Ежелгі Египеттің әдебиеті мен өнері
Ежелгі Египеттің әдебиеті мен өнері
Сабақтың мақсаты :
Ежелгі Египет мемлекетінің көне әдебиетімен , дінімен , өнерімен оқушыларды жан-жақты таныстыру . Көне замандағы тарихи ескерткіштердің бірі пирамида құрылыстарымен оқушыларды етене таныстырып , ел тарихын толық меңгерту . Қосымша деректермен , тірек –сызбалармен жұмыс жүргізу арқылы оқушылардың білімін жетілдіру .
Көрнекі құралдар :
Дүние жүзі саяси картасы , Египеттің картасы , Тірек – сызбалар , кестелер .
Сабақ түрі : Аралас сабақ .
Сабақ әдісі : Әңгімелесу , пікірлесу түрінде , сұрақ – жауап , тірек – сызбаларды , кестелерді пайдалану .
Сабақ барысы :
- Ұйымдастыру кезеңі .
- Египетке саяхат – Оқушылардың қызығушылығын ояту .
- Үй тапсырмасын тексеру — $ 7 Египеттегі ғылыми білім негіздері
- Жаңа сабақ — $ 8 Ежелгі Египеттің әдебиеті мен өнері
- Бекіту кезеңі
- Қортындылау
- Үй тапсырмасын беру
1 .Ұйымдастыру кезеңі – 1 минут .
Оқушыларды түгелдеу , сабаққа дайындықтарын тексеру . Жаңа сабақтың өткен сабақпен тығыз байланысты екенін ескере келіп , үйге берілген тапсырманы талдаудан бастау .
- Египетке саяхат – 15 минут .
Оқушыларды Египет мемлекетіне саяхат жасату . Картадан Египетті көрсету. .
Егиет елінің саяси және экономикасымен , өткен тарихи жағдайларымен оқушыларды таныстыра кету . Оқушылардан түсінгенін қысқаша сұрақ – жауап арқылы тексеру .
Төмендегі хронологиялық кестемен жұмыс істеу
Хронологиялық кесте
Египет мемлекеті | Тарихи оқиғалар |
Ежелгі заманда ( Б. з . б ХХХ – б.з Ү ғасырлар) | |
Б .з.б ХХХ – ХХ ғасырлар | Египетте өркениет пайда болды , егіншілік дамыды . Қалалар салынып , мемлекеттер құрылды , білім дамыды . |
Б. з . б 3000жылдар | Египет біріккен қуатты мемлекетке айналды . Астанасы – Мемфис Алғашқы перғауыны – Менес . |
Б. з. б 2600 жылдар | Ең биік пирамида Хеопс пирамидасы салынды . Биіктігі – 150 метр . |
Б. з. Б 1500 жылдар | Египет перғауыны ІІІ Тутмос перғауын Алдыңғы Азия елдерімен оңтүстікте Нубия елдерін жаулап алды |
Б.з . б Ү ғасырда | Ежелгі Египетті парсылар жаулап алды . Египет Ұлан байтақ Парсы патшалығына бағынды |
Б. з . б ІҮ ғасырда | Египетті Александр Македонский жаулап алды . Александрия қаласын салдырды |
Б.з .б І ғасырда | Египетті Рим империясы жаулап алды . Египет елі І – Ү ғасырларда Рим империясына бағынды |
Орта ғасырларда ( б.з Ү – ХҮІІ ғасырларда ) | |
Б.з Ү- ҮІІ ғасырларда | Египет Византия империясының қол астында болды . Египетте христиан діні тарады |
ҮІІ ғасырда | Египетті арабтар жаулап алды . Египет мұсылман дінін қабылдап , арабша Мысыр аталды . |
ІХ ғасырда | Египетте ұлы бабамыз Әл – Фараби болды Әл – Фараби Кайр мен Александрияда білім алған |
ХІІІ – ХІХ ғасырларда | Египет елін Мамлүктер билік жүргізді . Атақты мәмлүктер Бейбарыс , Айбек , Қалауындар Египетті басқарды . |
Жаңа заман ( ХҮІ – ХХ ғасыр басы) | |
ХҮІ – ХІХ ғасырларда | Египет Осман Түркиясына бағынды |
ХІХ ғасырдың аяғында | Ұлыбритания Египетті өз отарына айналдырды . Атақты Суэц каналын салдырды . |
Қазіргі заманда ( ХХ ғ – ХХІ ғасырлар) | |
1922 жылы | Египет тәуелсіздігін жариялады
|
1956 жылы | Египет Республикасы жарияланды Алғашқы президенті Г . Насыр болды . |
1981-2011 жылдар | Египеттің президенті Х. Мубарак болды |
1992 жылы | Египет Қазақстанның тәуелсіздігін таныды .
|
2.Үй тапсырмасын тексеру — $ 7 Египеттегі ғылыми білім негіздері – 10 минут .
Үй тапсырмасын тест арқылы тексеру . Жұптық жұмыс бойынша оқушыларға тест беру .
І – нұсқа
- Ежелгі Египеттегі жазу түрі.
А. Иероглиф Ә. Алфавит Б. Руна
- Ежелгі Египеттіктер неге жазған
А. Қағазға ә. Теріге Б. Папирусқа
- Египетте ең жоғары дамыған ғылым саласы
А. География Ә . Геометрия Б. Астрономия
- Египет билеушілері қалай аталды
А. Перғауын Ә. Хан Б. Император
- Арабтар Египетті қалай атады
А. Мағриб Ә. Мысыр Б. Шам
ІІ — нұсқа
- Египетте ең жоғары дамыған ғылым саласы
А. География Ә . Геометрия Б. Астрономия
- Иероглифтің саны қанша болды
А. 750 Ә. 120 Б. 179
- Папирусқа немен жазды .
А. Қаламмен Ә. Қамыспен Б. Сыммен
- Египеттіктер тұңғыш не ойлап тапты
А. Оқ – дәрі Ә. Компас Б. Күнтізбе
- Арабтар Египетті қалай атады
А. Мағриб Ә. Мысыр Б. Шам
- Ніл өзені қай құрлықта
А. Азия Ә. Африка Б. Америка
3- нұсқа
- Ніл өзені қай құрлықта
А. Азия Ә. Африка Б. Америка
- Ежелгі Египеттегі жазу түрі.
А. Иероглиф Ә. Алфавит Б. Руна
- Ежелгі Египеттіктер неге жазған
А. Қағазға ә. Теріге Б. Папирусқа
- Египеттіктер миллион санын көрсету үшін не істеген
А. Екі қолын көтерген Ә. Басын шайқаған Б. Дауыстаған
- Египеттегі әлемдегі жеті кереметтердің бірі
А. Храмдар Ә. Пирамидалар Б . Обалар
2.Жаңа сабақтың түсіндіру – $ 8 Ежелгі Египеттің әдебиеті мен өнері -15 минут .
Жаңа сабақ жоспары :
- Әдебиеті
- Ежелгі Египеттің діні
- Египеттегі храмдар
- Пирамидалар салу
Жаңа сабақты өткен тақырыппен тығыз байланыстыра отырып түсіндіру , ең әуелі әдебиетімен таныстыру . Ежелгі Египеттің аңыз әңгімелері , әдеби шығармаларының ерекшеліктерін көрсету .Келесі тақырыпшада дін ерекшеліктерін көрсету . Көне Египетте абыздардың маңызын , дін өкілдері ретінде қоғамда алатын маңызын түсіндіру .
Осирис
(Қайта тірілген құдай)
Амон – Ра ( Күн құдай)
Ежелгі
Египет құдайлары
Хапи (Ніл құдайы )
Тот ( Ақыл құдайы)
Исида (Әйел құдай) т.б .
Оқушыларға пирамидалар туралы жан – жақты түсіндіріп өту , Жеті керемет аталу себебіне тоқтала кету . Пирамидалар салу себебіне тоқтала кету . Үрей атасы сфинкстің ерекшеліктерін , сфинкстің көлемін көрсету .
Бекіту сұрақтары :
- Әдебиет шығармаларынан не білесіңдер?
- Египеттегі күн құдайы
- Құдайларға арнап не тұрғызған
- Пирамида не үшін тұрғызылған
- Египеттегі ең биік пирамида қай перғауындікі
- Сфинксті египеттіктер қалай атаған
Қ | А | Р | А | Ж | Е | Р | |||||||
И | Е | Р | О | Г | Л | И | Ф | ||||||
А | Ф | Р | И | К | А | ||||||||
П | И | Р | А | М | И | Д | А | ||||||
Х | Е | О | П | С | |||||||||
А | С | Т | Р | О | Н | О | М | И | Я | ||||
- Египет сөзі қандай мағына береді
- Ежелгі Египеттегі жазу түрі
- Египет елі қай құрлықта орналасқан
- Әлемдегі жеті кереметтің бірі
- Биіктігі 150 метр болатын пирамида
- Ежелгі Египеттегі жақсы дамыған ғылым саласы
Қортындылау — 2 минут
Үйге тапсырма пысықтап беру , оқушыларды бағалау .