Германия Федеративтік Республикасы

Германия Федеративтік Республикасы

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға екінші дүние жүзілік соғыста жаулап алынған аймақтардағы саяси, экономикалық өзгерістерді түсіндіру.
  2. Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын өзіндік жұмыс, презентация, мәтінмен жұмыс арқылы салыстыру, талдау, қосымша деректерден мәлімет беру, ізденімпаздық қабілетін арттыру.
  3. Тәрбиелік: Оқушыларды өз Отанының тарихын біліп қана қоймай, әлем елдерінің тарихын, қазіргі халықаралық жағдайын Қазақстанмен байланыстыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Технологиясы:Саяси тұрғыдан ойлау және жазу стратегиялары.

Сабақ әдісі: картамен жұмыс, презентация жасау, мәтінмен өзіндік жұмыс, ізденіс-зерттеу жұмыстары,  деректер арқылы салыстыру, талдау.

Көрнекіліктер: слайдтар, презентация, саяси карта, тірек-сызба, бейнетаспа.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі ( сынып оқушылары 5 топқа бөлініп отырады.)

IIӨткен материалды қайталау.

 

  1. Картамен жұмыс сұрақтары: ( саяси картадан көрсетіп, ауызша сұрақ- жауап әдісін пайдалану)
  2. 1930 жылдары дүние жүзіне үстемдік етуге ұмтылған қарама-қарсы екі одақ құрылды. Біреуі Жапония, екіншісін атаңыз.
  3. Фашистік коалицияға қарсы екінші топ елдерін атаңыз

III. Үйге берілген тапсырманы сұрау

«Пирамида құру» — дидактикалық ойын арқылы.

Шарты: Ватманнан түрлі-түсті қағаздан пирамида кескінін жасап, қиып әрбір санның артына сұрақтарды жазады. Оқушы дұрыс жауап қайтарса, бірінші саннан бастап пирамида құрылысын бастайды.

 

 

 

10

 

9

 

8

 

7

 

6

 

5

 

  • Сталинград түбіндегі шайқас қай жылы болды?

1942 жылы күз айы

  • Курск түбіндегі шайқас қай жылы болды?

1943 жылы жазда

  • Қашан АҚШ десанттары Африкада Италия-Германия әскери топтарын тізе бүгуге мәжбүр етті?

1942 8-қарашада

  • Оңтүстік Италия қашан басып алынды?

1943  10 шілде

  • Нешінші жылдың басында Кеңес Армиясы жаппай шабуылға шықты?

1944ж басында

  • Нешінші жылдың басыңда фашистік блок толығымен қирады?

1945ж басында

  • Кеңес әскерлері Венаға және Берлинге қашан басып кірді?

1945ж  13 Сәуірде 24 сәуірде Берлинді

  • Гитлер өзін өзі атып өлтірді қашан?

1945 ж 30 сәуір

  • Қашан АҚШ тың «Миссури» атты кемесінде Жапония сөзсіз тізе бүгу актісіне қол қойды?

1945    2-Қыркүйек

 Жаңа сабақты түсіндіру:   

Экономикалық өзгерістер

  • шаруашылық құлдырады
  • қаржы жүйесінің күйреуі
  • халықтың әл-ауқатының нашарлауы
  • кәсіпорындар тәркіленді
  • аграрлық реформа
  • ақша реформасы

Саяси өзгерістер:

1946 жылы қазан айында Халықаралық Нюрнберг соты

Нюрнберг процесі – Фашистік Германияның басты әскери қылмыскерлер тобына қарсы сот процесі. Нюрнберг қаласында (Германия) 1945 жылдың 20 қарашасынан 1946 жылдың 1 қазанына дейінгі аралықта өтті. Нюрнберг процесін одақтастарының (КСРО, АҚШ, Ұлыбритания, Франция)1945 жылы 8 тамызда Лондон қаласындағы келесімінің негізінде құрылған Халықаралық әскери трибуналы жүргізді.

«Венн диаграммасы»  арқылы салыстыру.

 

 

 

 

 

  • Фашистік партияның орталық және жергілікті ұйымдары жойылды
  • Германия қарулы күштері таратылды
  • Нацистік жүйемен байланыста болған азаматтар саяси қызметтерден аластатылып, елдің саяси өміріне қатыса алмады.

 

 

Қорытынды

Үй жұмысы:  ГФР тақырыбын оқу,  Германия мен Қазақстанның арасындағы саяси –экономикалық,мәдени байланыстар жайында мәлімет әкелу.