1837 – 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себептерімен тарихи маңызы
Сабақтың тақырыбы: 1837 – 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себептерімен тарихи маңызы
Сабақ мақсаты: .
— Көтерілістің сәтсіздікке ұшырау себептері мен маңызын ашып көрсету.
— Өздігінен жұмыс істеу және салыстырмалы талдау дағдыларын дамыту.
— XVIII — XIX ғғ. ұлт — азаттық қозғалыстарды оқытуда, қосымша әдебиет — терді ,тарихи шығармаларды пайдалана отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: топтық сайыс
Сабақтың әдісі: ізденіс, пікірталас, сұрақ — жауап, әңгімелесу, мәтінмен жұмыс, топтармен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі:
1. Кенесарының суреті.
2. 1836 — 1837 жж. К. Қасымұлы бастаған көтеріліс карта.
3.интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Күй «Махамбет
Кіріспе:
Оқушылар, сіздер Махамбет Өтемісұлының «Махамбет» күйін тыңдадыңыздар. Тәуелсіздік жолында күрескен батырлар Кенесары, Махамбет, Исатай батырлардың ерліктері ешқашан ұмытылмайды, жаужүрек батыр, жерім, жұртым деп, зар еңіреп, боздап өткен боздақ — К. Қасымұлы.
К. Қасымұлы жайлы оның өмірін, батырлығын біз болашақ ұрпаққа дарытуымыз керек.
Оқушылар тақырыпқа шолу жасайды/топқа бөлінеді: Ақмола, Сырым,Жанқожа ,Кенесары
1-Тапсырма
4 топқа бөлініп берілген тапсырмаларға жауап береді.
1. Ақмола: тақырыптың мән — жайын түсіндіреді.
2. Сырым: Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің бүкіл Қазақстанды қамтығандығы туралы мағлұмат береді.
- Жанқожа: Патша үкіметінің жазалау әрекеттері туралы айтып өтеді.
- Кенесары.Көтерілістің шешуші кезеңі және жеңілуі туралы айтып өтеді.
2-тапсырма. Үй тапсырмасын бекіту үшін тест сұрақтары беріледі.
1 1845жылы Кенесары Сарыарқадан қайда бет алды
А.ұлы жұзге
В кіші жұзге
С орта жүзге
Д орта Азияға
Е Қытайға
2»1847жылы қай жердегі щайқаста кенесары 44сұлтанмен қаза тапты
А Аңырақай
В Ордабасы
С .Ақбұлақ
Д жасқұс
Е майтөбе
3.Кенесары хандық билікті нешінші жылы қолға алды
А 1841
В1846
С 1850
Д 1851
Е 1856
4.Кенесары әскерінің саны
А 10мың
В 20мың
С 30мың
Д 40мың
Е 50мың
5 Кенесары көтерілісі қай аймақты қамтыды
А Солтүстік Қазақстанды
В Бүкіл Қазақстанды
С орталық пен Оңтүстік Қазақстанды
Д Шығыс Қазақстанды
Е Орталық Қазақстанды
6 Кенесары саяси көзқарасына кім әсер етті
А Әкесі Қасым
В Төрелер
С қожалар
Д Орыс патшалығы
Е Әпкесі Бопай
7 Кенесары ауылынан келген елшілер
А Долгов. Жаманшин
В Долгов. Герн
С Герен. Петров
Д Жаманшин. Герн
Е Спатай .Сұраншыұлы
Жауаптары: 1.А, 2 Е, 3А ,4В,5 В,6 А, 7.В
Жаңа сабақ: Көтерілістің жеңілу себептері мен тарихи маңызы.
Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себептері мен салдары. Көтерілістің тарихи маңызы
Таныс емес таулы шатқал арасында қазақтар абайсызда қоршауда қалып қойған болатын. Соңғы шайқас қарсаңында өткізілген әскери кеңесте Кенесары ханның серіктері қоршауды бұзып өтіп, ханның аман құтылуы туралы ұсыныс жасады. Бірақ хан ол ұсыныстан біржолата бас тартты. Кенесары хан өз батырларын қоршауда қалдырып, жеке өзі қашып құтылуды ар санады.Сұлтан Рүстем мен Ұлы жүздің ықпалды биі Сыпатай жасақтарының кенеттен шегініп кетуі көтерілісшілердің жағдайын қиындатып жіберді. Тоқмаққа таяу жерде Кенесары 30-дан астам сұлтанымен және аз ғана сарбазымен күші басым қарсыласымен ерлікпен шайқасып, тұтқынға түсті. Көтерілісшілердің шағын тобы қоршауды бұзып шығып қашып құтылды. Қырғыз манаптарының бас қосқан жиынында қолға түскен ханды, сұлтандар мен сарбаздарды өлім жазасына кесу ұйғарылды. Тұтқындағы хан манаптарды күш біріктіріп, Қоқан хандығы мен Ресей империясына қарсы күреске шақырды. Бірақ қырғыздар ханның сөзіне құлақ аспады.Кенесары мен оның інісі Наурызбай Қасымұлы осылай қаза тапты. Ресей зерттеушісі Л.Мейер қазақ жауынгерлерінің ең соңғы күндері туралы былай деп жазды: «Олар қырғыздармен үш тәулік бойы ерлікпен шайқасты, Сібір қырғыздары көмекке келіп жетер деген үмітте болды. Бірақ патша үкіметінің жергілікті өкімет билігінің басшылары олардың келетін жолын бөгеп, тосқауыл қойып үлгерген еді. Үшінші тәулік дегенде көтерілісшілердің бір бөлігі қоршауды бұзып шығып, құтылып кете алды. Ханның көптеген сенімді серіктері түгелдей дерлік өлтірілді. Ханның өзі бірнеше сұлтандарымен бірге тұтқынға алынды және азапты ауыр жазаның салдарынан қаза тапты».Кенесарының және оның жақын серіктерінің көзін жоюға қатысқан қырғыз манаптарының бәрі де патша үкіметінің наградаларымен марапатталды. Халықтың сүйікті ханының қапылыста қалай қаза тапқанын ақын Нысанбай Жаманқұлұлы (1812-1871) «Наурызбай-Қаншайым» дастанында қайғылы сарында баяндайды.Әкесі Кенесарының бастаған ісін оның ұлы Сыздық сұлтан мен оған шын берілген батырлар жалғастырды. Ханның қазасы үшін кек алу мақсатымен қазақтар Қырғызстан аумағына бірнеше рет әскери жорық жасады.Қазақтардың Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық көтерілісі осылайша жеңіліс тапты. Кенесары ханның жасақтары Ресейдің жақсы қаруланған әрі күшті әзірліктен өткен тұрақты әскеріне қарсы тұра алмады. Оның үстіне, Кенесары бірнеше бағытта — патша үкіметіне, қырғыз манаптарына және Қоқан хандығына қарсы соғыс жүргізді. Мұның өзі оның негізгі күштерін едәуір шашыратты. Сұлтандар мен рубасыларының арасында ауызбірлік болмады.Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс қазақ халқының патша үкіметіне қарсы жаппай қатысқан бұқаралық соғыстарының бірі болды. Көтерілістің жеңіліске ұшырауы патша үкіметінің қырғыз жерлерін, Жетісудың аумағын және Оңтүстік Қазақстанды басып алуына жол ашты. Сондай-ақ Бұхара, Қоқан және Хиуа хандықтарын қосып алудың алғышарттары жасалды.Кенесары Қасымұлы қазақ халқының есінде талантты әскери қолбасшы, аса көрнекті мемлекет қайраткері ретінде қалды. Хан билігі іс жүзінде жойылған жағдайдың өзінде ол қазақтың үш жүзінің басын біріктіріп, қазақ мемлекеттілігін қайтадан қалпына келтірді.Көптеген зерттеушілер Кенесарының ұлы Абылай заманындағы егеменді мемлекеттілікті қалпына келтіру үшін жасаған әрекеттерін жоғары бағалады. Оған патша үкіметі әкімшілігінің өкілдері де құрметтеп қарады, ресейлік ғалымдар Кенесарыны «бүлікшіл сұлтан», «Қырғыз даласының Митридаты» деп атап, оның іс-әрекеттеріне жағымды баға берді.Кенесары Қасымұлының өмірі мен қызметі болашақ ұрпаққа өшпес өнеге. Қазақтың жүрек жұтқан батыр перзенттерінің бірнеше ұрпағы мен XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалысының жетекшілері одан үлгі алып өсті. Кенесары Қасымұлының Астана қаласында тамаша ескерткіші, оның есімімен аталатын үлкен көше бар.Кенесары қазақ халқын бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күреске жұмылдырды. Кенесары көтерілісі табысқа жетпесе де, оның ұлы істері халық есінде мәңгі сақталады.[
Жылдар сөйлейд1
1802 жылы | Кенесары Қасымұлы дүниеге келді |
1837 жылы | Кенесары \қасымұлы Ақтау бекінісіне шабуыл жасады |
1838 көктем | Көтерілісшілердің патша жазалаушы қолдарымен қақтығыстар жиіледі |
1838 мамыр | Кенесары жасағы Ақмола бекінісіне шабуыл жасап, өртеп жіберді |
1841 тамыз | Кенесары қолы Ташкентке аттанды |
1842 | В.А Первскийдің Орынбор өлкесіне генарал губернатор болып тағайындалған В.А.Обручев қарулы қолмен көтерілісті жаншуды ойлады |
1843 маусым | 1 Николай патша войсковой Лебедов бастаған 300 казак отряды көтеріліті басуға жіберілді |
1844 шілде | Кенесары әскерінің шабуылы 20-нан 21-не қараған күні жеңіспен аяқталды |
1845 сәуір | Кенесарының ауылына Долговтан кейін штаб поручигі Герннің елшілігі келді |
1847жылы | Кенесары Қырғыз жеріне басып кірді |
Жаңа сабақты бекіту үшін топтарға постер құрастырту.
Ұлт санасын оятқан ұлы тұлға туралы не білеміз?
- Ақмола-
- Сырым –
- Жанғожа –
- Кенесары –
Кенесары Қасымұлы туралы ақындардың өлеңдеріне кезек берейік.
Сабақты қорыту
Рефлексия «Екі жұлдыз ,бір тілек»
1 оқушы: К. Қасымұлы 1802 жылы қазіргі Көкшетау облысында дүниеге келген. Қазақ халқының ең көрнекті ханы. Абылайдың немересі болған, ол атасына еліктеген және соның жолын қуушымын деп есептеген. «Абылай атам қоныс еткен жерлер үшін күресемін»- деп ашық айтқан еді.
2 оқушы: Кенесары жаужүрек батыр, көрнекті қолбасшы, адамшылығы мол адам, халықты ұйымдастырушы, қайраткер, халық бостандығы үшін күрескер деген атаққа ие болған. Сондықтан К. Қасымұлын «Хан Кене» деп атаған. Ол бала күнінде — ақ қорқуды білмейтін батыл болған. Атпен жүріп, аң аулағанды ұнататын.
3 оқушы: Бұл өлке ол кезде Қоқан хандығының билігінде еді. Кенесары мұнда да тұрақтап қала алмады.
4 оқушы: Кенесары – азаттық қозғалысының қолбасшысы, оның ішінде қазақтың Ұлы жүзінің де әйгілі батырлары болды. Мысалы: Ағынай, Иман Дулатов, Жолман Тіленшиев және Бұғыбай. Бұған оның Ақмола бекінісін қалай алғаны дәлел.
5 оқушы: Кенесары өзінің дұшпандарына өте қатал болатын, ол өзіне зияны тимеген қарапайым адамдарға қолдан келгенше мейірімділік жасағанды жақсы көретін еді.
6 оқушы: Бұл өлке ол кезде Қоқан хандығының билігінде еді, Кенесары мұнда да тұрақтап қала алмады.
Оқушы:
К. Қасымұлының патша үкіметімен келісу әрекетінен еш нәтиже шықпағаннан кейін, ол қару алып, күресуге бел байлады. Ол өзінің соңғы хатында 1825 жылдан 1840 жылға дейін патша үкіметінің әскерлері біздің ауылды 15 рет шауып кетті. Сондықтан біздер мұндай қысымға, талан — таражға шыдай алмай басымыздың ауған жағына көшіп жүрдік. Бірақ олар сөйтсе де тыныштық бермеді. Сол себепті мен К. Қасымұлы қаруланып алып, күресті бастауға аттандым депті.
Негізгі бөлім:
Мұғалім: І. Есенберлиннің «Хан Кене» еңбегін басшылыққа ала отырып, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырамыз. Ілияс Есенберлин «Хан Кене» /тарихи толғамдар мен пьеса дастандар/, Алматы, «Жалын» баспасы, 1993 жыл. 266 бет.
1. Баяндама: Ермұқан Бекмахановтың еңбегі «Қазақ халқының Кенесары бастаған азаттық қозғалысы» /тарихи монографиядан үзінді/. «Хан Кене» Алматы, «Жалын» баспасы, 1993 жыл.
2. Баяндама: Жанұзақ Қасымбаев. «Митриат Киргизской степи» Правда и вымысел о восстании Кенесары Касымова.
3. Баяндама тақырыбы: «Кенесары — Наурызбай» дастан, І. Есенберлин. «Хан Кене» Алматы, «Жалын», 1993 жыл.
4. Баяндама: Доскей Әлімбаев. «Кенесары» поэмасы.
5. Баяндама: «Жамбыл Жабаев» есте қалған әңгімелерден үзінді.
6. Баяндама: Әбілмәжін Жұмабаев. «Жол айрығында».
7. Баяндама: «Кенесары Қасымұлы ерліктері».
8. Өлең: Естай Мырзахметов. «Сардаланың сардары».
Мұғалім:
« Өлді деуге бола ма айтыңдаршы
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған»
Оқушылардың өз шығармашылығынан ой — толғаулар орындалады.
1 оқушы:
Кенесары сағындырған Сайын бабам,
Ежелден бәрі есте жайың маған.
Ерлігің бар, жігерің бар,
Тағдырдың талқысынан тайынбаған.
2 оқушы:
Ағаларым, бабаларым,
Мақтанышым айбыным.
Жаралған маңдайымның бағысың,
Таралған ер халқыма ерлігімен.
Бас иіп тұрғандай ғой саған далам.
Пед. ғ. д. профессор Т. Т. Тұрлығұл ағамызға арнау.
3 оқушы:
Аналарым, даналарым
Батырлығың тамсанғандай
Жалының бар қайсар жандай
Алыстан құлағыма үн келеді
Елім деп еміреніп ән салғанда
Бекмаханова Халима Адамқызына арнау
Қонақтарға осы шумақтар арналады.
Мұғалім: Талапкерлер тобы бүгінгі конференция сабағын қорытындылайды.
Тақтаға сабақ жоспары жазылған планшет бойынша оқушының алған білімдері тексеріледі, сұрақ қойылады.
Үйге тапсырма:
«Бүгін конференция сабағында алған әсерім», «Мені ойландыратын жағдайлар», «Кенесары менің идеалым», «Ер тұлғалы Кенесары» деген тақырыптарда тарихи шығармалар жазып келу.
1837 — 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
Қазақстан тарихы
Сыныбы 8
Сабақтың тақырыбы:§10. 1837 — 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
Сабақтың мақсаты: Ресей империясының алғашқы жартысындағы отарлық саясатына Білімділік: қарсы Кенесары бастаған ұлт – азаттық қозғалыстың мән мағынасын жете түсіндіру, көтерілістің сәтсіздікке ұшырау себептерін және көтерілістің маңызын ашып көрсету.
Дамытушылық: Көтерілістің себептерін, қозғаушы күштерін, мақсатын кесте арқылы түсіндіру, салыстыра білу, өз пікірін дәлелдермен тұжырымдай білу дағдысын дамыту
Тәрбиелілік: Туған тарихының аса маңызды оқиғаларын терең түсініп, тағылым алатын ұлтжанды тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, кестелер, картамен жұмыс, венн диаграммасы
Көрнекілігі: карта, слайд, эл. оқулық, әдістемелік журнал
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеп, сабаққа назарын аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: тест арқылы тексеру, сұрақтар (бағалау)
III. Жаңа сабақ:
Жоспар:
1. Көтерілістің себептері, мақсаты және қозғаушы күштері
2. Көтерілістің барысы
3. Кенесарының хандық билігі
4. Көтерілістің маңызы және жеңілу себептер
Кенесары Қасымұлы – саясатшы, мәмілегер, батыр, ұлт – азаттық қозғалысының қолбасшысы, Абылай ханның ісін жалғастырушы, ең соңғы хан. Ол патша үкіметінің озбыр саясатын бейбіт жолмен шешуге тырысып, патша үкіметінің Қазақстандағы өкілдеріне бірнеше рет хат жазып, өздеріне қоныстарын қайтаруды сұрайды.
Көтерілістің басталу себептері:
ХІХ ғ-дың 20жылдарында Ұлы жүздің бір бөлігі, Кіші жүздің оңтүстік өңірі Қоқан бектерінің билігінде болды. Хиуа хандығы шекті, табын, төртқара, байұлы руларына қысым көрсетті. Сыр бойына бекініс тұрғызып, қазақ халқының тыныштығын бұзды. 1822 ж. жарғыдан соң, патша үкіметінің қысым, жазалау саясаты күшейді. Қазақ халқын ежелгі мекенінен айырып, тонау саясатын жүргізді. Осыған қарсы көтеріліс бастаған Саржан Қасымұлын 1836ж. Қоқан ханы өлтірді. 1822 жылдан бастап, Кенесарының әкесі Қасым өзінің балаларымен бірге Ресейге қарсы күрес жүргізді. Қасым да, Есенгелді де азаттық үшін күрес жолында Ташкент билеушілерінің қолынан қаза тапты. Көтерілістің басты себебі: қоқандықтардың езгісінен қазақтарды азат ету, Ресейдің озбырлығын тежеу.
Кенесары әскернің жеке отрядтарын басқарған батырлар: Ағыбай, Иман, Жоламан Тіленшіұлы, Бұқарбай, Бұғыбай, Аңғал батыр, Жеке батыр Байсейіт батыр, Сұраншы батыр.
Көтеріліске әр түрлі ұлт өкілдері қатысты: орыс, өзбек, қырғыз, қазақ т. б
Көтерілістің мақсаты: Қазақстанның Абылай хан кезіндегі аумақтық тұтастығын қалпына келтіру әрі Ресейдің құрамына кірмеген жерлерді сақтап қалу. *Қазақ жерлерін бекіністер мен округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату;
Көтерілістің басты қозғаушы күші: Қазақ шаруалары. Сонымен қатар егіншілер, старшындар, сұлтандар да ат салысты.
Көтеріліс қамтылған аймақ:
Барлық үш жүзді қамтыды:
Кіші жүзден — шекті, тама, табын, алшын, шөмекей, жаппас.
Ұлы жүзден – үйсін, дулат және т. б. рулар қатысты.
Үш жүзді қамтыған тұңғыш ірі көтеріліс.
Көтерілістің тарихы маңызы: Халықтың ұлттық сана — сезімінің өскендігін дәлелдеді.
Кенесарыға қойылған талаптар:
1. Патша үкіметі белгіленген шектеулі аймақта ғана көшіп қонуға тиіс болды
2. Кенесары соғыс қимылдарын толық тоқтатып Ресейге бағынуға тиіс болды
3. Кенесарыға қылмыстық істерді қарауға рұқсат берілмеді
4. Орынбор ведмоствосына қарайтын қазақтардың барлығы Ресей империясына 1сом 50 тиын түтін салығын төлеп тұруға міндетті болды
Кенесарының хаттары:( Оқушылардың өзіне оқулықтан оқытқызамын)
«Біздің ата – бабамыз, — деп жазды Кенесары, — бізге мұра етіп қалдырған Есіл, Нұра, Ақтау, Қарқаралы, Қазылық, Жарқайын, Обаған, Тобыл, Құсмұрын төңірегі және Жайыққа дейінгі жерлер қазіргі патшаның тұсында бізден тартып алынып, оларға әскери бекіністер салынды. Енді біздің жерімізді күнде басып алып, оған бекіністер орнатып жатыр. Бұл әрекет халықты барынша ашындырып отыр. Мұның өзі біздің болашағымызға ғана емес, қазіргі тіршілігімізге де зор қауіп туғызып отыр». бірақ оған патшада, оның Қазақстандағы әкімдері де құлақ аспай, қайта отаршылдықты үдете түседі.
Орынбор генерал – губернаторына жазған хаттарында: «Мен өзімнің қазақтарым егін егу, аң аулау және басқа да бейбіт кәсіптермен шұғылданған кезде ғана тыныш өмір сүре аламын» десе, енді бір хатында патша әкімдерін достық – татулық қатынаста болуға шақырады: «біз достық пен ынтымақтастықта өмір сүрсек, қандай жақсы болар еді», дейді.
Кенесары патша өкіметімен келісу әрекетінен еш нәтиже шықпағаннан кейін, қару алып күресуге бел байлайды. Бұл туралы патша өкіметіне жазған соңғы хаттарының бірінде: «1825 жылдан 1840 жылға дейін патша өкіметінің әскерлері біздің ауылдарымызды 15 рет шауып кетті. Сондықтан біздер, қазақтар, мұндай қысымға, талан – таражға, кісі өлтірушілікке шыдай алмай, лажсыздан басымыздың ауған жағына көшіп жүрдік. Бірақ олар сондада тыныштық бермеді. Сол себептіде мен – Кенесары Қасымұлы, қаруланып алып, ұлы күресті бастауға аттандым», — дейді. Ал ағалары мен әкесі өлгеннен кейін, 1836 жылдан бастап, көтерілістің басшысы болады.
ІҮ. Көтерілістің барысы: хронологиялық кесте жасау:
Жылдар. Оқиғалар
1837ж, қараша: Петропавл қаласынан шыққан Ақтау бекінісі казактарына алғаш рет шабуыл жасады.
1838ж, 26 мамырда: Кенесары сарбаздары Ақмола бекінісіне шабуыл жасап, өртеп жіберді.
1838ж, күзінен: Қозғалыс Кіші жүзді шарпып, оған би Жоламан Тіленшіұлы қосылды.
1841ж, тамыз: Кенесары қолының Ташкентке шабуылы жұқпалы аурудың таратылуынан тоқтатылды.
Патша үкіметінің көтеріліске қарсы жүргізген шаралары.
Оқиғалар. Жылдар.
Орынбор генерал – губернаторы Обручев әскері жіберілді.
Сібірден Сотников тобы аттанды.(1842ж)
І Николай Старшина Лебедевтің 300 казактан тұратын тобын жіберуге келісім берді(1842).
Сұлтан Жантөреұлы, Айшуақұлы, полковник Герн, Бизанов бастаған 5 мыңдық топ ұйымдастырылды.(1843. ж. 27 маусым)
Көтерілісшілер сұлтан Жантөреұлының тобын қоршап, 44 сұлтанды мерт қылды.(1843. ж)
Кенесарыға қарсы күресте дәрменсіздігі үшін войсковолық старшина Леведев Орынборға шақырылып, сотқа берілді.(18447ж721 — 22 шілде)
Ырғыз, Торғай өзендері бойында бекіністер салынды(. 1844 — 1845. ж. ж)
Жылдар. Оқиғалар
1845ж. қазан, қарашада: Көтерілісшілер Созақ, Жаңа жүлек, Қорған бекіністерін алды.
1847ж, сәуірде Кенесары 10мың әскерімен қырғыз жеріне басып кірді
1847ж: Майтөбе түбіндегі шайқаста Кенесары 32 сұлтанмен бірге қаза тапты
Көтерілістің жеңілу себебі:
— Ресей билеушілерінен жеңілдіктер алған ақсүйектердің бір бөлігінің орталықтанған феодалдық мемлекет құруға мүдделі болмауы.
Руаралық қайшылықтар.
— Кенесарының өзін қолдамаған ауылдарға қаталдық көрсетуі.
V. Сырым мен Кенесары көтерілісінің салыстырмалы сипаты.” Венн диаграмма”
Деңгейлік тапсырмалар (таратып беру)
VI. Бекіту сұрақтары:
1. Кенесары Қасымұлы көтерілісінің басты себептері неде?
2. Кенесарының Қоқан, Бұқар хандықтарымен байланысы қандай болды?
3. Кенесары хандығыны4 құрылымы мен ХVI — ХVII ғ. қазақ хандығын салыстырыңдар?
VII. Үйге тапсырма: § 10. Оқу, түсінік бер
Кенесары Қасымұлымен байланысты қосымша мәліметтер оқып келу, Тест жұмысы
«Тәуелсіздік тірегім» эссе жазып келу