-біріне қояды. 1топ түсіндіріп жатқанда 2топ түсініксіз жерлерден сұрақ дайындап қояды. Тақырыптағы хронологияны қосымша дәптерге жазады. |
4.Жаңа тақырыпты қорыту | Жаңа тақырыпты слайд, суреттер арқылы түсіндіреді және қорытындылайды. | Хронология, жаңа сөздермен жұмыс істейді. |
5. а)бекіту
Б)бағалау
| А) Әрбір топқа 10 сұрақ беріледі, тақтада көрсетіледі 1қате болса «5», 2-3қате болса «4», 4-5қате болса «3», Одан жоғары болса «2». Б) Тақтаға дұрыс жауап беріледі; В) Тест бағаланады. С)Инцерт карта. «Білемін,білдім,білгім келеді»
Қорытынды баға қойылады | Оқушылар дәптерге тесттің дұрыс жауабын белгілеп, бір-бірімен ауыстырып тексереді.
Дұрыс жауапты белгілейді.
Жаңа тақырып бойынша айтады. Күнделікке қойылады. |
6. Үйге тапсырма | Тақырыпты оқу, кроссворд түзу, тест түзу. | Күнделікке жаздыру. |