Индустрияландыру кезеңіндегі Қазақстан

Cабақтың тақырыбы: Индустрияландыру кезеңіндегі Қазақстан

Сабақтың мақсаты: 1926-1941 жылдар кезіндегі Қазақстанда  жүргізілген  индустрияландыру  саясатының  жетістіктері   мен зардаптарын ашып,

талдау жасауға үйрету.

 

Сабақ әдісі:   Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы ( Ассоциация, Венн диаграммасы,

үш жақты күнделік, “Т”-кестесі, сұрақ-жауап, ауызша баяндау, салыстыру, талдау.)

 

 

Сабақ барысы:

  1. Сабақты ұйымдастыру:

—  студенттермен сәлемдесу;

—  Сабаққа келгендерін және аудитория әзірлігін тексеру.                            2 мин.

  1. – Үй тапсырмасына берілген материалды баяндау және бекіту( баяндау процесінде студенттердің өз беттерімен жұмысын ұйымдастыру) 35           мин

3   Тақырыпты және жоспарды хабарлау                                                              4 мин.

  1. Әңгімелесу әдісімен тірек білімін өзектендіру.                                             3 мин.
  2. Студенттердің оқу қызметін негіздеу.                        2 мин.
  3. Материалды баяндау ( мазмұндау) және бекіту (баяндау процесінде студенттердің өз беттерімен жұмысын ұйымдастыру)                                                                                  35мин.
  4. Оқып-үйренетін материалды жинақтап қорыту.             6 мин.
  5. Сабақты қорытындылау және үй тапсырмаларын беру.                        3 мин.

 

  І. Сабақтың  барысы:

Оқушыларды топқа бөлу.

   

  ІІ. Үй  тапсырмасын пысықтау  сұрақтары. 

        І-топ

  1. Қазақ  автономиясының құрылуы  және  оның  тарихи  маңызы.
  2.  Автономияның алғашқы  жылдарындағы  қоғамдық – саяси  өмір.

         ІІ- топ

  1. Қазақ  жерлерін  Қазақ АКСР- інің құрамына  біріктіру қалай  жүргізілді
  2. Қазақстандағы  1921 -1922 ж. аштықтың  себебі және  оның  зардаптары  қандай  болды?

        ІІІ- топ

  1. 1921-1922 жж. жер- су  реформасының мәні  неде?

2.Жаңа  экономикалық  саясаттың   қиыншылықтары неде?

 

ІІ. Тақырыпты және жоспарды хабарлау.

Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз: : Индустрияландыру кезеңіндегі Қазақстан.

Жаңа сабақтың құрылымы:

І Қызығушылықты ояту.

 Елді  индустрияландыру  дегенде көз алдарыңызға не елестейді  ?                                                            

Ауыр өнеркәсіпті құру                                                         экономиканы көтеру

Елді индустрияландыру

 

 

 

 

 

                                       Же

 

Өндірістік күштерді ұлғайту                                                      машина жасау өндірісін               құру

 

 

ІІ . Мағыныны тану.

  1. Оқулықты ашып мәтінді жауапкершілікпен оқып шығу.

Мәтінді оқытып болғаннан кейін, мәтін бойынша

<Үш жақта түсіндірме күнделік> кестесін толтыру тапсырылады.

 

 

Р.сСен үшін мәтінің ең  маңыздысы  Неге?Сұрақ
1.
2.

 

  • Дәптеріне жазып болған соң, топта өзара талдауға уақыт беріледі,бір-бірін тыңдайды.Топ ішінен өздері үздік деп санаған 2-3 маңызды оқиғаны 1 оқушы айтады. Әр топ осылай жауап беріледі.

 

  • Тақырып мазмұнын ашу үшін оқушыларға қосымша әр топ әр түрлі материал таратылады. Үлестірілген қосымша материалды әр топ мұқият оқып шығады. Барлығы оқып боған соң әр топқа тапсырма беріледі.

 

 Тапсырмалар.

           І топ. Индустрияландыру кезеңінің кемшіліктері мен жетістіктерін  жазу.

            (Веен диаграммасы арқылы)

ІІ-топ Елді индустрияландыруға бағыт алу және    оның қиындықтары            (кесте толтыру арқылы)

ІІІ-топ Өлкедегі индустрияландыру бағытын жүзеге асыру жолдарына    ерекшеліктеріне  талдау жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сонымен оқушылар, индустрияландыру- ірі өнеркәсіпті, ең алдымен ауыр өнеркәсіпті құру және дамыту,ірі өнеркәсіптік өндіріс негізінде бүкіл халық шаруашылығын қайта құру болып табылады.

 

Қазақстандағы индустрияландырудың барысы мен сипаты.

1928 жылдың 1 қазанынан шартты түрде басталатын бірінші бесжылдық жылдарында Қарсақбай, Риддер сияқты кәсіпорындар, Ембі мұнай өндірісі, Степняк алтын кені және т.б. қайта қалпына келтірілді. Өңдеу өнеркәсібінің Семей тері, кірпіш, Петропавл ет комбинаты сияқты байырғы түрлері жөнделіп, қайта іске қосылды. Ал бес жылдың ішінде жаңадан салынғандары: Іле ағаш тілу, Балқаш мыс балқыту, Шымкент қорғасын, Ақтөбе фосфор тыңайтқыштары, Орал мен Алматыда ет комбинаттары, Гурьевте (қазіргі Атырау) балық консервілеу комбинаты, Мерке, Жамбыл және Талдықорғанда қант зауыттары ғана болды. Олардың өзі негізінен шағын аумақты қамтамасыз етуге бейімделге кәсіпорындар еді.
Кеңес үкіметінің басшылары да патша заманындағыдай Қазақстанға бай шикізат көзі ретінде қарады. Табиғат байлықтарының күрделі ошақтарын табу мақсатында бірінші бесжылдық жылдарында КСРО Ғылым академиясы кешенді ғылыми экспедициялар ұйымдастырды. Академик Н.С.Курнаков басшылық еткен Орталық Қазақстандағы геологтар мен геофизиктер тобы Қазақстан Республикасы “Кеңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы” болып табылады деген тұжырым жасады.
 Ал Орал-Ембі аймағын зерттеген академик И.М.Губкин бастаған топ оның мұнайға аса бай екенін дәлелдеді. Кеңес үкіметі осы байлықтарды пайдалануға баса көңіл бөлді. Соның барысында соғыс басталғанға дейінгі кезеңде Қарағанды шахталары, Ембінің мұнай кәсіпшіліктері, Алтай мен Ащысай кәсіпорындары қайта жабдықталып, Зырянов, Риддер полиметалл, Балқаш пен Жезқазған кен-металлургия комбинаттары салынды. Қазақстандағы түсті металлургия өнеркәсіптің жетекші саласына айналдырылды. Бірақ олар негізінен руда күйінде қазып алынған түсті металдарды өңдеумен айналысты. Тазартылып, өңделіп дайындалған түсті металл өнімдері шикізаттар ретінде орталықтағы ірі өнеркәсіп орындарына жөнелтіліп отырды. Мысалы, Орталық Қазақстан Оңтүстік Оралдың ірі кәсіпорындарын рудамен, металмен, көмірмен жабдықтады. Кенді Алтай өңірі Сібірдегі кәсіпорындарды қамтамасыздандырды. Ембі мұнайы Орск сияқты мұнай өңдейтін зауыттарға жіберілді. Балқаштың мысы мен Шымкенттің қорғасыны да Қазақстаннан тыс жерлерге тасып әкетілді. Жоғарыдан жүргізілген индустрияландыру негізінен шикізат көздерін игеруге және оларды Ресейге жіберіп отыруға бағытталды. Қазақстандағы зауыт-фабрика делінгендер халық тұтынатын дайын өнімдер шығармады. Оларды Кеңес Одағының басқа аймақтарынан, Ресейден алып отыруға мәжбүр болды. Машина жасау, металлургия және қорғаныс өнеркәсіптері болмады. Энергетика базасы мен құрылыс материалдарын жасайтын өнеркәсіптер жетіспеді .
    Түрксіб темір жолын салу. Индустрияландыру кезіндегі Қазақстандағы ең күрделі құрылыс — Түрксіб темір жолын салуды аяқтау болды.
 Патша үкіметі Қазақстанды жаулап алу барысында, әскери-стратегиялық мақсатта Орынбор-Ташкент бағытында темір жол салып, оны қазіргі Алматы арқылы Семеймен жалғастыруды көздеді. Бұл елімізді қоршай отырып, тұқырта ұстауды және Қазақстан мен Орта Азия байлығына қызығып отырған басқа да шет елдіктерді енгізбеуді көздеген саясаттың нәтижесінде дүниеге келген еді. Бірақ еліміздің батыс және оңтүстік-батыс бөлігінде темір жол салғанмен, ол бағытты шығыс бөлігі арқылы Сібірмен қосу ісі аяқталмай қалған еді. Патша үкіметі кезінде көптеген талас-тартыс тудырған бұл істі аяқтауды Кеңес үкіметі қолға алды. Ол патша заманындағы Түркістан-Сібір темір жолы атауына қайта ие болды. Бұл жолды салу 1927 ж. қайта қолға алынып, оған екпінді құрылыс айдары тағылды. Орталық үкімет оған үлкен мән беріп отырды. 1928 ж. желтоқсанда БК(б)П ОК мәжілісінде Түрксіб жұмысшыларының тұрмыс жағдайы туралы мәселе арнайы қаралды. Ал 1929 жылғы қаңтарда өткен жиналыста құрылыстағы бұқаралық және мәдени-ағартушылық жұмыстар туралы мәселе талқыланды. Партиялық басшылықты нығайту мақсатында мұнда Солтүстік және Оңтүстік деп аталған екі аудандық партия комитеттері құрылды. 1929 ж. 3 мамырда КСРО ХКК Түрксіб құрылыс басқармасының есебін тыңдады. Кеңес үкіметі құрылыстың оңтүстік және солтүстік бөліктерін 1930 ж. аяқтап, 1932 ж. пайдалануға беруді қамтамасыз етуді тапсырды.
Түрксіб құрылысының бастығы болып В.С.Шатов тағайындалды. РСФСР үкіметі жанынан Түрксіб құрылысына көмектесетін арнайы комитет құрылды. Оны РСФСР Халық комиссарлар Кеңесі төрағасының орынбасары Т.Рысқұлов басқарды. Құрылыс жұмыстарына бірнеше ұлт өкілдерінен құралған 100 мыңдай адам тартылды. Қысы-жазы, ауа-райының қолайсыздығына қарамастан еңбек еткен олар, сөз жоқ, ерліктің үлгісін көрсетті. Әсіресе қиын да күрделі қара жұмыстар қазақ еңбекшілерінің еншісінде көбірек болды. Соның нәтижесінде патша заманында тәулігіне орта есеппен 150 метр ғана салынатын Жетісу темір жолын салу Кеңес заманында 1500 метрге дейін жетті. Ертіс, Іле, Аягөз, Шу, Қаратал және т.б. өзендерден өтетін көпірлер де жылдам салынды. Түрксіб темір жолы жоспарда белгіленген бес жылдан екі жыл бұрын, яғни үш жылда салынып бітті. Құрылыстың бірінші кезеңінде солтүстікте 155 км, келесі кезеңінде — 185 км, ал 1929 ж. — 432 км ұзындыққа темір жол төселді. Бұл жұмыс жылдамдығы күніне орта есеппен 2,5 км деген сөз еді. 1927—1929 жылдары оңтүстіктен ұзындығы 506 км жол жасалды. Түрксібтің оңтүстік және солтүстік бөліктері 1930 ж. 28 сәуірде Айнабұлақ станциясында түйісіп, жол уақытша пайдалануға берілді. Ал 1931 жылдың қаңтарынан бастап тұрақты түрде жұмыс істей бастады. Жалпы ұзындығы 1445 километрге созылған бұл темір жолдың ел өміріндегі маңызының зор екенінде дау жоқ. Бірақ біздің мынаны да ескеруіміз қажет. Патша заманындағы сияқты бұл бағыттағы темір жол да негізінен еліміз аумағындағы шикізатты шетке тасу, ал шеттен дайын тауар алып келу үшін қызмет етті. Қазақстан сонымен Кеңес Одағының да шикізат дайындайтын шеткері аймақтарының бірі болып қала берді. Ал салынған өнеркәсіп орындары мен темір жолдар еліміз аумағынан шетке тасылатын шикізат көлемін көбейте түсті. Мәселен, 1929/30 шаруашылық жылдары 1928/29 жылдармен салыстырғанда Қазақ жерінде өндірілген тас көмір — 1,4 есе, мұнай — 1,3 есе, мыс кені — 2,5 есе, түсті металл кендері — 2,3 есе көп өндірілді. Түрксібтің салынуымен республикамыздағы жүк тасымалы 1928 жылғы 2902 мың тоннадан 1932 ж. 8888,4 тоннаға дейін, яғни 3 еседен астам өсті. Әсіресе құрылыс материалдарын тасу — 10 есеге, тас көмір мен кокс — 8 еседей, мұнай өнімдері — 2 есеге артты. Осылайша Қазақстандағы индустрияландыру кезіндегі басты құрылыс болып жарияланған Түрксібтің өзі кеңестік тоталитарлық орталықтың біржақты саясатының жемісі болып шықты.
Қазақстан металлургиясы. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Қазақстан КСРО-дағы республикалар арасында металлургия бойынша екінші орынға шықты. Мәселен, Шымкент қорғасын зауыты КСРО-дағы қорытылған қорғасынның 73,9, ал Балқаш зауыты елімізде балқытылған мыстың 51, Қарағанды бассейні көмірдің 90 пайызын берді. Қазақстан мұнай өндіру бойынша да Ресей мен Әзірбайжаннан кейінгі үшінші орында тұрды. Бұның бәрі, сөз жоқ, жұмысшылардың, соның ішінде қазақ еңбеккерлерінің, еліміздің жарқын болашағына ұмтылуы, өскелең ұрпағы үшін жақсы жағдай жасауға тырысуы арқасында жеткен жетістіктер еді. Еңбекшілердің ерен ерлігіне партияның “Шығыстағы алғашқы социализм құрушылар”, “дүние жүзілік пролетариаттың авангарды”, “коммунистік ұйымдасқан еңбек және шығармашылық энтузиазм” және т.б. рухани үгіт-насихаты мен идеологиясының кең түрде жүргізілуі де өзіндік ықпал етті. Еңбекті материалдық және моральдық ынталандыру да оңтайлы пайдаланылды. Стахановшылар мен екпінділер қазақ даласында дүниеге келіп жатқан өндіріс орындарының маңызына терең мән берді, болашағына сенді. Сондықтан барлық жұмысшылар қатаң ауа-райына, қиын тұрмыс жағдайына қарамастан қажырлылықпен еңбек етті. Уақытша жертөлелерде, шатырларда, киіз үйлерде тұрды. Сол кездердегі Балқаш мыс балқыту комбинатын салуға қатысқан жұмысшылардың бірі кейінірек былай деп еске алады: “Монтаждау бригадасы уақытпен санаспай жұмыс істеді, бірінші немесе екінші ауысым дегенді білмедік. Өндіріс қажет еткен кезде жұмысқа шыға беретінбіз. Жұрттың бәрі ынта-жігермен жұмыс істеді, өйткені шөл даланы бас идіріп, түсті металлургия алыбының салынатынын білдік және соған сендік”. 1930 жылдың басында республикадағы екпінділер саны 10 мыңнан асты. Әсіресе Т. Күзембаев, Ә.Мұрынбаев, М.Сағымбеков, С.Өтебаев, Б.Нұрмағамбетов, З.Табылдинова   А. Сафин және тағы басқа қазақ еңбеккерлері еңбек даңқына бөленді.
Қазақстанда индустрияландыру ісі болашақ өнеркәсіп үшін қажетті табиғи байлықтарды зерттеуден басталды. КСРО Ғылым академиясы 20 – жылдардың аяғы 30 – жылдардың басында көптеген көрнекті ғалымдардың қатысуымен ұйымдастырған кешенді экспедициялар іс жүзінде республиканың бүкіл аумағын қамтыды. Академик Н. С. Курнаков Орталық Қазақстанның минерал–шикізат байлықтарын зерттеп, «ҚАҚСР –і Кеңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы» деген тұжырым жасады. Академик И. М. Губкин Орал – Ембі мұнайлы ауданын зерттеп, бұл кен орны -мұнайға аса бай облыстардың бірі деп қорытындылады. Қазақтың жас инженер–геологы Қ.И. Сәтбаев Жезқазған ауданындағы мыс кені орындарын мұқият зерттеп, аймақтың болашағы зор екенін дәлелдеп берді.