1920-1930 жылдардағы мәдени құрылыс

Күні:    6 желтоқсан 2013 жыл

Сабақтың тақырыбы:  §24. 1920-1930 жылдардағы мәдени құрылыс

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:  Қазақстанда білім және  ғылымның дамуы, өнер саласындағы  жетістіктерді оқушыларға ұғындыру.

Дамытушылық: Тарихи оқиғалар мен үдерістердің дамуын тарихи — әдеби деректер арқылы баяндатып оқушыларда өткенге ғылыми көзқарас қалыптастыру, салыстыра алу, талдай білу, пікірін білдіру қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Жастардың Отан тарихын сүю, ұлтжандылық сезімдерін ояту

Сабықтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру.
Сабақтың әдісі: Компьютерде жұмыс жасау, ауызша баяндау, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: Карта, слайт суреттер, хронологиялық  кесте, сөзжұмбақ,тест, тамсырмалар.

Сабақтың барысы :

І.Ұйымдастыру бөлімі

ІІ.Үй тапсырмасымен жұмыс

ІІІ.Жаңа сабақ

ІV.Тапсырмалармен жұмыс

  1. Жаңа сабақты бекіту

VІ. Оқушыларды бағалау

VІІ. Үйге тапсырма беру

І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен сәлемдесу, сыныпты  түгелдеу, сабаққа назар аудару .

ІІ. Үй тапсырмасымен жұмыс:

  1. Қазақ КСР Конституциясы қабылданған мерзімі:

а) 1937 жылғы наурыз

ә) 1934 жылғы сәуір

б) 1936 жылғы желтоқсан

в) 1935 жылғы мамыр

г) 1933 жылғы шілде

  1. Қазақстандағы ұлттық шеткері аймақтарды бағындыру саясатын белсенді жургізушілер:

а) Н.Ежов, Ф. Голощекин

ә) Н.Ежов, А. Байтұрсынов

б) Ф. Голощекин, Т.Рұсқұлов

в) Т.Рұсқұлов ,Н.Ежов

г) А. Байтұрсынов ,Ф. Голощекин

  1. Қазақ АКСР-інің одақтас Республика болып құрылған жыл:

а) 1932 жыл

ә) 1936 жыл

б) 1937 жыл

в) 1938 жыл

г) 1940 жыл

4.Лаңкестік жаппай сипат алды:

а) 1941-45 жж.           ә) 1937-38 жж.

б) 1927-31 жж.           в) 1931-33 жж.

е) 1918-20 жж.

  1. Ф.И.Голощекин ұсынған идея:

а) «ЖЭС».                                          ә) «Әскери коммунизм».

б) «Азық-түлік салғырты».              в) «Индустрияландыру».

е) «Кіші Қазан».

Жауабы:1- а, 2- а, 3- б, 4- ә, 5- е.

Балалар, өткен сабақта біз Қазақстанның 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайын өтіп, алдын ала үй тапсырмасы ретінде 1937-1938 жылдары атылған белгілі жазушылар мен ақындар  жайында баспасөз материалдарынан, қосымша әдебиеттерден мәліметтер іздеу керек болды. Сабаққа дайынбыз ба? Дайын болсақ сабағымызды бастайық.

ІІІ. Жаңа сабақ:

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Қазақстан халқы арасындағы сауатсыздықты жою.
  2. Жоғары оқу орындары, мамандар даярлау.
  3. Ғылыми-зерттеу мекемелері, ғылымның дамуы.
  4. Қазақ кеңестік өнерінің дамуы.
  5. Бейбіт өмірге көшуге байланысты халықтың мәдени деңгейін жетілдіру, сауатсыздықты жою мен маман кадрлар дайындау қажеттігі туындады. Ел алдында мәдени құрылысты жүзеге асыруда бірқатар кедергілер тұрды; қажетті материалдық-техннкалық база жоқ еді, ұлт зиялылары да ат төбеліндей аз болатын.

Кесте арқылы түсіндіру:

       ЖылдарыМаңызды оқиғаларНәтижесі
    1921 жыл«Казграмчека» қрылды.      «Мәдени жорық», «Қызыл мүйістер», «Жұмысшы факультеттері» ұйымдастырылды.
1918 жыл              «Бірыңғай еңбек мектебі туралы Декларация» қабылданды.   1920-1921 жылдары 2,5 мың

«Сауатсыздықты жою қоғамдарында»

70 мыңнан астам азаматтар сауатын ашты.

1925 жылы республикада 2,7 мың мектеп болды.

1919-1931 жылдар   «Сауатсыздықты жою туралы Декрет»,

Ж   Жалпыға міндетті 7 жылдық білім енгізілді.

1935 жылы мектеп жасындағы балалардың 91%-ы оқыды.

1940 жылы еңбекке жарамды халық арасында сауатсыздықты жою ісі аяқталды.

Қазақ тіліндегі оқулықтар жазылды. Мұндай оқулықтардың авторлары қазақ зиялыларының өкілдері А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин болды.

Алгебрадан қазақ тіліндегі бірінші мектеп оқулығын Қаныш Сәтбаев.

Географиядан Әлихан Бөкейханов.

Қазақстан тарихынан профессор Санжар Асфендияров құрастырды.

1924 жылы А. Байтұрсынов араб әрпінің негізінде жасалған қазақ әліпбиін жетілдірді.

1921 жылы алғашқы «Есеп туралы», «Оқу туралы» және «Тіл құралы» оқулықтары басылып шықты. «География», «Қазақстан тарихы», «Педагогика», «Дидактика», «Алгебра» оқу- лықтарын жазуға ұлттық зиялылардың белгілі өкілдері тартылды.

1928 жылдың соңына қарай қазақ мектептері үшін 30-дан астам оқулықтар жарық көрді.

1929 жылғы араб әрпінен латын әрпіне көшу білім беру жүйесі үшін қатты соққы болып тиді.

  1. Кесте арқылы түсіндіру: Жоғары оқу орындары, мамандар даярлау.
1919-1920 жж.Орынборда, Ордада және Семейде Халық ағарту институттары ашылды
1921 жҚазақстанда тұңғыш жұмысшы факультеті Орынборда құрылды
1928 жҚазақ мемлекеттік педагогикалық институты

1935 жылы оған Абай есімі берілді

(қазіргі Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті)

1929 жАлматы мал-дәрігерлік институты
1930 жҚазақ ауыл шаруашылық институты
1931 жАлматы медициналық институты
1934 жС. М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университеті

(қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті),

1938 жҚазМУ жанынан аспирантура ашылды.
1940 жҚазақстанда 35 кәсіби оқу орындары ұйымдастырылды.
  1. Кесте арқылы түсіндіру: Ғылыми-зерттеу мекемелері, ғылымның дамуы.
       ЖылдарыМаңызды оқиғаларНәтижесі
       1918 ж      Ташкентте Түркістан Шығыс институтыҚолданбалы ғылымдар дамыды
      1919 ж              1919 жылы Қазақ әскери комиссариаты штабының жанынан тарихи-статистикалық бөлім құрылды.Бөлім тарих, этнография және

жаратылыстану — география секцияларынан тұрды,

кейіннен археология секциясы да ашылды.

1919-   1920 ж       Қазақ өлкесін зерттеу қоғамы

құрылды

 

Қоғамның мүшелері А. Чулошников, Ф. Рязанов,         Ә. Диваев, М. Тынышбаев, В. В. Бартольд, В. Радлов, М. Дулатовтардың алғашқы ғылыми еңбектері жарық көрді.
 1932 жК         КСРО ҒА-ның Қазақстандық базасы құрылдыРеспубликада 12 ғылыми-зерттеу институты,  15 тәжірибе станциясы, 186 тірек пункті, зертханалар, су және ауа райын бақылау станциялары болды.
1938 ж            Ғылыми-зерттеу                                                                                                                                                                                                                                       а      институттары  (ҒЗИ) ашылған           К     КСРО ҒА-ның Қазақ филиалына айналды.

 

Профессор ғылыми атағы аса көрнекті қазақ тарихшысы С. Асфендияровқа берілді.                       Қазақстанда 430 мыңнан астам адам ой еңбегімен айналысқан, олардың 27454-інің жоғары білімі болған
  1. Қазақ кеңестік өнерінің дамуы.

20—30-жылдарда репрессияларға қарамастан Қазақстан мәдениеті жетіліп, әдебиеттін дәстүрлі және драма жанрлары дами түсті. 20-жылдардың ортасына дейін Қазақстанда әуесқой театр топтары болды.

Семей әуесқой театр.

Орынбордағы қазақ институты.

Институт негізінде 1926 жылы қаңтарда Қызылордада тұңғыш кәсіби қазақ театры ашылды. Онда М. Әуезов, Ж. Шанин, С. Қожамқұлов, Қ. Қуанышбаев, Қ. Жандарбеков, 3. Атабаева және басқа да дарынды драматургтер, режиссерлер және артистер жұмыс істеді.

  Қазақстанның тұңғыш кәсіби суретшісі Ә. Қастеев керемет туындылар жазды. Оның шығармашылығы 20-жылдардңің соңында басталды. Ол жазған көптеген акварель туындылар «Ескі және жаңа тұрмыс» деген топтама ретінде белгілі.

Ә. Қастеев жазған мыңнан астам картиналар мен суреттер «республиканың көркемсурет қолжазбасы» деп бекер аталмаған.

Соғысқа дейінгі кезеңде Ә. Ысмайылов, Қожахмет және Құлахмет Қожықовтар, Б. Сәрсенбаев, О. Таңсықбаев сияқты қазақ суретшілері жұртшылыққа кеңінен танымал болды.

ІV.Сөйлемді толықтыр.

1928 ж
Алматы мал-дәрігерлік институты
1930 жҚазақ __________институты
1931 ж___________медициналық институты
С. М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университеті

Жауабы: Қазақ мемлекеттік педагогикалық институты, 1929 ж,  ауыл шаруашылық,                      Алматы, 1934 ж.                   

  1. Жаңа сабақты бекіту: Сөзжұмбақ шешу  “ Мәдени құрылыс ”.
м
ә
д
е
н
и
қ
ұ
Р
ы
Л
Ы
с

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қазақ тілінде жазылған оқулықтың айторы? Аймауытов.
  2. Қазақ КСР Ғылым академиясын тұңғыш президенті? Сәтбаев.
  3. 1919- 1920 жылдары Халық ағарту институты қайда ашылды? Орда.
  4. Қазақстанның тұңғыш кәсіби суретшісі? Қастеев.
  5. Сауатты аудандар қатарына қосылған қала? Қарағанды.
  6. 1934 жылы кімнің атындағы Қазақ Мемлекеттік университеті ашылды?  Киров.
  7. 1926 жылы қаңтарда қай қалада тұңғыш кәсіби қазақ театры ашылды? Қызылорда.
  8. Араб әрпінің негізінде жасалған қазақ әліпбиін жетілдірген кім? Байтұрсынов.
  9. Профессор ғылыми атақ аса көрнекті қазақ тарихшысы кімге берілді?  Асфендияров.
  10. Қазақстанда тұңғыш жұмысшы факультеті қай қалада  құрылды? Орынбор
  11. 1931 жылы қай қалада медициналық институты ашылды? Алматы.
  12. Қазақ жұртына танымал суретшілерінің бірі? Ысмайылов.
  13. 1919 жылы қабылданған декрет? Сауатсыздық.

VІ. Оқушылырды бағалау. Сабаққа белсене араласқан жекелеген оқушыларды бағалаймын.                                    VІІ.  Үйге тапсырма: §24. 1920-1930 жылдардағы мәдени құрылыс.