Бас әріптен басталып жазылатын сөздер.Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш
№62 Сабақтың тақырыбы: Бас әріптен басталып жазылатын сөздер.Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш
Сабақтың мақсаты: а) Бас әріптен басталып жазылатын ережені еске ұстай отырып ,
жұмыс барысында пайдалануға баулу. ә) Оқушылардың сабақ барысында логикалық ойлау қабілетін,сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту б) Еңбек етуге талпындыру, сыныпта бір-біріне көмектесуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:сурет Ы.Алтынсарин суреті
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс: музыка
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі : Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге берілген жаттығуды талдып, пысықтау.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі-Біз кім? сұрағын кімге қоямыз?-Не сұрағын неге қоямыз?-Бас әріппен басталып жазылатын сөздер қандай сөздер?
- Мақсат қою кезеңі:-Кім маған анықтаманы толық , мыcал келтіріп айтып береді?
- Жаңа сабақ:-Балалар, тек адам аты ғана емес сонымен қатар жер су аттары да бас әріптен басталып жазылады екен.Қазақстан, Каспий теңізі, Нұра, т.б.Оқулықпен жұмыс
104-жаттығу мәтінді оқыңдар2. Кісі, жер-су аттарын білдіретін сөздерді атаңдар.Парыз Арал,Жәдігер, Мәтінді оқып талдау.105-жаттығу 1. Сөздерді оқыңдар.
- Алдымен кісі аттарын, сонан соң жер-су аттарын теріп жазыңдар.Аружан, Үсен, Баянауыл, Ақбілек, Арал, Маңғыстау,Көкшетау, Қуаныш, Қызылжар, айдар, Алакөл. Т.б
VI.Жаңа материалды пысықтау:Әңгімені мәнерлеп , түсініп оқу Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш2. Атасы немересіне нелерді көрсетті?3. Немересі көргендері жайлы не айтты?4. Атасы немересіне нені үлгі етті?5. басқа да жәндіктердің , құстардың тіршілігін бақылаңдар?.
VII.Бекіту кезеңі :106-жаттығуМәтінді көшіріп жазыңдар.2. Қай сөздер бас әріптен басталып жазылған?Құлагер-жүйрік ат. Ол маған үйір.мен оған күнде қант беремін.Қай сөздер бас әріптен басталып жазылған?ЕРЕЖЕ: Үй жануарларына қойылған аттар бас әріптен басталып жазылады.Мыс: Таймас, Құлагер, Ұшар, Тайбурыл107-жаттығу мәтінді көшіріп жазу
VIII. Үйге тапсырма, бағалау:Әңгімені түсініп оқып, мазмұндап келу.Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш суреттерін салып келу. 108-жаттығу