Заттың қимылын білдіретін сөздер. Ақын тілегі.№10 өзіндік жұмыс
№63 Сабақтың тақырыбы: Заттың қимылын білдіретін сөздер.Ақын тілегі.№10 өзіндік жұмыс
Сабақтың мақсаты: а) Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсініктерін қалыптастыру.ә) Оқушылардың сабақ барысында логикалық ойлау қабілетін,сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту б) Жаттығу барысында заттың қимылы бойынша сұрақ қоя отырып талдауға үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:сурет М.Әуезов суреті
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге берілген жаттығуды талдып, пысықтау.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Балалар, бас әріптен басталып жазылатын сөздер туралы анықтаманы кім айтып береді?-Бас әріппен басталып жазылатын сөздер қандай сөздер?-Мысал келтірейік.
- Мақсат қою кезеңі:-Балалар, бүгінгі өтетін тақырып заттың қимылын білдіретін сөздер туралы болмақ-Мен не істедім?-Кітап алдым, кітапты орнына қойдым-Осы қимылға не деп сұрақ қоямыз?
- Жаңа сабақ-Осыдан келіп қандай анықтама шығады?Өзіміз құрастырып көрелік:заттың қимылын білдіретін сөздерге қайтты, не қылды? Қайтті?Оқулықпен жұмыс 1. Әңгімені түсініп оқыңдар.Ақын тілегі2. Абайдың ауылына келген кімдер еді?
- Абай ақындардан не үйренді?4. Абайға Барлас қандай тілек айтты?5. Абай өскенде кім болды?Мақал . Сұрақтарға жауап беріңдер а) Адам туралы сөздер қандай сұрақтарға жауап береді? Ә)Заттар мен жануарларға қандай сұрақтар қойылады? Б) Қандай сөздер бас әріптен басталып жазылады?
VI.Жаңа материалды пысықтау: 109-жаттығу 1. Әңгімені оқып, мазмұнын айтып беріңдер.Шешесі жұмысқа кетті.Сара тауықтарға жем шашты, гүлдерге су құйды.Сонан соң тамақ пісірді.Шешесі жұмыстан оралды.Ол қызының ісіне қуанды. 2. Қарамен жазылған сөздер қандай сұраққа жауап береді? ЕРЕЖЕ
VII.Бекіту кезеңі —Бүгін қандай тақырып өттік, не істеді, қайтті? Не қылды? Сұрақтары қай кезде қойылады? Қимылды білдіретін сөздердің сұрақтары қандай?
№10өзіндік жұмыс Кісі аттары: Жер-су аттары: Үй жануарларының аттары: VIII. Үйге тапсырма, бағалау: 110-жаттығу