Заттың атын білдіретін сөздер.Апама.Анаға сыйлаймыз.
№57сабақ. Сабақтың тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер.Апама.Анаға сыйлаймыз.
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға 8-наурыз аналар мерекесі туралы өлеңдермен таныстыру. ә) Сөйлеу тілдерін, есте сақтау,қабілеттерін дамыту сөздік қорларын молайту. б)ананы сыйлауға,қадірлеуге , тыңдауға , әдемілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: сауысқан мен көкектің суреті, кесте.
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау:Өлеңді мәнерлеп оқыту, жатқа сұрау
салған суреттерін тексеру 91-жаттығуды тексеру
Ережелерді сұрау
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі«Саңырауқұлақтар жинау» ойынын ойнату арқылы білімдерін пысықтау
- Мақсат қою кезеңі-Біз бүгін 8-наурыз аналар мерекесі туралы біліп, «Апама», «Анаға сыйлаймыз» өлеідерімен танысамыз.заттың атын білдіретін сөздер туралы тереңірек білу мақсатында жаттығулар орындамыз
- Жаңа сабақЗаттың атын білдіретін сөздер туралы түсінікті бір қайталап өту.Жыл мезгілдері туралы сұрау, атау.92-жаттығу Көктем мезгілі туралы әңгімелеу.Мәтінді оқыту.Көктем ағаштар, мал туралы айтылған сөйлемдерді көшіріп жазу.Не?Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сызғызу.
Көктем болды.Ағаштар бүршік жарды.8-наурыз халықаралық аналар мен қыздар мерекесі.Бұл мереке көктемде болатын алғашқы мереке.Бұл күні барлық адамдар өз аналарын, әпкелерін, жеңгелерін, құттықтайды.Ал енді сендерге жаттап алып аналар мерекесінде айтсын деп «Апама», «Анаға сыйлаймыз» өлеңдері беріліпті.Ендеше сол өлеңдерді тыңдайық.Өлеңдерді мәнерлеп оқып беру.Түсіндіру, өлеңді кезекпен мәнерлеп оқыту.
VI.Жаңа материалды пысықтау:Шағын тестжүргізу.Өйткені заттың атын білдіретін сөздер туралы соңғы сабақ болғандықтан тест арқылы білімдерін тексеру.
VII.Бекіту кезеңі:Қосымша тапсырмалар орындату
VIII.Үйге тапсырма, бағалау: «Апама» өлеңін жаттау 93-жаттығу Аналар мерекесіне құттықтау жасау.