Тоталитарлық жүйенің қалыптасуы кезіндегі Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Тоталитарлық жүйенің қалыптасуы кезіндегі Қазақстан
Мақсаты:білімділік— оқушыларға ХХғ. 20-30 жылдардағы
әміршіл-әкімшіл жүйенің қазақ елін басқарудағы
өрескел саясаттарына талдау жасай отырып, тарихи
білімдерін толықтыру;
тәрбиелік- оқушыларды өз елінің тарихын, тұлға-
ларын құрметтеуге, рухани құндылықтарын қадір-
леуге, ұлтжандылыққа және саяси саналылыққа
баулу;
дамытушылық- тарихи оқиғаларды дұрыс бағалап,
тұжырымдай білу, деректер мен зерттеулерді өз
бетінше оқып, пайдалана білу қабілеттерін дамыту.
Сабақ түрі: теориялық;
типі: жаңа білімді меңгеру;
өткізу әдісі: өзара оқыту әдісі,фактілерді жинау, ой сергіту, Венн
диаграммасы,түсіндіру, сұрау;
Көрнекілігі: Қазақстанның саяси картасы, қосымша әдебиеттер,
баспасөз материалдары, интерактивті тақта, плакаттар.
Пәнаралық байланыс: «Әлем тарихы», «Саясаттану негіздері».
Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Дәрісхана тазалығына, оқушылардың сабаққа дайындығына назар аудару.
- Жаңа тақырыпқа кіріспе.
Жаңа тақырыпты хабарлап,оның өткен тақырыппен байланысын көрсету.Жаңа тақырыпта негізгі үш тарихи оқиға ерекше қаралатын болғандықтан,оқушылар үш топқа бөлініп, «өзара оқыту әдісі» бо-йынша әр топтың өз мұғалімдері сайланған.
III. Жаңа тақырыпты меңгеру.
- Елді индустрияландыру.
1.Индустрияландыру бағытын Қазақстанда жүзеге асыру.
а)Индустрияландыру бағытының жариялануы;
ә) Голощекиндік «Кіші Қазан» саясаты;
б) Қазақ қоғам қайраткерлерінің идеялары
- Индустрияландырудың ерекшелігі мен кемшіліктері.
- Түркістан-Сібір темір жолының магистралына 80жыл.
- Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
1.Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.
а)ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың принциптері.
ә)ұжымдастыру бағытында жіберілген қателіктер мен асыра сілтеушілік.
б) шаруалардың жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылығы.
2.Аштық жылдарындағы Қазақстанның демографиялық жағдайы.
- Қазақ қоғам қайраткерлері Қазақстандағы аштықтың зардаптары жөнінде.
III. Сталинизмнің орнығуы.
- Сталиндік басқару жүйесінің қалыптасуы.
а) тоталитаризм, репрессия ұғымы;
ә) репрессия кезеңдері;
б) Қазақстандағы лагерьлер жүйесі
- Репрессия құрбандары болған Сыр елінен шыққан азаматтары.
а) Темірбек Жүргенов;
ә) Әбу Құдабаев;
б) Тұрмағамбет Ізтілеуов.
Жаңа тақырыпты меңгеру барысында оқушылардың ойын сергіту үшін ойын ойналады.
IVЖаңа тақырыпты пысықтап, бекіту.
1-ші топ: “Тарихи домино”
- «Отар болып қалды және болып келеді солай Қазақстан» (кімнің сөзі?)
- Барлық салаларын техникамен жабдықтау, халық шаруашылығының дамуы инфрақұрылымның
( қандай терминнің анықтамасы?)
2-ші топ: Венн диаграммасы бойынша 1921-1922ж.ж. және 1930-1932ж.ж. Қазақстандағы аштықты саралау.
3-ші топ:Хронологиялық кестені толтыру.
№ | Жылдар | Орын алған оқиғалар |
1 | 1928-1932ж.ж. | |
2 | 1930-1932ж.ж. | |
3 | 1937-1938ж.ж. |
V.Жаңа тақырыпты қорытындылау.
VI.Үйге тапсырма.
СӨЖ:1.«Стахановшылдық қозғалысқа үлес қосқан қазақстандықтар».
- «Жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылық».
- «Қазақ АКСР-інің одақтас республикаға айналуы».
Әдебиеттер:
1.Х.К.Ермұханова «Қазақстан тарихы». Алматы,2010ж.
2.Ч.Мусин «Қазақстан тарихы». Алматы,2008ж.
3.М.Қ.Қозыбаев,І.М.Қозыбаев «Қазақстан тарихы». Алматы,1997ж.
4.М.Мұхамедов, Б.Сырымбетұлы «Қазақстан тарихы». Алматы,2008ж.
- «Аңыз адам» 2010,2011ж.ж.