Сармат тайпаларының орналасуы.Сармат қоғамы.
Күні:____________ Сынып: 6 Пәні: Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: §28. Сармат тайпаларының орналасуы.Сармат қоғамы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ халқының ата-тегі болған тайпалар мен ұлыстар туралы айта отырып, Арал-Каспий теңіздері бойын мекендеген сармат тайпаларының шығу тегі және олардың мекендеген жерлері туралы толық түсінік беру
Дамытушылық: Өздігінен жұмыс жасап, қорытындылауға дағдыландыру; Тәрбиелік: Оқушыларды өз халқының тарихын жете меңгеруге, бір-бірін тыңдай білуге тәрбиелеу.
Сабықтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Шаталовтың трек- схемалар технологиясы, өздігінен жұмыс жасату.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, карта, арнайы слайт, 6 классқа арналған мултимедия, тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылармен сәлемдесу, сыныпты түгелдеу, сабаққа назар аудару .
ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс: Сематикалық картамен жұмыс.
№ | Сұрақтар | Жебе салатын сауыт | зерлеу | тәлімді | сырға | жүннен |
1 | Бұйымның бетіне алтын түйіршіктерді дәнекерлеу әдісі | |||||
2 | Әйелдерінің құлағына таққан әшекей зат | |||||
3 | Төсеніш пен кілемдерді неден жасаған | |||||
4 | Суарылмайтын егіншілік қалай аталады | |||||
5 | Қорамсақ деген не |
ІІІ. Жаңа сабақ:
Жаңа сабақтың жоспары:
1.Сарматтардың орналасқан жері
2.Савроматтар
3.Арал-Каспий теңіздері аралығын мекендеген тайпалар
4.Қоғамдық құрылысы.
2.Савроматтар
ІV. Тапсырмалармен жұмыс. БАСҚАТЫРҒЫШ.
Арсақ, Геродот,Ксеркс, Гиркан, Парфия, сармат.
д | р | о | д | г | и | ф |
и | е | г | о | и | я | р |
о | а | қ | т | р | к | а |
д | с | к | с | с | а | п |
о | р | с | к | а | н | т |
р | а | е | р | р | м | а |
Көп нүктенiң орнына тиiстi сөздердi қойыңдар.
Ежелгi грек тарихшысы Геродоттың хабарлауынша, савроматтар
______________ өте жақын тiлде сөйлеген, қауымдағы ________________тең саналған. Савроматтар________________ туыстас келген. Дай мен адай арасын кемінде ________ жыл бөліп жатыр.
Жауабы? скиф тіліне, ерлер мен әйелдер, дах-массагеттермен, исседондармен, 1 мың.
- V. Жаңа сабақты бекіту: Балама тест (иә немесе жоқ).
- Елімізде сарматтар қоныстанған аймақ Оңтүстік Қазақстан. (жоқ)
- Тарихшы Дидордың айтуынша савроматтар «биік турлардың бауырында» тұрған агипейлермен көрші. (жоқ)
- Гиркан сармат дәуіріндегі Каспий теңізінің атауы. (иә)
- Каспий жағалауында өмір сүрген сармат тайпасы иседондар. (жоқ)
- «Сармат» атауы көне дәуір авторларының еңбектерінде б.з.б. ІV ғасырдан бастап кездеседі. (жоқ)
- Сарматтардың қоғамдық басқару құрылымы әскери демократия. (иә)
- Аршакиддер әулеті билігінің негізін салған сармат тайпасы сақ-массагеттер. (жоқ)
- Апарндар Б.з.б.248-247 жылдары Парфияны басып алған сармат тайпасы. (иә)
- б.з.б. VІІІ ғ.-б.з. V ғ. сармат тайпаларының өмір сүру мерзімі. (иә)
- Сарматтар скиф тіліне жақын тілде сөйлеген. (иә)
VІ. Оқушылырды бағалау. Сабаққа белсене араласқан жекелеген оқушыларды бағалаймын.
VІІ. Үйге тапсырма: §28 оқу, мазмұндау.
Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру.