Елім менің
Сабақтың тақырыбы: Елім менің
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: тарих пәнінен алған білімдерін жинақтау, саяси өмірдегі оқиғаларды дұрыс талдап, тұжырым жасай білуге үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың танымдық, шығармашылық көзқарастарын дамыту.
Тәрбиелік: өз елінің тарихын тануға, өз Отанын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сайыс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық, плакат т.б
Пәнаралық байланыс: әдебиет, қазақ тілі, география
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды 2 топқа бөлу:
“олжа”тобы, “береке”тобы
Жоспары:
- Таныстыру
- Бейне сұрақ
- Сөз саптау
- Салт- дәстүр
- Ойлан, тап!
- Сұрақ бізден- жауап сізден
- Картамен жұмыс
- Кім жылдам?
1-тур. Таныстыру (екі топ өздерін таныстырады)
2-тур. Бейне сұрақ:(суреттегі тұлғаларда атау)
«Олжа» тобына: Қаныш Сәтбаев, Бауыржан Момышұлы,
Мұқтар Шақанов
«Береке» тобына: Нұрғиса Тілендиев, Әлихан Бөкейханов,
Қайрат Рысқұлбеков
3-тур. Сөз саптау:
«Олжа» тобына: сәнқой, қиянкескі, шүбәлану
Балапан басына, тұрымтай тұсына- өз бетімен кетті.
Аузы аппақ болды- барынан айырылды.
Сырттан тон пішті- құр дорбаланды.
Бәжі басу:
- таңба басу
- киіз басу
- тоқ басу
«Береке» тобына: жұлдызша, жерұйық, қосшы.
Етпен қайнап, сүйекке сіңген- қалыптасқан.
Мысық көмбесі жоқ- бүгері жоқ, ақкөңіл.
Табан жолын көрмеді- аяқ астын көруден қалды, қартайды.
Арамза:
- итке тамақ беретін ыдыс
- мезгілсіз туылған төл
- ашыған сүт
Ән: Ауылым аңсағаным- Жұбаныш Жексен (музыкасы ойналады, қандай
ән екенін оқушылар табу керек)
4- тур: Салт- дәстүр(суреттегі заттардың атын атау)
«Олжа» тобына: қапсырма, торсық, сазсырнай
«Береке» тобына: білезік, жүкаяқ, сыбызғы
5- тур: Ойлан, тап!(топбасшылары жазылған тұлғаларға бағыттап
жанама сөз айтады, тобы жауап береді)
«Олжа» тобына:
- Абай Құнанбаев
- Абылай хан
- Шоқан Уәлиханов
- Исатай батыр
- Әл-Фараби
- Ыбырай Жақаев
- Құрманғазы
- Әлия Молдағұлова
- Наурызбай батыр
- Төле би
«Береке» тобына:
- Ыбырай Алтынсарин
- Әбілқайыр хан
- Шәкен Айманов
- Махамбет батыр
- Қожа Ахмет Йассауи
- Шығанақ Берсиев
- Қорқыт ата
- Мәншүк Мәметова
- Қабанбай батыр
- Әйтеке би
Ән: Жаса, Қазақстан- Асқар Жүнісбеков (музыкасы ойналады, қандай ән
екенін оқушылар табу керек)
6- тур: Сұрақ бізден- жауап сізден(сұрақтарға жауап беру)
«Олжа» тобына:
- Қазақстанның тұңғыш астанасы
- ҚР-ның жер көлемі қанша?
- Қазақстан қандай мемлекеттермен шектеседі?
- Қазақстанның рәміздері қашан қабылданды?
- Тудың авторы кім?
- Туларды зерттейтін ғылым
- Тәуелсіздік күні
- Астанамыз Ақмолаға қашан көшірілді?
- Қазақстан жер көлемі жөнінен нешінші орында?
- ҚР-ның жаңа Конституциясы қашан қабылданды?
«Береке» тобына:
- Қазақстанның екінші астанасы
- ҚР-ның халқының саны қанша?
- Қазақстан Каспий теңізі арқылы қандай
мемлекетпен шектеседі?
- Ұлттық теңге қашан айналымға енгізілді?
- Елтаңбаның авторлары кімдер?
- Елтаңбаларды зерттейтін ғылым
- Тұңғыш президент күні
- Ақмола «Астана» деп қашан өзгертілді?
- Қазақстан қай материкте орналасқан?
- ҚР Конституциясы неше бөлім, баптардан тұрады?
Ән: Атамекен- Роза Рымбаева (музыкасы ойналады, қандай ән
екенін оқушылар табу керек)
7- тур: Картамен жұмыс:(жасырылған қалаларды табу)
«Олжа» тобына: Қостанай қаласы
«Береке» тобына: Алматы қаласы
8- тур: Кім жылдам?(жасырылған сөздерді тауып, әріптерден сол сөздерді
құрастыру)
«Олжа» тобына: ерен, елік, келі, ерке, кері, ерік
«Береке» тобына: алты, пана, апан, нала, ақыл, алан,
Ән: Сәлем саған, туған ел! – Маржан Арапбаева (музыкасы ойналады,
қандай ән екенін оқушылар табу керек)
- Қорытындылау.