Голощекин геноциді және қазақ ауылының қасіреті
Голощекин геноциді және қазақ ауылының қасіреті
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстанда Кеңес өкіметінің ұжымдастыру жылдарында жүргізген зұлмат саясатының салдары, голощекиндік «кіші қазан». Геноцид саясатының мән-мағынасы, барысы туралы.
Дамытушылық: Кеңес өкіметінің ұжымдастыру жылдарында жүргізген зұлмат саясатыынң салдарын анықтайды, голощекиндік «Кіші қазан» курсының мән-мағынасын ашады, геноцид саясатының салдарын талдайды, талқылап, ой-пікір айтады, қорытынды шығарып, тұжырым жасайды.
Тәрбиелік: Голощекиннің асыра сілтеуі қазақ ауылын білмейтін кейбір қайраткерлер мен қазақ зиялыларының іс-әрекеті негізінде оқушыны ұлттық патриоттық тәрбиеге баулу.
Тірек-ұғымдар: «Кіші қазан», тап күресі, бай, кулак, ауылды кеңестендіру, ұжымдастыру, ашаршылық.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты игеру.
Сабақтың жабдықталуы: Карта, электрондық оқулық, ватман, фламастер.
Сабақ әдіс-тәсілі: Миға шабуыл, СТО, сұрақ-жауап, болжам, ой-пікірлерін айту, жауапты негіздеу, топтық.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Топқа бөлу(фигуралар арқылы үш топқа бөлінеді). Топ бір-бірін таныстырады. Психологиялық треннинг «Амандасу». Топтың атын құрастырады.
ІІ. Жаңа сабақты меңгерту.
1.1925-1933 жылдары Қазақстанды кім басқарды?
- Голощекиннің Қазақстанда жүргізген саясаты.
3.Ұжымдастыру бағыты қашан жарияланды?
4.Оның салдары қандай?
- «Геноцид» дегеніміз не? Ендеше, біздің бүгінгі сабақтың тақырыбы: Голощекин геноциді және қазақ ауылының қасіреті.
Сабақта қандай мақсат қоямыз? Оқушылар сабақ мақсатын анықтайды.
1.Мағынаны ажырату. Әр топқа тақырып беріледі. Топта оқып, талқылап ватманға тірек-сызба жасайды.
1-топ. Ұжымдастыруға дейінгі қазақ ауылы, күштеп ұжымдастыру.
2-топ. Асыра сілтеушілік зардаптары.
3-топ. Шаруалардың жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылығы.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1.Оқушыларға алдын-ала берілген тақырыптар бойынша оқушылардың қосымша дайындаған ақпараттарын ұсыну.
1.Сандар мен цифрлар сөйлейді.
2.Аштықты өз көзімен көргендер атынан сөйлеу.
3.Ұжымдастыру барысы туралы
4.Адам құқығының бұзылу фактісін анықтап, сараптама жүргізу.
- Ұжымдастыруды сендер қалай жүргізуші едіңдер? Пікірлеріңді айтып, ойларынды негізде.
Мұғалім сөзі: Қазақтардың көшуі, елге оралуы, ұлттық қауіпсіздік.
ІV.Пысықтау.
1.Тірек –сөздерге анықтама:
Ұжымдастыру-
«Кіші қазан»-
Орташа шаруа-
Тап күресі-
«бай», «кулак»-
Тәркілеу-
2.Тест
- Ұжымдастыру бағыты қай съезде жарияланды?
А) XII съезде ә) XV съезде б) XVI съезде
- Ұжымдастыруды аяқтау мерзімі белгіленді?
А) 1932 ж. көктемде ә) 1932 ж. күзде б) 1932 ж. Жазында
- Қазақстанда күштеп ұжымдастыру жылдарында болған көтерілістер мен жаппай толқулар саны:
А)217 ә)372 б)392
- Шаруашылықта ұжымдастыру 1931 ж. қаншаға жетті?
А) 70% ә) 55% б) 65 %
- «Қазақ жерінде көршілес өлкелерге көшулер саны артуда» -деп жазған кім?
А) Голощекин ә) Рысқұлов б) Дулатов
- Ауыл шаруашылығында ұжымдастыруда негізгі ұстанымдар?
А) егіншілік пен дербестік ә) материалдық мүдделікпен ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезең-кезеңмен өтуі б) екеуі де
- 1933 ж. малдың саны қанша?
А) 40,5 млн. ә) 4,5 млн. б) 3,5 млн.
- Аштық пен түрлі індеттерден халықтың қанша пайызы қырылды?
А) 40 ә) 50 б) 30
- Аштық апаты мен себебі туралы Голощекинге хат жазды?
А) Мүсірепов, Қуанышев ә) Сейфуллин, Жансүгіров б) Майлин, Жангелдин
- Қорытынды. Insеrt әдісі бойынша оқушылардан жеке сұрап шығамын.
Нені білемін. Нені білдім. Нені білгім келеді?
VІ.Үйге тапсырма.
5 тест тапсырмасын құрап келу.