Ұлы Жеңіс Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың орасан зор еңбектерін ашып көрсету.

Өткізген:Ошақбаева Г.О-тарих пәні мұғалімі. 9-сынып.

Тақырыбы: Ұлы Жеңіске -68 жыл

Білімділік мақсаты: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың

орасан зор еңбектерін ашып көрсету.

Дамытушылық мақсаты: Республикадағы әскери-патриоттық тәрбие,оның оқушылар өміріндегі маңызы,республиканың сыртқы саясаты туралы түсіне білулері,оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты:Аға ұрпақтың  ерлік оқиғаларға толы даңқты істері өшпейтіні ,оқушыларды елін,жерін сүюге ,патриотизм,интернационализм рухында тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:қалыпты емес.

Сабақтың типі:сайыс сабақ.

Әдістері:сұрақ-жауап,баяндау,топпен,жекелей жұмыс.

Пәнішілік байланыс:әдебиет,музыка,география.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

І І.Жаңа тақырыпқа көшу:

а )Мұғалімнің сөзі

Бұдан 68 жыл бұрын дүние жүзі тарихында ең сұрапыл да қырғын соғыс аяқталды.1945жылыГерман милитаризмі жеңілгені туралы ресми жариялады.

Германияны жеңуде қазақстандықтардың қосқан үлесін естен шығаруға болмайды.

Ағылшын жазушысы Верт былай деп жазды: «Қызыл армияның табанды жауынгерлерінің бірі-қазақтар еді,соғыстың барысында қазақтар өздерін жақсы жақтарынан көрсеткен еді.Ал,Сталинградты қорғауда үздік жауынгерлер-Орта Азия халықтарының өкілдері-қырғыз,қазақ,башқұрт болды» ,-деп жазса,ал,жазушы Илья Эренбург «Соғыс» деген шығармасында былай деп жазады: «Бір офицер маған мынадай әңгіме айтты,Сұмдық бір қорқынышты солдаттар бізге қарсы шабуылға шықты,олар бораған оқты елемейді ,бізді жаншып өтетіндей атой салып келе жатты,Олардың қазақтар екенін кейін білдім» ,-деп жазды.Жазушы 2-ші мақаласында:»Қазақтар жел жетпес жүйрік мініп дағдыланған.Олар қажет болса еңбектей де біледі,биік тауларға да өрмелеп щығады,саз балшыққа да малшынып жата береді.Оларды ешкім де,ештеңе де тоқтата алмайды»,-деп жазды.

ә)Бәйге

*Ұлы Отан соғысы неше күн мен түнге созылды?(1418)

*Соғыс жылдарында Кеңес Армиясының қатарында қанша  қазақстандықтар болды?(1млн.200 мың)

*Майданға Қазақстан комсомолы қатарынан қанша адам аттанды?(242 мың)

*Солардың қатарында ерекше көзге түскендер?(316-атқыштар дивизиясы,М.Ғабдуллиннің автоматшылар тобы,Балтық крейсеріндегі 156 қазақстандықтар.)

*Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық танкист қыздар кімдер?(Жамал Байтасова,Кұлкен Тоқбергенова,Күлжамила Талқанбаева,Жәмила Бейсенбаева.)

*Қазақтың байланысшы және барлаушы қыздары кімдер ?(Ағила Кенжеғалиева,Ғалия Үмбетәлиева,Майра Махатова,Зия Досбергенова,Шағила Құсановалар.)

*Кеңес Одағының батыры атағын алған қазақтың қос жұлдызы кімдер ?(Әлия Молдағұлова,Мәншүк Маметова.)

*Соғыс жылдарында концерттік бригада құрамында болып,жаралылардың жарасын таңып ,жәрдем көрсетіп,бірнеше ордендер мен медальдарға ие болған қазақ әйелі кім?(Роза Бағланова)

*Рейхстагқа ту тіккен қазақ батыры кім?(Рақымжан Қошқарбаев )

б)Көкпар

*Сұрапыл соғыс жылдарында партизан отряды қатарындағы  қазақстандықтардың рөлі қандай?

*Сұрапыл соғыс жылдарындағы қазақ әдебиеті мен өнері.

*Ұлы Отан соғысы жылдарындағы   тылдағы  қазақстандықтар  ерлігі.

*Қазақстан-соғыстың  аса маңызды арсеналы дегенді қалай түсінесіңдер?

в)Пікір жарысы(авторын атау)

* «Шындық әрқашанда жеңеді,бірақ кешігіп жүреді.»( Б.Момышұлы.)

*«Қорықпайтын адам болмайды,бірақ ақылмен қорқынышты ,үрейді жеңген адам баты.р»(Б.Момышұлы.)

* «Өз Отаныңның мүддесін қорғап ,өміріңді құрбан етуден асқан асыл мұрат жоқ.»(Жан Жак Руссо)

* «Отан-Анам,Отаным.Сенен аяр жаным жоқ,сенен іскер күшім жоқ.»

(М.Әуезов.)

г)Егер де мен болсам

Қасым  Қайсенов  бір шайқаста  жолдастарынан айрылып,жалғыз қалады. Украинаның  қалың орманы.Тірі жан жоқ. Жалғыз селоға баруға болмайды,неміс солдаттары алдынан шығады.1-2  күннен соң қалжырап,ашыға бастады.Кеңес офицерінің киімін тоғай түбіне тығып,тамақ іздей бастады.Бірақ ,тамақ таба алмады.Үшінші күні мүлде әлсірейді.Сол кезде украин шалына кездесіп,достықтары басталады.Есін жиған соң Үлкен жермен хабарласады.

д)Үштік одақ.

·        тарих·        әдебиет·        заң

 

*Тарих-Соғыс жылдарында күріш пен тары өсіруден аты шыққан адамдар кімдер?

*Әдебиет-Ұлы Отан соғысы жылдар шығармалары жарық көрген  қазақ жазушысы кім?

*Заң-Қазақ хандығында заңдар жүйесінің қалыптасуына,қазақ-жоңғар қатынастарын реттеуге  үлесін қосқан  кім?

ж)Телекөпір

-Сұрақ-жауаптар:

*Сұрақ:

1940жылғы желтоқсан айындағыГитлердің «Барбаросса» жоспарының мәні неде?

*Жауаптар:

*Күшті елдерге тиіспей,ұсақ елдерді өзіне қарату.

*Англия,Франция сияқты елдерге соққы беру.

*Кеңестік Ресейді  өте шапшаң соғыс операциясы арқылы тізе бүктіру.

*Сұрақ:

Соғыс жылдарында күріш пен тары өсіруден аттары шыққан адамдар кімдер?

*Шығанақ Берсиев пен Ыбырай Жақаев.

*Ыбырай Нұров пен Анна Дацкова.

*Сұрақ:

Соғыс кезіндегі қазақстандық ұшқыштар кімдер?

*Жауаптар:

*Талғат Бигелдинов.

*Нүркен Әбдіров.

*Сергей Луганский.

*Сұрақ:

Соғыс алдында Алматыда құрылған алғашқы әскери оқу орындары.

*Жауаптар:

*Атқыш пулемётшілер училищесі.

*авиация мектебі.

*жаяу әскер училещесі.

с)Шешендік-Ұлы Отан соғысы тақырыбына байланысты алынады

І І І.Жан-жақты білімдерін тексеру кезеңі:

а)Сұрақ-жауап.

І V.Сабақты бекіту кезеңі:

а)Мұғалім қорытындылайды.    

V.Бағалау.