Заттың атын білдіретін сөздер. Бәйшешек. Жауқазын
№56 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер. Бәйшешек. Жауқазын
Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың заттын атын білдіретін сөздер туралы түсініктерін кеңейту.Көктемнің алғашқы гүлдері бәйшешек пен жауқазынмен таныстырып, өлеңдерді оқып беру. ә) Оқу жылдамдықтарын арттыру.Сөйлеу тілдерін дамыту, сөздік қорларын молайту,есте сақтау қабілетін арттыру б) Әдемілікке, қамқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: сауысқан мен көкектің суреті, кесте.
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау:Сауысқан мен көкек ертегісі туралы түсінгендерін сұрау. суреттерді бағалау 88-жаттығуды оқыта отырып тексеру.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Карточкалар үлестіру.Берілген тапсырмалар мен сұрақтар арқылы білімдерін жан-жақты тексеру.
- Мақсат қою кезеңі:-Біз бүгін Көктемнің алғашқы жаршысы Жауқазын мен бәйшешек туралы білетін боламыз.Кім?кімдер?Не Нелер? Сұрақтарына жауап беретін сөздер туралы білетін боласыңдар
- Жаңа сабақ:89-жаттығу Сұрақтарға жауап беру.Машинаны кім жүргізеді? ЖүргізушіКөмірді кім қазады?шахтерЭлектрді кім жөндейді? –монтерТүсінік беріп өту.
Кім?Кімдер? сдеген сұрақтар адамға байланыстықойылады:аға,ат,ұшқыш,
Не?Нелер? деген сұрақтар заттар мен жануарларға байланысты қойылады.Тоқылдақ, қайың, машиналар. 90-жаттығу Заттың атын білдіретін сөздерді атаңдар.Оқыту арқылы түсіндіру.Әдеби мәтін тапсырмасымен жұмыс жүргізу.Қазір қай мезгіл?Көктем
Көктемде қандай өзгерістер болады?Қар ериді,бүршік жарады, жер көктейді.т.б.
Ал ендеше осы көктемде бізге көктемнің алғашқы хабарын жеткізетін бәйшешек, жауқазын деген гүлдер өседі екен.(Олардың суретін көрсетіп ұқсастықтары мен өзгешеліктерін көрсету).Осы гүлдер туцралы жазылған Н.Әлімқұлов пен Н.Айтовтың өлеңдерімен танысамыз.Екі өлеңді мәнерлеп оқып беру.Түсіндіру.Осы гүлдерденбасқа қандай гүлдер түрлерін білесіңдер?
VI.Жаңа материалды пысықтау:Қосымша әр түрлі тапсырмалар орындату
VII.Бекіту кезеңі:Сөздік диктант жазғызу
VIII.Үйге тапсырма, бағалау : Екі өлеңнен ұнағанын жаттау.91-жаттығу