Антигитлерлік коалицияның құрылуы. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы. БҰҰ-ның құрылуы

Сабақтың тақырыбы: Антигитлерлік коалицияның құрылуы. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы. БҰҰ-ның құрылуы

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: оқушылардың бойында антигитлерлік коалицияның құрылуы, екінші дүниежүзілік соғыстың барысы және аяқталуы, сондай-ақ БҰҰ-ның құрылуы туралы білімдерін қалыптастыру;
  • Дамытушылық: оқушылардың тез ойланып, шешім қабылдау қабілетін дамыту; оларды жылдамдыққа, ойларын пайымдап айта білуге үйрету
  • Оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін нығайту.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: ойын түріндегі сайыс сабақ

Сабақтың әдістері: ойын, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, картамен жұмыс.

Сабақта қолданылатын технология: ақпараттық – коммуникативтік (компьютерлік) технология, ойын технологиясының элементтері

Пәнаралық байланыс: география

Сабақта қолданылатын құрал жабдықтар, көрнекіліктер: мультимедиа, сұрақ жазылған парақтар, көтерме қағаздар, карта

 

Сабақтың өту кезеңдері:

  1. Ұйымдастыру
  2. Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасын тексеру сайыс түрінде өткізіледі. Ол үшін  оқушылар 3 топқа бөлінеді.

«Жас тарихшылар» сайысы

Сайыс 4 кезеңнен тұрады

І «Сергіту» кезеңінде үш топтың оқушылары бір мезгілде тест түріндегі сұрақтарға жауап береді. Сұрақ саны 5-еу. Әрбір дұрыс жауапқа қойылатын ұпай саны -5.

 

   

ІІ кезең «Ойлан тап» деп аталады. Мұндағы сұрақтардың қиындық деңгейіне қарай ұпай саны беріледі: 10, 20, 30, 40

 

10 ұпайлық сұрақтар

 

20 ұпайлық сұрақтар

 

30 ұпайлық сұрақтар

 

40 ұпайлық сұрақтар

 

 

Сайыстың ІІІ кезеңі «Кім жылдам?». Мұнда оқушылар 1 минуттың ішінде берілген сұрақтарға «ия» немесе «жоқ» деп жауап беруі тиіс.

1 топқа

  1. Екінші дүниежүзілік соғыста АҚШ Кеңес Одағының жақтасы болып табылды ма? Ия
  2. Екінші дүниежүзілік соғыс1938 жылы 2 қыркүйекте басталды ма? Жоқ
  3. 1939 жылы 3 қыркүйекте Ұлыбритания мен Франция Кеңес Одағына соғыс жариялады ма? Жоқ
  4. 1939 жылы 30 қарашада КСРО Финляндияға соғыс ашты ма? Ия
  5. «Болат пакт» одағына Жапония кірді ме? Ия
  6. Мәскеу қаласы 1941 жылы 900 күн бойы қоршауда болды ма? Жоқ
  7. 1940 жылы 1 наурызда «Үштік пакт» одағына Болгария қосылды ма? Ия
  8. Екінші дүниежүзілік соғысқа 53 мемлекет қатысты ма? Жоқ -61
  9. Екінші дүниежүзілік соғыста атом бомбасы қолданылды ма? Ия
  10. Фашистік Германияның басшысы Франклин Рузвельт пе? Жоқ

 

ІІ топқа

  1. КСРО мен Финляндия арасындағы соғыста Финляндия жеңіске жетті ме? Жоқ
  2. 1940 жылы 10 мамырда неміс-фашист әскерлері Бельгияны, Голландияны, Люксембургті басып алды? Ия
  3. Франция екінші дүниежүзілік соғысқа қатысты ма? Ия
  4. Италия «Үштік Одаққа» кірді ме? Ия
  5. А.Гитлердің КСРО-ға шабуыл жасау жоспары «Тайфун» деп аталды? Жоқ – Барбаросса
  6. Германияның КСРО-ға шабуылы 1940 жылы 22 маусымда басталды ма? Жоқ
  7. 1941 жылы Ленинград қаласы 900 күндік қоршауда болды ма? Ия
  8. Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысына қатысты ма? Жоқ
  9. Жапония АҚШ-тың Перл-Харбордағы базасын талқандады ма? Ия
  10. Ұлы Отан соғысының алғашқы жылында Германия жеңіске жетті ме? Ия

 

ІІІ топқа

  1. Панфилов басқарған 316-шы атқыштар дивизиясы Ұлы Отан соғысына қатысты ма? ия
  2. 1941 жылы 6 сәуірде Германия Югославия мен Грекияны басып алды ма? ия
  3. Б.Момышұлы еңбек ардагері атағын алды ма? Жоқ
  4. 1941 жылы 22 маусымда Ұлы Отан соғысы басталды ма? Ия
  5. Венгрия мен Румыния «Үштік пактіге» қосылды ма? Ия
  6. 1941 жылы 22 маусымда Англия Кеңес Одағына шабуыл жасады ма? Жоқ
  7. Польша Германияға өз еркімен қосылды ма? Жоқ
  8. Екінші дүниежүзілік соғысқа 61 мемлекет қатысты ма? Ия
  9. Екінші дүниежүзілік соғыс тек Евразия құрлығында болды ма?
  10. Ұлы Отан соғысы басталғанда Кеңес Одағы әскерінің қару-жарағының сапасы Германиядан артық болды ма? Жоқ

 

ІV кезең «Түйін» деп аталады. Мұнда тапсырманы таңдау арқылы тақырыптарын белгілеп сол бойынша  түйіндеп айтады. Жоғарғы ұпай– 50

 

 

Жаңа  тақырыпты түсіндіру

Тақырып: Антигитлерлік коалицияның құрылуы. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы. БҰҰ-ның құрылуы.

 

Жаңа тақырып төмендегідей бөлімдер бойынша слайдтар арқылы түсіндіріледі:

Антигитлерлік коалицияның құрылуы

Курск шайқасы. Соғыстағы шұғыл өзгерістердің басталуы.

Партизандық қозғалыс және КСРО халқының гитлер басқыншыларына қарсылығы

 

  • Антигитлерлік коалиция басшыларының Тегерандағы конференциясы. (электронды оқулықтан бейнебаян фрагментін қолдану арқылы түсіндіріледі. «Тегерандағы конференция» бейне ролигі )
  • Соғыстың соңғы кезеңі. БҰҰ-ны құру туралы келісім (электронды оқулықтан бейнебаян фрагментін қолдану арқылы түсіндіріледі. «Қырымдағы конференция» бейне ролигі )
  • Потсдам конференциясы (электронды оқулықтан бейнебаян фрагментін қолдану арқылы түсіндіріледі. «Потсдам конференциясы» бейне ролигі )

 

 

    • 1944-1945 жж. Тынық мұхит пен Азиядағы әскери іс-қимылдар. ІІ д.ж.с.аяқталуы. (электронды оқулықтан бейнебаян фрагментін қолдану арқылы түсіндіріледі. «Жапонияның саясаты және оның тізе бүгуі» бейне ролигі )
  1. Жаңа тақырыпты бекіту

Тақырыпты бекіту кезеңінде «Кім көп біледі?»ойыны өткізіледі.

  1. Қорытындылау.
  2. Үй тапсырмасы:  Антигитлерлік коалицияның құрылуы. Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы. БҰҰ-ның құрылуы.

     Оқушыларды бағалау.