Қайталау. Ойын-ойға жетелейді.

Сабақтың тақырыбы:         Қайталау.Ойын-ойға жетелейді.

Сабақтың мақсаты:  1.Өткен сабақтарды еске түсіре отырып,тақырыптарды  қайталау,

білімдерін толықтыру.

2.Ойын арқылы оқушылардың ойлау, сөйлеу,есте сақтау дағдыларын                      дамыту.Қайталау сұрақтары,сызбалар арқылы ойлау  қабілеттерін

дамыту.

3.Оқушылардың өз халқының   тарихын оқып білуге, салт- дәстүрін

сақтауға,мәдениеттілікке, бір-біріне  көмектесуге  тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:          қайталау.

Сабақтың әдісі:         сұрақ-жауап, ойын элементтері.

Сабақтың көрнекілігі:    сызбалар, карта, оқулық,түрлі тапсырмалар, интерактивті тақта.

 

Сабақтың барысы:      І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Сабақты жоспарлау, мақсат қою.

Кіріспе.Құрметті оқушылар, бүгін біздер өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерімізді тексеру үшін ойын арқылы  өз білімдерімізді шыңдаймыз.Алдымен оқушыларды үш топқа бөлеміз:

            І-топ.Сақтар

           ІІ-топ.Ғұндар.

           ІІІ-топ.Түркілер.

Әр топқа он сұрақтан қойылады.Оқушылар жеке-жеке жауап береді.Әр сұрақ немесе тапсырмалар ұпаймен саналады.Дұрыс жауап бес балмен бағаланады.

 

«Сақтар» тобына

І.Сақтардың негізгі шаруашылығы қандай? /мал шаруашылығы/

2.Сақ жеріне Кир бастаған парсы әскерлерінің басып кірген уақыты?

/б.з.б 530 ж./

3.Сақтардың қандай тайпалары тарихи жазбаларда белгілі болған?

/Тиграхауда, парадарайа, хаумаварга/

Ежелгі грек авторлары сақтарды қалай атады?/Азиялық скифтер/

5.Сақтарды зерттеген грек тарихшысы кім? /Геродот/

6.Ирандық жазбаларда сақтарды қалай атаған?/Жүйрік атты турлар/

7.Алтын адам қай жерден табылды? /Жетісу жеріндегі Есік қорғанынан/

8.Томирис патшайым қай жылдары өмір сүрген? /б.з.б.570-520ж/

9.Дариді алдаған сақ малшысының есімі? /Шырақ/

10.Парадарайа деп кімдерді атады?/Теңіздің арғы жағындағы сақтар/

 

«Ғұндар» тобына

1.Ғұндарда қанша ру болды? /24/

2.Ғұн державасының негізін қалаған кім? /Мөде/

3.Ғұн мемлекеті қай жылы оңтүстүк және солтүстік болып екіге бөлінген? /б.з.б.55ж/

4.Ғұндар өсірген үй малдарын атаңыз?/малдың барлық түрі/

5.Ғұндарда опасыздық жасағандарға берілетін жазаның түрі?/Өлім жазасы/

6.Рим империясына ғұндардың қай басшысы қауіп төндіреді?/Еділ/Атилла/

7.Мемлекет басшысын қалай атайды?/Шаньюй/

8.Құлдар қандай жұмыстарға пайдаланылды?/үй шаруасында/

9.Атилла операсын жазған итальян композиторы?/Джузеппе Верди/

10.Салық кімдерге салынды?/Жаулап алған мемлекеттерге/

 

 

 

«Түркілер/ тобына

1.Біздің жерімізде ерте орта ғасырларда ірге тіккен алғашқы мемлекеттердің бірін атаңыз?/Түрік қағанаты/

2.»Ашина» атауы қандай мағынаны білдіреді? /қасқыр/

3.Түрік қағанаты қай жылы екіге бөлінді?/603 жылы/

4.Түріктер өздеріне бағынышты соғдылықтарды қалай атады? /тат/

  1. «Диуани лұғат ат түрік» кітабының авторы кім?/Махмуд Қашқари/
  2. Бумын қағанның мұрагерін атаңыз?/Қараеске және Мұқан қаған/

9.Түріктер қандай шаруашылықпен  айналысқан?Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы/

10.Алғаш рет түрік жазуы туралы деректер қалдырған кім?/Византия тарихшысы Менандр Протектор/

 

ІІ.Пошта ойыны.

Оқушылар, біздің пошта жәшігімізде пошта тасушы үш топқа тапсырмалар тастап кетіпті және де көп ұпай жинаған оқушыға мектебімізде ақпан айында өтетін «ХХІ-ғасыр көшбасшысына» жолдама келіпті.Бұл тапсырмаға жауап берген оқушылар 20 ұпайдан алады.

ІV.Кубик ойыны

Кубикті лақтыру арқылы тақтадағы жасырын тұрған даталарға жауап береді.Бұл тапсырмаға 20 ұпай беріледі.

1.Б.з.б.55 жыл.

2.Б..з.б. 519-518ж.

3.1889 жыл.

4.451 жыл.

  1. 552-603 жыл.
  2. Б.з.б. 570-520 жыл.

 

Ой саптау

Келтірілген мәтін жұмбақталуы. Мәтіннің мәнін аша білу керек.Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай.

  1. «Егер сендер,… құс тәрізді аспанға ұшып кетпесеңдер немесе тышқан секілді жер астына түсіп кетпесеңдер, көлбақа құсап суға түсіп жоғалмасаңдар ,біздің жебеміздің  астында қаласыңдар».
  2. «Алдымен … … өзінен алыста ұстамақ болып,Юечжі еліне аманатқа береді. Аманат деген сөз ертеде кепілдікті білдіреді, яғни екі елдің арасында бейбітшіліктің кепілі  деген мағынада.Бірақ кейіннен … осы уәдені бұзып, Юечжі еліне шабул жасайды.Кепілдікте жүрген… өзінің жанқиярлығы арқасында аман қалады».

3 «….әулеті күшейген кезінде …. ….. қағанына елшілік жіберіп, ханшайымын  қалыңдыққа  беруді өтінді.Бұған …. қағаны былайша жауап береді: «Сен-темір  балқытушы құл.

Қалай мұндай өтнішке аузың барды?».

VІ . «Ойлан тап!»

 

р/сҚашан?Қайда?Қандай оқиға болды?
1542жҚытай деректерінде
2Сақ жерінеКир бастаған парсы әскерлері басып кіреді.
3453жҒұн билеушісі Еділ қайтыс болды
4Б.з.б. ІVғ 30 ж.Сақ-скиф жерінде
5Енисей аңғарыД.Миссершмидт пен Ф.Страленберг тұғыш рет көне түркі жазу-ескерткішін тапты.
6300 жҒұн, Қытай елдері

 

Топ басшының тоқтамы

 

р/сАты-жөні1

тапсырма

 

 

 

 

2-тапсырма1

тапсырма

 

1

тапсырма

 

1

тапсырма

 

1

тапсырма

 

1

тапсырма

 

1
2
3
4
5
6
7
8
9

 

VІІ.Рефлексия.

-Бүгінгі сабақ сіздерге несімен ұнады?

-Күнделікті сабақтан айырмашылығы бар ма?

-Қандай әсер алдыңдар?

VІІІ.Бағалау

Сабаққа белсене қатысып отырған оқушыларды және ұпайы көп оқушыларды бағалап марапаттау.Ең көп ұпайы бар 3 оқушыға « ХХІ-ғасыр көшбасшысына» жолдама беру.

ІХ.Үйге тапсырма: Сөзжұмбақ,сөзтізбе, криптограмма, викториналар дайындап келу.