Дауыссыз дыбыстардың жуан айтылуы. Елтаңба
№50сабақ. Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз дыбыстардың жуан айтылуы. Елтаңба
Сабақтың мақсаты: а) сөздегі дауыссыздардың жуан айтылуы туралы түсінік беру.Дыбыстар туралы түсініктерін кеңейту.Әдеби мәтін бойынша түсінік беру. ә) сөйлеу тілдерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.Сөздік қорларын молайтуб) үлкенді тыңдауға, достыққа, адамгершілікке тәрибелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: елтаңбаның суреті,автордың суреті, кесте
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау:1. «Біздің ту» өлеңін мәнерлеп оқыту2. Тасымалданбайтын сөздер туралы сұрау3. Авторлар туралы сұрау.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Тест жұмысын жүргізу
- Мақсат қою кезеңі:Біз бүгін дауыссыздар сөзде қай кезде жуан айтылатыны туралы білеміз және Т.Молдағалиевтың «Елтаңба» өлеңімен танысамыз.Елтаңба авторы кім екеніні білетін боламыз.
- Жаңа сабақ:Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса ондағы дауыссыз дыбыстар да жуан болып айтылады.Кестемен жұмыс. Жаттығулар орындату78-жаттығу. Өлеңді оқыту.Дауыссыз дыбыстары жуан айтылған сөздерді тапқызу79-жаттығу Жаңылтпашты жаттату.
Ақ матадан ақ мақта ақ па?
Ақ мақтадан ақ мата ақ па?
Сөздердегі дауысты жуан және дауыссыз дыбыстарды атап, олардың біркелкі жуан айтылғанын байқатуӘдеби мәтін тапсырмасымен жұмысЕлтаңбаны көрсетіп, ол туралы қысқаша әңгімелеу.Авторлары Шота АманУалиханов, Жандарбек Мәлібеков туралы түсінік беру.Өлеңді мәнерлеп оқып беру, түсіндіру.Өлеңді кезекпен мәнерлеп оқыту.
VI.Жаңа материалды пысықтау:Карточкаларға жауап беру, тапсырмалар орындату арқылы жаңа материалдарды меңгергенін тексеру.
VII.Бекіту кезеңі«Әдеп» тақырыбында диктант жаздыру
VIII.Үйге тапсырма, бағалау1.Жаңылтпашты жаттау 2«Елтаңба» өлеңін мәнерлеп оқу
3Ережелер жаттау4Белсенділіктеріне қарай оқушыларды бағалау.