Ежелгі адамдардың іс-әрекеттері, еңбек құралдары, тасты өңдеу, аңшылық, терімшілік
Бутакулова Гулназ тарих пәні мұғалімі Жаңақорған
Сыныбы: 6 Пәні: Қазақстан тарихы Күні: 13.09.2013ж.
1.Сабақтың тақырыбы: Ежелгі адамдардың іс-әрекеттері, еңбек құралдары, тасты өңдеу, аңшылық, терімшілік
2.Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі:
Қазақстанда алғашқы адамдардың іс-әрекеттері, еңбек құралдары, тасты өңдеу, аңшылық пен терімшілік туралы білу
3.Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: сиқырлы қалам, жигсо әдістері
4.Сабақтың нәтижесі:
Білу: Қазақстанда алғашқы адамдардың іс-әрекеттері, еңбек құралдары, тасты өңдеу, аңшылық пен терімшілік туралы біледі
Түсіну: адамның өміріндегі еңбектің маңызын түсінеді (көпшілігі)
Қолдану: қазіргі шаруашылық пен ежелгі адамдардың іс-әрекетін салыстыра алады
5.Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін бағалау: стикерлер арқылы бағалау
6.Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс-талабын есепке алу: мақсаттардың
орындалуы үшін оқушыларға қолдау, көмек көрсетемін.
7.Ресурстар мен жабдықтар: PowerPoint, АКТ, постерлер, маркерлер, т.б.
Сабақтың барысы
Уақыт | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылар іс-әрекеті | Ресурстар |
3 мин | Оқушыларды сабақтың, тақырыбымен, мақсатымен таныстыру, сергіту сәті | Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен танысады, сергіту сәтін жасайды | Презентация 1-слайд, сергіту сәті |
10 мин | Үй тапсырмасын пысықтау үшін «сиқырлы қалам» жүгіртеді: 1.алғашқы адамдар Қазақстанның қай бөлігінде өмір сүрген? 2.Адамдар тобыры деген не? 3.Алғашқы адамдар қоғамдық ұйымдарға бірікті ме? Неліктен? | Сұрақтарға жауап береді
| 2-слайд |
10 мин | Оқушыларға тақырып бойынша мәтінмен жұмыс бөлініп беріледі | Топ ішінде оқушылар оқулықтан ақпарат іздеп, жұмыс жасайды | Постер, маркерлер |
15 мин | Тақырып бойынша өз жұмыстарын қорғауға мүмкіндік береді | Өз жұмыстарын қорғайды | Интерактивті тақта |
5 мин | Бағалау | Стикерлер арқылы бағалайды | |
2 мин | Үйге тапсырма беру: §3 |