Қазақ тарихы туралы не білесің

Сынып:6 а сынып

Сайыстың тақырыбы: «Қазақ тарихы туралы не білесің»?

Мақсаты: Қазақ тарихы жайлы толығырақ мәлімет беру

Білімділігі— қазақ тарихындағы тұлғалар мен тарихи оқиғалар туралы түсінік беру;

Тәрбиелілігі-оқушыларды Отансүйгіштікке, ұлт жандылыққа тәрбиелеу;

Дамытушылығы- Қазақ тарихы туралы білімдерін дамыту; оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту;

Көрнекілігі: интерактивті тақта,

Сабақ типі: аралас сипатта

Әдістемелік шешім: Сурак жауап, тірек сызба, суретпен жұмыс

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі (1-2 мин)

Оқушылармен сәлемдесіп, оларға сайыс кезеңін түсіндіру, 2 топқа бөлу

 

Сайыс кезеңдері:

І. Кім жылдам…?

ІІ. Тірек сызбамен жұмыс

ІІІ. Тұлғаны таны…

ІҮ. Қазақ өлеңдерін оқу

 

І-кезең. «Кім жылдам» кезеңі бойынша сұраққа – жауап» (5 мин)

I-топ:

  • Қ.Р тұңғыш президенті қай жылы сайланды?(1991 жылы)
  • Қ.Р мемлекеттік рәміздері?(ту, елтаңба, гимн)
  • Қ.Р Мемлекеттік әнұранының авторы кім?(1992 жылы желтоқсан айы, Ж. Нәжімеденов Н.Назарбаев, әні Ш. Қалдаяков)
  • А. Құнанбаевтың шын есімі кім?(Ибрагим)
  • Үш жүзді ата?(Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз)
  • Қазақтың атақты күйшісі? (Құрманғазы Сағырбайұлы)
  • Алтын киімді адам қай жерден табылды?(Алматы облысы, Есік қорғаны)
  • Қ. Р-ғы мемлекеттік тіл? (қазақ тіл)
  • Еліміз қай жылы Тәуелсіз Егеменді Мемлекетке айналды?(1991жылы 16 желтоқсан)
  • Атақты қобызшы кім?(Қорқыт)

II-топ:

  • Қ. Р Конститутциясы қай жылы қабылданды? (1995 жылы 30 тамыз)
  • Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды? (1986 жылы 16 желтоқсан)
  • Қазақтың үш биі?(Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би)
  • Қ. Р-ның ұлттық валютасы — теңге қай жылы айналымға енгзілді?(1993 жылы 15 қараша
  • Қазақ батырлары?(Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Баян батыр, т.б)
  • Этноним ұғымы нені білдіреді?(ру, тайпа, халық, ел)

 

  • Хан деген кім? (Хан-ел билеушісі)
  • Тұңғыш ғарышкер кім?( Юрий Гагарин)
  • Бұрынғы Ақмола қаласы қай жылы Астана қаласы атанды?(1998жылы 6 шілде)
  • Ш.Уалиханов кім? (қазақтың көрнекті ғалымы, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы)

2-кезең. «Тірек-сызбамен» жұмыс.

I-топ

1.Аты аңызға айналған  қазақ хандарын ата.(Алаша хан, Жошы хан, Уыз хан)

2.Қазақтың салт –дәстүрлерін ата? (Бесік той, Шілдехана, Қыз ұзату, Тұсаукесер және т.б)

 

 

II-топ

  1. Қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойындары(Алтыбақан, күрес, көкпар, кыз қуу, жамбы ату және т.б)
  2. Ұлы Отан соғысындағы Қазалылық 5 батыр?(Ү. Түктібаев, М. Балмағамбетов, Геннадин Фадаевич Шляпин, Владимир Михаилович Счастнов, Яков Данилович Михайлюк)

3-кезең. «Тұлғаны таны»(суретпен жұмыс 5 мин)

4-кезең. «Қазақ өлеңдерін оқу»(5 мин)

  1. Қорытынды. 4 кезең бойынша оқушылардың ұпайын шығарып, жеңіске жеткен топты марапаттау.