Ежелгі Египеттегі ғылыми білім негіздері
Ежелгі Египеттегі ғылыми білім негіздері
Білімділік: Ежелгі Египеттегі жазудың пайда болу тарихымен және оның ерекшеліктерімен таныстыру , ғылыми білімдердің қандай түрлері дамығандығын әңгімелеп, әдебиет пен өнер туындылары жайында мағлұмат алуға жағдай жасау.
Дамытушылық: Оқушыларды өзге елдің тарихын білуге, өз бетінше ізденуіне, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру, логикалық ойлауы мен есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Мәдени мұралар мен өнер құндылықтарын сақтап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ізденіс
Типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс, топтастыру, қызығушылықты ояту,
ой қозғау, пікір- талас, топтық жұмыс.
Көрнекіліктер: карта, суреттер, слайдтар, интерактивті тақта, кескін карта, пирамида суреті
Жаңа технология: Сыни тұрғыдан ойлау
Пәнаралық байланыс: география
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру (сәлемдесу , назарларын сабаққа аудару, топқа бөлу)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау .
« Египеттегі үстем тап өкілдері және перғауындардың басқыншылық саясаты»
«Иә», «Жоқ» тесті:
- Ежелгі Египеттің патшалары перғауындар деп аталған (иә)
- Перғауындардың билігі шектеулі болған. (жоқ, шексіз болған)
- Елде храмдар салғызып, Африканың шығысына жаулаушылық жорықтар жасаған Хатшепсут
патшайым Рамзес перғауынның әйелі (жоқ, ІІ Тутмос перғауынның әйелі)
- Перғауыннан кейінгі беделдісі әкімдер болған (иә)
- ІІІ Тутмос б.з.б. 1535-1481 жж билік құрған. (жоқ, б.з.б. 1525-1491 жж)
- Египет жылнамасында 50 жыл ішінде 200 мың құл тұтқынға алынды деп жазылған. (жоқ, 100 мың)
- ІІІ Тутмос Нубияға 17 рет жорық жасаған (жоқ, Сирияға)
- Нубияның алтын кеніштері Египетті қатты қызықтырған (иә)
- Вавилон, Ассирия және Хетт патшалары Египетке алым төлеп отырған. (иә)
- Египет әскерінің негізгі бөлігі атты әскерлер болды (жоқ, жаяу жауынгерлер)
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
- Египеттік жазудың шығуы мен дамуы.
- Математикалық білімдер.
- Аспан әлемі. Египеттегі медицина.
- Ежелгі Египеттегі мектеп.
- Әдебиеті.
- Ежелгі Египет діні.
- Египеттегі храмдар мен пирамидалар.
А) Өз бетімен жаңа тақырыпты меңгеру
ЖИГСО стратегиясы (мәтінмен танысып, ой бөлісуге даярланады)
І топ – лингвистик-ғалымдар – «Жазуы мен әдебиеті»
ІІ топ – зерттеуші- ғалымдар – «Математикалық білімдер. Медицина. Мектеп»
ІІІ топ – дінтанушылар – «Ежелгі Египет діні»
ІV топ – археологтар «Храмдар мен пирамидалар»
Ә) Алған жаңа білімді практика жүзінде пысықтау :
Саяхат: «Ніл өзені бойындағы қалаларға саяхат»
Саяхат бағыттары:
Сиена Фивы Карнак Сиут Ахетатон Мемфис Гелиополь Саис
1-аялдама тапсырмасы:
а) Жазу біржолата қалыптаспаған кезде египеттіктер өз ойларын не арқылы білдірген?
ә) Иероглиф деген не?
б) Иероглифтердің саны қанша болған?
2-аялдама тапсырмасы:
а) Египетте жазу үшін не пайдаланылды?
ә) Египеттіктер миллион санын қалай білдірген?
б) Египетте геометрия ғылымын не үшін пайдаланған?
3-аялдама тапсырмасы: Тарихи диктант — «Египеттегі медицина»
Египет дәрігерлері ——-,———,———-,——— т.б. мамандары болып бөлінді. Адамдарды емдеу барысында әр түрлі ————- мен ———— жиі пайдаланып отырған. Египет дәрігерлері ————-
тәсілін пайдалана отырып та емдеген. Олар операцияға әр түрлі ————— жасалған медициналық —
—————пайдаланды.
4-аялдама тапсырмасы: Сәйкестендір — «Ежелгі Египеттіктердің діні»
Күн құдайы Хапи
Тас құдайы Ра
Ніл өзені құдайы Бенбен
Ақыл құдайы Тот
5-аялдама тапсырмасы: «Сандар сөйлейді»
2600, 150, 2 млн 300 мың , 20, 100 мың , 80 мыңдай, 12, 365.
6-аялдама тапсырмасы:
«Үлкен сфинкс», «Хеопс пирамидасы» / әңгімелеу/
7-аялдама тапсырмасы:
«Өз қолыңмен жазып, өз аузыңмен оқы…» /мектеп туралы әңгімелеу/
8-аялдама тапсырмасы:
«Синухет әңгімесінде» не туралы баяндалады?
ІV. Бекіту.
Топтастыру: «Мәдениет деген не?»
- Қорытындылау.
- Үйге тапсырма беру.
- П. 7,8 оқуға.
- Египет пирамидаларының орналасқан жерін кескін картаға белгілеу.
К.Н. Ермекбаева
М.Әуезов атындағы орта мектебінің
тарих пәнінің мұғалімі
Қасқабұлақ ауылы
Абай ауданы
Шығыс Қазақстан облысы
«Екінші дүниежүзілік соғыс»
Сабақтың түрі: Білім сайысы
Типі: Білімді шолу, жинақтау
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, өз бетімен іздену, топтастыру, қызығушылықты
ояту, ой қозғау, топтық жұмыс
Көрнекіліктер: карта, кескін карта, суреттер, слайдтар, қанатты сөздер, баяндама
Жаңа технология: Сыни тұрғыдан ойлау
Пәнаралық байланыс: география, әдебиет
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері
Білімділік: Оқушылардың «екінші дүниежүзілік соғыс» тарауы бойынша алған
білімдеріне шолу жасау, жинақтап қорытындылау.
Тәрбиелік: Оқушыларды басқыншылыққа қарсы тәрбиелеу, тарихи тұлғалардың ерлігін үлгі ету арқылы отансүйгіштік, елжандылық сезімдерін ояту.
Дамытушылық: Оқушыларды теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге , өз ойларын нақты тарихи фактілермен дәлелдеуге үйрету, өздік ізденістерін, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.
Сабақтың өту жоспары:
І. Ұйымдастыру (оқушыларды топқа бөлу, ойын шарттарымен таныстыру)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау — «Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында» /баяндама – аудандық жерлестеріміз /
ІІІ. Сайыс шарттары
- «Ой ашар» (сұрақ-жауап)
- «Қызығушылығын ояту»
А) «Елді тап» (кескін картамен жұмыс)
Ә) «Сиқырлы ұяшықтар»
Б) «Тарихты жақсы білеміз бе?»
В) «Ойлан, тап!» (суретпен жұмыс)
Г) «Тарихи сынақхат» (топ жетекшілерінің сайысы)
- Қорытындылау.
- Үйге тапсырма беру:
Сайыс тапсырмалары:
- «Ой ашар»
«Барыс» тобының сұрақтары:
- Екінші дүниежүзілік соғыс қашан, қандай оқиғамен басталды?
- Кеңес әскерлерінің қай қала түбіндегі жеңісі «неміс әскерлерінің жеңілмейтіні туралы» аңызды жоққа шығарды?
- 1939 жылы 30 қарашада кеңес әскері қай елге соғыс әрекетін бастады?
- «Берлин – Рим — Токио» блогының негізгі мақсаты қандай?
- 1941 жылы «Ленд-лиз» (несие беру) туралы заң қай елде қабылданды?
«Болашақ» тобының сұрақтары:
- Ұлы Отан соғысы қашан басталды?
- КСРО мен бүкіл антифашистік коалицияның пайдасына шешілген түбегейлі бетбұрыстың бастамасы болған шайқас?
- Солтүстік Африкада жеңісті соғыс қимылдарын жүргізген, «Шөл дала түлкісі» деген лақап атқа ие болған неміс қолбасшысы кім?
- БҰҰ қашан құрылды?
- Ауыр танкі кімнің құрметіне ИС деп аталған?
- «Қызығушылығын ояту»
А) «Елді тап»
«Барыс» тобының тапсырмалары – Германия, Жапония, Италия, Польша, Испания
«Болашақ» тобының тапсырмалары – КСРО, Англия, Франция, АҚШ, Финляндия
Ә) «Сиқырлы ұяшықтар»
Қанатты сөздер | 10 | 20 | 30 |
Тарихи тұлғалар | 10 | 20 | 30 |
Соғыс жоспарлары | 10 | 20 | 30 |
Тулар | 10 | 20 | 30 |
«Қанатты сөздер» :
10 – «Ресей кең-байтақ, бірақ шегінерге жол жоқ, артымызда – Мәскеу»
20 – «Біздің жүрегіміз темір емес.Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді
болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады…»
30 – «Бір адым да кері шегінбеу»
«Тарихи тұлғалар»:
10 – Аудандық жерлесіміз, Днепрден алғашқылардың бірі болып өткен
жауынгерлердің бірі, Кеңес Одағының Батыры кім?
20 – Ленинград, Мәскеу қалаларын қорғауда, Курск шайқасы мен Берлин
операцияларында басшылық жасаған орыс қолбасшысы кім?
30 – Сурет сұрақ
«Соғыс жоспарлары»:
10 – «Барбаросса» 20 – «Вайс» жоспары 30 – «Теңіз арыстаны» жоспары
«Тулар»:
10 – Жапонияның туы. 20 – Ұлыбританияның туы. 30 – Италияның туы
Б) «Тарихты жақсы білеміз бе?»
«Барыс» тобының тапсырмалары:
- 1942 жыл. «Атлант хартиясы». 26 ел.
- А.Бек. Ә.Нұршайықов. «Отқа түс күймейсің»
- 1945жыл. «Миссури» кемесі. Жапония.
«Болашақ» тобының тапсырмалары:
- 1939 жыл. «Риббентроп-Молотов» пактісі. 10 жыл.
- 1945 жыл. АҚШ. Хиросима мен Нагасаки.
- 1945 жыл. Қырым. 3 мемлекет.
В) «Ойлан, тап!» — «Рейхстаг», «Перл-Харбор» суреттері
Г) «Тарихи сынақхат»
«Барыс» топ жетекшісі: «Болашақ» топ жетекшісі
«Бірінші дүниежүзілік соғыс» | «Екінші дүниежүзілік соғыс» |
Бірінші дүниежүзілік соғыс _______ жылдары болды. _____жылға созылды. Үштік Одақ елдері _____________________Антанта елдері __________________________________ Соғысқа_______ел қатысты. ___________млн адам қаза тапты. ________млн астам адам жараланды.
| Екіінші дүниежүзілік соғыс _______ жылдары болды. _____жылға созылды. Германияның одақтастары___________ ___________КСРО жағындағы елдер __________________________________ Соғысқа_______ел қатысты. Соғыс жж. адам шығыны___________млн .КСРО-ның өзінде ғана қаза болғандардың саны________ млн жараланды. |
- Қорытындылау. Бауыржан Момышұлының айтуынша:
Соғыс – Жесірлер мен аналар көз жасы
Ұрпақтар қайғысы
Аштық пен қайыршылық
Бақытсыздыққа ұшыраған балалық шақ
Миллиондаған ерлер мен әйелдерді, қарттар мен балаларды аяусыз қыру
Ұлттық байлықты құрту, мәдени құндылықтарды жою
- Үйге тапсырма: «Отан үшін от кешкендер» (Ұлы Отан соғысына қатысқан
жерлестер туралы материал жинақтау)