ХХ ғ. басындағы халықаралық қатынастар және бірінші дүниежүзілік соғыс.

10-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §2. ХХ ғ. басындағы халықаралық  қатынастар және бірінші  дүниежүзілік соғыс.

Сабақтың мақсаты:

  • Дүниежүзін бөлісудегі ірі елдердің бәсекелестігі, Германияның өркендеуі және әскери-саяси одақтардың құрылуы, Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы, барысы және аяқталуы туралы баяндау.
  • Ұлттық рухы биік, бәскеге барынша қабілетті тұлға қалыптастыру

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карта

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Еуропа мен Американың жетекші державаларына Азия мен Африка елдерінің отар және жартылай отарларға айналуының қандай себептері болды?
  • «Империя», «император», «империализм» терминдерінің арасында мағыналық байланыс бар ма?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Дүние жүзін бөлісудегі ірі елдердің бәсекелестігі
  2. Германияның өркендеуі және әскери-саяси одақтардың құрылуы
  3. Орыс-француз одағы
  4. Ағылшын-орыс қатынастары
  5. Балқан соғыстары
  6. Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы, барысы және аяқталуы
  7. Марна шайқасы
  8. «Верден қырғыны»
  9. Германияда революцияның басталуы, соғыстың аяқталуы.
Антанта                            Үштік одақ
1. Өндірістің соғыс жағдайына сай қайта құрылмауы.1. Килль каналы қызметінің жақсаруы.
2. Францияның Бельгиямен екі арадағы шекерада бекінісінің болмауы.2. Неміс артиллериясының күш қуатының артуы. Крупп зауыттарында зеңбіректердің жаңа түрлерінің шығарылуы.
3. Құрлықтағы әскердің әлсіздігі.3. Германияның «қауырт соғысқа» дайындалуы
4. Әскери-теңіз флотының дайындығы едәуір жақсы болды.4. Неміс армиясының сан жағынан артықшылығы. Австрия-Венгрияның әскери қуатының артуы.

Сабақты бекіту:

  • Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталу себептері қандай болды?
  • Соғыстың қандай ірі шайқастарын білдіңдер?
  • Германия неліктен «Шлиффен» жоспарын жүзеге асыра алмады?
  • АҚШ неге 1917 жылы ғана соғысқа кірді?
  • Бірінші дүниежүзілік соғыс майдандарында соғыс қимылдарын тоқтату жөнінде келісімге қол қою қашан және қай жерде болды?
  • Бірінші дүниежүзілік соғыстағы жалпы адам шығыны қанша болды?

Бағалау: Үйге тапсырма: §2.