Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы. Патсдам(Берлин) конференциясы.. Біріккен Ұлттар Ұйымын құру

Тақырыбы : Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы. Патсдам(Берлин) конференциясы.. Біріккен Ұлттар Ұйымын құру

Пән : Дүние жүзі тарихы

Сабақтың  мақсаты .

Білімділік :Оқушыларға екінші дүние жүзілік соғыс жайлы, фашизмге қарсы

шайқастар, соғыстың салдары жайында түсіндіру.БҰҰ-ның әлемдік қарым-қатынасты ізгілендірудегі атқарған іс-шараларына баға беру.

Дамытушылық : Тақырып бойынша өз бетінше іздену, зерттеу, шығармашылық жұмыс істеуге дағдыландыру, ой-өрісін дамыту.Материалдарды  тұжырымдап аяқтау, жүйелі ойлау мен талдай білу, бірлесіп және өздігінен  жұмыс істеу дағдыларын  жетілдіре отырып, оқушының жан- жақты іздене білуін қалыптастыру

Тәрбиелік :Оқушыларға отан сүйгіштік сезімді қалыптастыру және  оларды өз Отанын қорғауға дайын болуға тәрбиелеу.

Сабақтың  типі: аралас сабақ

Сабақтың қамтамасыздандырылуы

а) оқу-көрнекілік  құралдар :

  • «Екінші дүниежүзілік соғыс қорытындылары » кесте, суреттер.
  • Екінші дүниежүзілік соғыстың картасы.
  • 1941-1945 жж. Ұлы Отан Соғысының картасы;

б) ТОҚ :  Интерактивті тақта (Слайд)

Пәнаралық байланыс : Саясаттану,қазақ әдебиеті.

Алғашқы әскери дайындық

Қолданылатын  әдебиет

Негізгі:Г.К.Көкебаева, Ж.И.Салпынов «Қазіргі заман тарихы»

Қосымша: О.С.Сорока-Цюпа, В.П.Смирнов, А.И.Строганов, Г.Д.Сүгірбаева

«XX-ғасырдағы дүние жүзі».  Ә.Шүпеков, К.Қожахметұлы,

М.Дәкенов, М.Сембинов  «Дүние жүзі тарихы»

Сабақ жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. ( 2 мин)
  2. Оқушылардың біліктілігі мен  дағдысын тексеру (23 мин)
  • Жаңа тақырыптың мазмұнымен жүйесі.                 (25 мин)
  1. Жаңа материалды бекіту   ( 5 мин)
  2. Сабақтың қорытындысы  ( 5 мин)
  3. Рефлексия         ( 5 мин)
  • Бағалау                                                                            ( 5 мин)
  • Үйге тапсырма.                        (5 мин)

 

Сабақтың өту барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу.

-Оқушыларды түгендеу.

-Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу.

II.Оқушылардың біліктілігі  мен  дағдысын тексеру

  • «Кім,қайда,қашан?»

«Кім?»

11917жылғы Социалистік революцияның көсемі? В.И.Ленин
2«14-пунктің» авторы АҚШ президентіВудро Вильсон
3АҚШ «Жаңа бағыт» саясатының авторы?Ф.Д.Рузвельт
4«Менің күресім» деп аталған еңбектің авторы?А. Гитлер
5Романовтар әулетінің соңғы патшасы?II-Николай
6«Пейілдендіру саясатын» белсенді жүргізген ағылшын премьер-министрі? Невелл Чемберлен
71914жылы 28-маусымда Сараевода өлтірілген ханзада?Франц Фердинанд

                                                             «Қайда?»

1Социалистік революцияның бесігі болған қала?Санк- Петербург
21917жылы 28-шілдеде Австрия-Венгрия соғыс жариялады?Сербияға
31918жылы 11-қарашада 1-дүниежүзілік соғыс аяқталдыКомпьен орманында
4А.Гитлер «Майн кампф»  деген кітап жазды?Түрмеде
5Жапония 1931жылы басып кірді?Маньчжурия
61932жылы Лозанна конференциясында репарация төлеуден босатылды?Германия
71922жылы қазан айында фашистік отрядтар жорық жасады?Римге

 

«Қашан?»

1I-Дүниежүзілік соғыс аяқталды?1918жылы 11қарашада
2КСРО құрылды?1922жыл 30-желтоқсан
3Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс болды?1929-1933жыл
4«Дауэс жоспары» қабылданды?1924жылы
5Шабуыл жасаспау туралы кеңес-герман пактісіне қол қойылды?1939жылы 23-тамыз
6Екінші дүниежүзілік соғыс басталды?1939жыл 1-қыркүйек
7Ұлы Отан соғысы басталды?1941жыл 22-маусым.

 

 

II Дүние жүзілік соғыс жылдарында бұл адамдардың есімі несімен белгілі болды?
1РиббентропГермания сыртқы істер министрі
2Ф. РузвельтАҚШ президенті
3Д. ЭйзенхауэрОдақтастар әскерін басқарған американ генералы
4У. ЧерчилльҰлыбритания премьер-министрі
5Шарль де ГолльФранция Қарсыласу қозғалысының жетекшісі
6В. Молотов1939жылы 23-тамызда құпия хаттамаға қол қойған КСРО сыртқы істер министрі
7Г. Жуков1945жылы  8-мамырда Германияның жеңілгендігіне қол қойған маршал)
8Кейтель1945жылы  8-мамырда Германияның жеңілгендігіне қол қойған фельдмаршал)
9Паулюс-1942жылы 19-қарашада Кеңес әскерлері Сталинград түбінде үлкен шайқас бастады, соның нәтижесінде 22-фашист дивизиясы қоршауға алынды. Екі айға жуық қарсылық көрсетуден кейін генерал- фельдмаршал Паулюс басқарған7-неміс армиясы тізе бүкті.)
10Иосип Броз ТитоЮгославия азаттық  күресінің жетекшісі

 

 

 

 

Әскери операцияларға баға бер?: 

 

 

 

1“Барбаросса”Фашистік Германияның Кеңес Одағын жылдам талқандау

жоспары

2“Ост”Фашистік Германияның  Кеңес Одағымен Шығыс Европаны  мекендеген халықтарды қырып-жою жоспары
3“Вайс”Польшаға шабуыл жасау жоспары
4“Теңіз арыстаны”Аңглияны әуеден үздіксіз бомбалау жоспары
5“Тайфун”Фашистік Германияның Мәскеуге шабуыл жоспары
6“Эдельвейс”Фашистік Германияның Солтүстік Кавказды жаулап алу

жоспары

7“Цитодель”Гитлер армиясының Курск аймағына басып кіру жоспары
8“Багратион”Қызыл Армияның Белоруссияны азат ету жоспары
9“Оверлорд”1944жылы 6-маусымда Францияның солтүстік -батысында Нормандияда  ағылшын-американ әскерлерін түсіру бойынша «Оверлорд» операциясы басталды, оның мақсаты екінші майданды ашу.
10УранСталинградтағы неміс әскерлерін қоршап алу

 

Болған оқиғаларды жаз:
11938жыл

29-30қыркүйек

«Мюнхен келісімі»
21939жыл 30-қараша

1940жыл 12-наурыз

Кеңес-Фин соғысы
31940жылы

27-қыркүйек

Германия,Италия, Жапония мемлекеттері «Құрыштық пактіге» қол қойып, әскери -саяси одақ құрды
41941жыл наурызАҚШ конгресі Ленд-лиз заңын қабылдады

(қарыз беру заңы)

51941жыл 8-желтоқсанАҚШ конгресі Жапонияға соғыс жариялады
61941жыл 11-желтоқсанГермания мен Италия АҚШ-қа соғыс жариялады.
71943жыл  28-қараша

1-желтоқсан

Тегеран конференциясы
81941жыл 14-тамызАҚШ пен Ұлыбритания «Атлантикалық хартия» деп аталған құжатқа қол қойды.
91942жыл 1-қаңтарВашингтонда 26-мемлекет фашистік елдер одағына қарсы бірігіп күресу туралы құжатқа қол қойды.
101943жыл 25-шілдеИталияда Муссолини орнынан түсіріліп, қамауға алынды.

 

Терминдерге түсінік бер:
1Автотаризм 
2Тотолитаризм 
3Модернизация 
4Фашизм 
5Шовинизм 
6Репорация 
7Ленд – Лиз 
8Миллитаризм 
9Конвенция 
10Агрессия 

 

 

 

 

 

Р/сЖылдарШайқастар
11942жыл 19-қараша

1943жыл  2-ақпан

 

Сталинград шайқасы

2

 

1941жыл 10-шілде

1944жыл  9-тамыз

Ленинград шайқасы

(900 күн)

3

 

1943жыл 5-шілде

1943жыл 23-тамыз

Курск доғасындағы шайқас
4

 

1941жыл 30-қыркүйек

1942жыл 20-сәуір

Мәскеу үшін шайқас
5

 

1945жыл 16-сәуір

1945жыл 8-мамыр

Берлин шайқасы
61941жыл 7-желтоқсанПерл – Харбор шайқасы
71943 жылдың

қыркүйек- қараша

Днепр үшін шайқас
81945жыл қаңтарВисла-Одер операциясы. Шайқас Балтық теңізінен

Карпатқа дейінгі майданда жүргізілді.

 

III.Жаңа  тақырыптың мазмұны  мен жүйесі

Жоспар

  1. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы.Соғыстың қорытындылары.
  2. Патсдам(Берлин) конференциясы
  3. Біріккен Ұлттар Ұйымын құру.

 

  1. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы. Соғыстың қорытындылары.
 XVII ғасырда3млн 300мың адам
 XVIII ғасырда5млн 200мың адам
 XIX ғасырда5млн 500мың адам
 Негізгі көрсеткіштеріБірінші дүниежүзілік соғысЕкінші дүниежүзілік соғыс

(2194-күн)

1Басталуы және аяқталуы1914жыл 28 шілде

1918жыл 11 қараша

1939жыл 1 қыркүйек

1945жыл 2 қыркүйек

2Соғыстың ұзақтығы4жыл 3 ай6жыл
3Соғысқа қатысқан мемлекеттер саны3872
4ШайқастарМарна шайқасы,

Верден шайқасы     Сомма шайқасы, Капоретта шайқасы,

Мәскеу, Ленинград, Сталинград, Курск доғасы, Перл-Харбор.
5ҚолбасшыларГенерал:Шлиффен,

Генерал А.А.Брусилов,

Француз қолбасшысы:

Нивель, Француздар  бас қолбасшысы:

Ж.Ж.Жоффр

Генерал:Д.Эйзенхауэр,

Маршал: Г.К.Жуков,

Генерал: Д.Макартур,  генерал Эрвин Роммель,

К.К.Рокоссовский,Н.Ф.Ватутин, А.И.Еременко,

6Қару түрлеріҰшақ, Минамет, Танк, Химиялық қару«Катюша»

Атом бомбасы

7Соғысқа қатысқан мемлекеттердің халық саны1 млрд –тан астам адам1,700млрд адамды құрады
8Соғыс қимылдары өткен жер көлеміСоғыс 4 млн шаршы шақырым жерді қамтыды.

 

Соғыс 22млн шаршы шақырым жерді қамтыды.
9Әскерге мобилизация-ланғандардың саны70 млн адамнан астам110 млн адамнан астам
10Қаза тапқандар саны13,6 млн адамнан астам64 млн адамнан астам
11Жараланғандар мен мүгедектер20 млн жуық90 млн адамнан астам
12Материалдық шығындары ( млрд доллар есебінде)3604000
13              КСРО

Ұлы Отан соғысы

(1418күн)

 27 млн. адам қаза тапты, 2,6 млн. адам мүгедек болды, 1710 қала мен қала типтес елдімекендер қирады, 70 мың ауыл жойылды,25млн адам баспанасыз қалды, 32мыңнан астам өнеркәсіп істен шықты.
14ҚазақстанҰлы Отан соғысындағы ерліктері үшін Кеңес Одағы Батыры атағын алғандар: Барлығы-11600адам, Қазақстандықтар 497, қазақтар 97, қазақ қыздары 2.

ҰОС-да қаза тапқан қазақстандықтар 600мыңнан астам.

Соғысқа 500 мың қазақ аттанған. Оның 70% қайтыс болған

 

  1. Патсдам(Берлин) конференциясы
Тегеран

конференциясы

Ялта (Қырым) конференциясыПотсдам (Берлин) конференциясы
11943жыл 28 қараша

1 желтоқсан.

1945жыл.4-11 ақпан.

 

1945жыл.17 шілде

                  2 тамыз

 2КСРО-И.Сталин,

АҚШ-Ф.Д.Рузвельт,

Аңглия- У.Черчилль

И.Сталин,

Ф.Д.Рузвельт,

У.Черчилль

КСРО- И.В.Сталин,

АҚШ- Г.Трумэн,

Англия-У.Черчилль

( 28-шілдеден кейін

Климент Эттли)

31944жылғы соғыс қимылдарын бірлесе жүргізу мәселесін және соғыстан кейінгі реттеу мәселесін талқылау.  Екінші майданды ашу.

Германияны талқандаған соң КСРО Жапонияға қарсы соғыс ашуға уәде берді.

Германияның болашағы туралы шешім қабылдау.

Германияны талқандағанша соғысты жалғастыру, фашистік ұйымдарды тарату, соғыс өнеркәсібін жойып, демократиялық бостандықтарды қалпына келтіру. Германияны талқандаған соң КСРО 2-3 айда Жапонияға қарсы соғыс ашуға тағы да  уәде берді.

 

Соғыстан кейінгі Германия мәселесін реттеу: Герман әскерін тарату, соғыс өнеркәсібін жою, ұлттық- социалистік партияны жою, халықаралық әскери трибунал құру, Шығыс Пруссияның Кенисберг қаласы-КСРО-ға берілді.

Шығыс Германиядан алынатын төлемдерді түгел иемденуге келісті.

1945ж 8-тамыз КСРО Жапонияға соғыс жариялады.

 

 

 

 

 

3.Біріккен Ұлттар Ұйымын құру.

 

Біріккен Ұлттар Ұйымы – екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттерінің белсенділік танытуымен құрылған халықаралық ұйым. 1945 жылы Сан-Францискодағы конференцияда антигитлерлік коалицияға мүше мемлекеттердің ұсынысымен күштерін біріктіру мақсатында кұрылған егеменді мемлекеттердің халықаралық ұйымы.Бас кеңсесі орналасуы — Нью-Йорк, АҚШ. Қазір  БҰҰ құрамына 192 мемлекет кіреді.Декларациясы Сан-Францискода 1945ж. 24 қазанда қабылданды. Бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының күні деп жарияланды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының ең басты әрі негізгі құжаты оның Жарғысы болып табылады. Тарихи деректерді алға тартсақ, Ұйым Жарғысының жобасы КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттері өкілдерінің қатысуымен жасалған. Құжат бес тілде – орыс, ағылшын, қытай, француз және испан тілдерінде дайындалып, оған 1945 жылдың 26 маусымында Сан-Франциско конференциясында 51 мемлекет қол қойды. Ал Жарғы сол жылдың 24 қазанында аталмыш конференцияға қатысушы елдердің Жарғыны ратификациялауларына байланысты күшіне енгізілді. Содан бері 24 қазан халықаралық қоғамдастықта Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылған күні ретінде кеңінен аталып өтіп жүр.

Мақсаты:

Жарғысына сәйкес, БҰҰ өз қызметінде келесі 4 мақсатты көздейді:

бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау;

ұлттар арасындағы достық қатынастарды дамыту;

халықаралық мәселелерді шешуде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру мен адам құқығын құрметтеуді қолдау;

осы мақсаттарға қол жеткізуде ұлттардың бірлесіп әрекет ететін орталығы болу.

БҰҰ алты негізгі органдардан тұрады.

1.Бас Ассамблея , 2.Қауіпсіздік Кеңес   (15-5)  3.Экономикалық және әлеуметтік кеңес

4.Хатшылық –       5.Қамқорлық жөніндегі кеңес        6.Халықаралық сот

 

16 арнаулы мекеме: Дүниежүзілік банк, МАГАТЭ, ЮНЕСКО, Халықаралық денсаулық сақтау ұйымы, БҰҰ-ң балалар қоры(ЮНИСЕФ),БҰҰ-ң өнеркәсіпті дамыту жөніндегі мекесі,т.б., және арнаулы комиссиялар: Халықаралық Құқық комиссиясы, Халықарықаралық Сауда құқығы жөніндегі комиссиясы.

 

 

  1. Жаңа материалды бекіту, біліктілік пен  дағдыны қалыптастыру
  2. Германия мен Жапония озбырлық саясат жүргізгені үшін қалай

жазаланды?

  1. Қырым-Патсдам жүйесіне сәйкес шекаралар қалай өзгерді?
  2. 3. БҰҰ алдында қандай мақсаттар мен талаптар қойылған?
  3. Хиросима мен Нагасакиге атом бомбаларының тасталуына сендердің

көзқарастарың қандай?

 

V.Сабақтың қорытындысы

  1. Потсдам конференциясы қандай мақсатпен шақырылды?

2.Қазақстан БҰҰ-на нешінші жылы мүше болды? (1992жыл 2-наурыз)

  1. Алпыс жылдан аса уақыт бойына жаңа дүниежүзілік соғысты болдырмауға

дүниежүзілік қауымдастықтың қолы қалай жетіп отыр? Келешекте мұндай

соғыстардың болмайтындығына кепілдік бар ма?

  1. Ұлы Отан соғысына қатысқан аталарың?

 

  1. Рефлексия

1.Сабақтан алған әсерлерің қандай? Ұнады ма?

2.Сабақта өз білімімді көрсете алмадым деген оқушылар қол көтеріңіздер?

Себебі неде деп ойлайсыңдар?

3.Бүгінгі сабақтан нені түсіндік деп ойлайсыңдар?

 

VII. Бағалау.

____________________________________________________________________________________________________________________________________

                                                     VIII. Рефлексия.

 

  1. Менің сабақтағы көңіл-күйім?
  2. Менің бүгінгі сабақтан үйренгенім?
  3. Маған бүгінгі сабақтан ұнағаны?
  4. Маған бүгінгі сабақтан ұнамағаны

 

  1. IX. Үй тапсырмасы:

Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы. Патсдам конференциясы.

Біріккен Ұлттар Ұйымы.

  • «Бәрімізге ортақ Ұлы Жеңіс» тақырыбында шығарма жазу.
  • I-топқа А.Гитлер

II-топқа  А.Македонский

III-топқа  Шыңғысхан.

Берілген тұлғаларға сипаттама беру (ортақ мақсаттары қандай, мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттері қандай, нәтижесі).

  • Отан туралы мақал-мәтелдер.

Мысалы:  «Отан үшін отқа түс күймейсің» Б.Момышұлы.

  • «Ұлы Отан Соғысы кезіндегі Қазақстан» атты реферат немесе қысқаша баяндама дайындау.