Мөде – Ғұн мемлекетінің негізін қалаушы

Тақырып: §19. Мөде – Ғұн мемлекетінің негізін қалаушы

Мерзімі:

Мақсаты:

Білімділік: Ғұн атауы, «халықтардың ұлы қоныс аударуындағы» ғұндардың рөлі, ғұн мемлекеттік бірлестігінің қалыптасу тарихы, шаруашылық өмірі мен тұрмысы туралы білім беру.

Дамытушылық: Мемлекеттердің қалыптасуының алғышартын, оның белгілерін анықтай білу, карталарды сабақта тиімді пайдалана білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Тарихи аңыз деректер негізінде балаларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу, Орталық Азия тарихының жалғастығын көрсету, ірі саяси тұлғаны үлгі қылу.

Сабақтың түрі: ашық сабақ.

Көрнекілік құралдар: Оқулық, интерактивті тақта: «ғұндардың батырлығын, жауынгер халық болғандығын дәріптейтін» суреттер, бейне материал, карта, кітаптар көрмесі.

ЖОСПАР:

Кезең-дерМұғалімнің іс-әрекетіОқушылар-дың іс-әрекеті
1Ұйымдас-тырушылықАмандасу, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.Амандасу.
2Үй тапсырмасын тексеруСлайдтағы сұрақтар, карточкалық жұмыс арқылы үй тапсырмасын пысықтау.Сұраққа жауап әдісімен, ауызша тақтаға шығып баяндау.
3Жаңа сабақЖоспар:

1)    Ғұн атауы.

2)    Ғұн мемлекетінің өрлеуі.

3)    Ғұндардың көршілерімен саяси байланысы.

4)    Ғұндардың шаруашылық өмірі, тұрмысы.

5)    Ғұн мәдениеті.

 

Ғұндар – түрік тілдес көшпелі тайпалардың арғы тегі. Б.з.б. І мыңжылдықтың ортасында Алтай, Оңтүстік Сібір мен Шығыс Қазақстан аумағында «ғұн» деген атпен белгілі тайпа одағы қалыптаса бастады. Қытайлар оларды «хунну» деп атаған. Осы мезгіл еуропалық тарих ғылымында «Халықтардың ұлы қоныс аудару» кезеңі деген атпен белгілі. Ғұндардың Еуразиялық тарихта жауынгерлігімен аты шықты.

Ғұн мемлекетінің өрлеуі б.з.б. ІІІ ғасырда өмір сүрген Тұман шаньюйдің ұлы Мөденің атымен байланысты. Б.з.б. ІІІ ғасырда Мөде Қытаймен кескілескен соғыс барысында ғұн тайпаларын біріктіріп, ғұндардың билеушісі – шаньюй деген атақ алады. Ол шексіз билікке – «Аспан ұлы» деген атаққа ие болды. Сол кезде ғұн, үйсін, қаңлы елдері бір-біріне көрші, жақын елдер еді. Ғұндардың Хань әулеті арасындағы соғыс б.з.б. 188 жылы Хань әскерінің жеңілісімен аяқталды. Осы кезде ғұн басшыларының қол астына қазіргі Кореядан бастап қазақ жеріне дейінгі жер бағынатын болды.

Ғұн империясында б.з.б. 71 жылы дағдарыс басталып, ол ақыры б.з.б. 55 жылы ғұн мемлекетінің екіге бөлінуімен аяқталды (оңтүстік және солтүстік). Дағдарысқа қытайлар тікелей қатысы болды. Олар көрші тайпалардың арасына лаң салып, оларды бір-біріне қарсы қойды.  Оңтүстік ғұндар Хань империясына (Қытай) бағынды. Ал Чжи-чжи шаньюй бастаған солтүстік ғұндар тәуелсіздігін біраз уақытқа дейін сақтап қалды.

Ғұндардың шаруашылық негізіне, соғыс қаруын қолдану дәстүрі жағынан жеткен жетістіктерге мәлімет беру.

Сұрақтарға орынан жауап беріп, қатысу.
4ҚорытындыБүгінгі жаңа сабаққа қысқаша түрде қорытынды жасау. 

 

 

 

 

 

 

5Үйге тапсырма§19.  Мөде – Ғұн мемлекетінің негізін қалаушы. Оқып келу, қосымша деректер жазып келуге тапсырма беру. Өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беру. Кестені толтыру.Күнделіктері-не жазып алады.

 

6БекітуСұрақтар қою арқылы:

1)    Қытай деректерінде ғұндар қандай атпен белгілі болды?

2)    Қытай деректері бойынша ғұндардың алғашқы көсемі кім болған?

3)    Аманат дегеніміз не?

4)    Ғұндардың жоғарғы билеушісін қалай атады?

5)    Ғұн қоғамында жоғары билікке ие болған Мөде қандай атаққа ие болды?

6)    Б.з.б. 188 жылы болған қытайлықтар мен ғұндар арасындағы шайқас кімдердің жеңісімен аяқталды?

7)    Зерттеушілердің көпшілігінің пікірі бойынша ғұндар кімдердің арғы тегі болып есептелінеді?

8)    Ғұн империясы қашан екіге бөлініп, ыдырады?

9)    Ғұндардың баспанасы не болды?

 

Сұрақтарға жауап береді.
7БағаҮй тапсырмасын айтқан және сабақта белсенділік көрсеткен балаларға тиісті бағасын қою. Қойылған бағаларға қысқаша түрде сипаттама беру болып табылады.

 

Күнделіктеріне бағаларын қойдыру.