Ислам, ғылым және мәдениет
Тақырыбы: Ислам, ғылым және мәдениет
Мақсаты: 1. Оқушыларды әлемдік діндер мен оның ішіндегі ислам дінінің пайда болуы, таралуы және осы ілімнің қазіргі қоғамдағы рөлімен таныстыру, ғылым және мәдениеттің дамуын түсіндіру.
- Діннің түпкі мақсаты адамзатты билікке, мәдениеттілікке, өркениеттілікке, имандылыққа шақыру екендігін әңгімелей отырып таныстыру.
- Оқушылардың бойында гуманистік дүниетаным негіздерін, рухани- адамгершілік құндылықтардың, жеке сенімнің жүйесін және белсенді азаматтық көзқарасын қалыптастыру
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: Аралас, тірек сызба, сұрақ- жауап, сөзжұмбақ,
Көрнекілігі : инт. Тақта , өзін-өзі бағалау парағы.
ПАБ: Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы, Математика , Ағылшын, Орыс тілі.
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру
- II. Үй тапсырмасын сұрау?
Шариғат.
Негізгі ұғымдарға түсінік беру:
- Дін туралы арнайы ғылымды қалай атаймыз? (Дінтану)
- Конфессиялық ілім ( көне грек тілінде konfessio — мойындау, ғибадат қылу)
- Теология (көне гр. Тілде teos –халық,logos – ілім- құдай тану пәні)
- Атеизм – (көне гр.т. AOEG – құдайор және оның құдіретін жоққа шығару)
- Манотеизм –( «бірқұдайлық», гр. т. « movog»- бір және «OEOG» — құдай.)
- Политеизм («көпқұдайлық» гр.т. – көп және — құдай)
- Шариғат – ( араб т. – тура жол )
Үй тапсырмасының қабылдануын тексеру. Тірек –сызба арқылы
ІІІ. Жаңа сабақты қабылдауға даярлық, мақсат қою
(Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтау)
Сұрақтар:
- VI-VII ғ-да қалыптасқан «Синто» (құдайлар жолы) термині орта ғасырларда пайда болды, ол қандай ілім?
- Грек тілінен аударғанда миссия ( машиах), құтқарушы деп аударылған сөз
3.Конфуцийдың «Ұлы ұғынуы кітабы» 75 қатардан тұрады, оған 1546 түсіндірме жасаған. Мақсаты — императордың билігін заңдастыру еді. Сұрақ: оның ұстаған жолының бірі.
- Б.з.б. IV-III ғғ. еж. Қытайда, құпиясы аңызға айналған сары император Хуан- дидің ашқан ілімі.
- Б.з.б. 1 мың жылдық ортасында Үндістанда пайда болған ең ежелгі дін
Шешуі: 1. Синтоизм. 2. Христос. 3. Әділеттік . 4. Даосизм. 5. Буддизм.
Сөзжұмбақ: Ислам
Ғылым және мәдениет.
- Жаңа тақырып меңгерту.Тірек-сызба арқылы
Дәптермен жұмыс:
- Кестені толтыр:
Ғасырлар | Ғылым | Мәдениет |
Тақтамен жұмыс: Сөздерді үш тілге аудару.
Ғылым, — наука — science
мәдениет – культура- culture
білім – знание — education
тарих – история — history
медицина – медицина — medication
батыс – запад- west
Ауызша есеп:
Мұхаммед пайғамбар бұдан 1348 жыл бұрын Меккеден Мәдинеге қоныс аударған. Сонда пайғамбар қай жылы қоныс аударған?
Есеп: 2012 – 1348 = 664 ж. Жауабы: 664 жылы Мәдинеге қоныс аударған.
Дүние жүзі діндерінің пайда болған уақытын рим цифрымен белгілеп, кестеге түсір.
р/с | Дін | Пайда болған уақыты |
1 | Будда | |
2 | Христиан | |
3 | Ислам |
Жауабы: а) 1 – б.з.б. VI- V ғ.
2 – 2 мың жыл бұрын
3 – VII ғасырда
Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс:
ІІІ. Төмендегі жылдардың қай ғасырға жататынын анықта:
1812 ж — ……….. ғ. 799 ж — ………. ғ. 1221 ж. — ………. ғ.
312 ж. — ……….. ғ. 1111 ж. — ………. ғ. 4 ж. — ……… ғ.
1941 ж. — ……….. ғ. 1761 ж. — ………. ғ. 605 ж. — ……… ғ.
2003 ж. — ……….. ғ. 1672 ж — ………. ғ. 968 ж — ……… ғ.
Мысалы: 1791 ж. – XVIII ғ. аяғы.
І.Ғасырды рим сандары түрінде жаз:
1-ғасыр – ………. 6-ғасыр — ………….
2-ғасыр — ……….. 7-ғасыр — ………….
3-ғасыр — ……….. 8-ғасыр — ………….
4-ғасыр — ……….. 9-ғасыр — ………….
5-ғасыр — ……….. 10-ғасыр — ………….
- Сабақты бекіту: 5 минут.
- Мұхаммед Пайғамбардың бір хадисінде ғылым жайлы айтылған сөзі. Кестедегі әріптерден құрастыру.
« Ғылым үйрену- әрбір мұсылман ер кісіге де , мұсылман әйелге де парыз »
- Бағалау
- Үйге тапсырма §11.6