Қазақстан – Егемен мемлекет 5-СЫНЫП
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Сабақтың тақырыбы | Қазақстан – Егемен мемлекет 5-СЫНЫП | ||
Мақсаты | Оқушыларға КСРО-ның ыдырауы, Қазақстанның егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы туралы түсінік беру, сыни ойлауға үйрету, өздігімен жұмыс жасауға, талдауға дағдыландыру.
| ||
Оқыту нәтижесі | Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып қалыптасу тарихын ұғынады, өз бетінше білім алып, сыни ойлайды, тұлға ретінде қалыптасады.
| ||
Түйінді идеясы | “Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің иесі өзің екеніңді ұмытпа!” Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев
| ||
Әдіс-тәсілдер | Топтық, жұптық, диалог арқылы оқыту, СТО, АКТ, топтық таныстырылым, ассосация, «Сұрақ қою және қайта қою» әдісі
| ||
Уақыты | Ресурс | Сабақтың мазмұны: | |
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | ||
2 мин
| Күн бейнесі | Сәлемдесу. Достық шеңберіне шақырып, «Күн бейнесімен» амандасып, бір-біріне шын жүректен тілек айтып, сәттілік тілеу. | Достық шеңберінде бір-біріне тілегін білдіріп, сәттілік тілейді. |
1 мин | Күн бейнесі, топ атаулары | «Күн бейнесінің» сары және қызыл түсті шуақтарына сәйкес топтасады. І топ «Қызылдар» ІІ топ «Сарылар» | Екі топқа бөлінеді. І топ «Қызылдар» ІІ топ «Сарылар» |
5 мин | АКТ, ватман қағаздар, түрлі-түсті маркер | Миға шабуыл: Тәуелсіз деген сөзді қалай түсінесіздер? І топ плакатқа, ІІ топ интерактивті тақтаға тәуелсіз сөзіне түсінік беріп, ассосация құрып, топ болып қорғайды. | Топпен тақырыпты ашады. Интеактивті тақтамен жұмыс жасайды. Ассосация құрады. |
15 мин | Видео-фильм, интерактивті тақта, ватман қағаздар, маркер | Тақырып жарияланады. АКТ-ны пайдаланып, «Желтоқсан оқиғасы» туралы видео-фильм көрсету арқылы сыни ойлайды.
Постер әдісі бойынша екі топқа тақырып беріледі. І топ: КСРО-ның ыдырауы. Қазақстанның егемен, тәуелсіз мемлекет болып жариялануы. ІІ топ: Н.Ә. Назарбаев – тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
Бағалау. Үш шапалақ.
| Сыни ойлау, диалог арқылы жұпта, топта талқылайды. Топ болып тақырыпты түсіндіру.
|
5 мин | түрлі-түсті стикерлер | «Күн сәулесін төгеді» әдісі бойынша екі топ өздері түсіндірген тақырыптары бойынша келесі топқа ашық және жабық сұрақтар қояды.
Бағалау: үш шапалақ. | Топ мүшелері өз деңгейіне сәйкес сұрақ дайындайды, жауап береді. |
2 мин | Өлең шумақтары, үнтаспа | Сергіту сәті. Тәуелсіздік туралы өлең жолдары таратылады, бір шумақ ән айтып, сол бойынша топтасады. І топ: «Атамекен» ІІ топ: «Көк тудың желбірегені»
| Сергіп қалады, топтасады. І топ: «Атамекен» ІІ топ: «Көк тудың желбірегені» |
5 мин | Слайд, суреттер, ватман, маркер
| Шығармашылық жұмыс: Бүгінгі Қазақстан әлем алдында егеменді ел ретінде қандай жетістіктерге жетіп отыр? | Сыни ойланып, талдау жасап, топ болып қорғайды. |
5 мин | Жұмыс дәптері | Тақырып бойынша 5 минуттік эссе жазу. Жұппен, топпен талдап, ең үздігін оқу. | Деңгейіне қарай эссе жазып, талантты және дарынды балалар анықталып, топтан үздігін жариялайды. |
5 мин | Видео-фильм, қыран суреттері | Қыран туралы видео-фильм көрсету арқылы сыни ойлата отырып сұрақ қою: Үзіндідегі қыранды неге теңер едіңіз?
Қыран түрлері бойынша бағалау. Кері байланыс.
Қыран Лашын Қаршыға Балықшы Ақсары Ителгі
| Сыни ойлана отырып теңеулерін айтады.
Өздерін қырандарға теңеу арқылы бағалау. |