Қазақстан территориясы ерте тас дәуірінде
Бутакулова Гулназ тарих пәні мұғалімі Жаңақорған
Сыныбы: 6 Пәні: Қазақстан тарихы Күні: 20.09.2013ж.
1.Сабақтың тақырыбы: Қазақстан территориясы ерте тас дәуірінде
2.Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі:
Қазақстандағы ерте тас дәуірінің ерекшеліктері мен еңбек құралдары, саналы адам туралы білу
3.Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: сиқырлы қалам, жигсо әдістері
4.Сабақтың нәтижесі:
Білу: Қазақстандағы ерте тас дәуірінің ерекшеліктері мен еңбек құралдары туралы біледі
Түсіну: адамның өміріндегі еңбек құралдарының, қауымның маңызын түсінеді (көпшілігі)
Қолдану: қазіргі шаруашылық пен ежелгі адамдардың іс-әрекетін салыстыра алады
5.Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін бағалау: Blob tree арқылы бағалау
6.Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс-талабын есепке алу: мақсаттардың
орындалуы үшін оқушыларға қолдау, көмек көрсетемін.
7.Ресурстар мен жабдықтар: PowerPoint, АКТ, постерлер, маркерлер, т.б.
Сабақтың барысы
Уақыт | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылар іс-әрекеті | Ресурстар |
3 мин | Оқушыларды сабақтың, тақырыбымен, мақсатымен таныстыру, сергіту сәті | Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен танысады, сергіту сәтін жасайды | Презентация 1-слайд, сергіту сәті |
10 мин | Үй тапсырмасын пысықтау үшін «сиқырлы қалам» арқылы сұрақтар құрастыртады | Сұрақтар құрастырады, жауап береді
| 2-слайд |
10 мин | Оқушыларға тақырып бойынша мәтінмен жұмыс бөлініп беріледі | Топ ішінде оқушылар оқулықтан ақпарат іздеп, жұмыс жасайды | Постер, маркерлер |
15 мин | Тақырып бойынша өз жұмыстарын қорғауға мүмкіндік береді | Өз жұмыстарын қорғайды | Интерактивті тақта |
5 мин | Бағалау | Blob tree арқылы бағалайды | |
2 мин | Үйге тапсырма беру: §5 |