Ас қорыту мүшелерінің құрылысы

Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту мүшелерінің құрылысы.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға ас қорыту мүшесінің құрылысын, ауыз

қуысының құрылысын  түсіндіру.

  1.     Оқушылардың қабілеттерін ашу, дамыта оқу белсенділігін

арттыру.

  1.       Оқушыларды өзіне деген сенімін арттыру, ізденіске

дағдыландыру.

 

 

Сабақтың түрі: психологиялық ойын.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, суре, оқулық, сызба.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сынып оқушыларын 2 топқа бөліп, қолдарына сигналды белгілерді тарату.

Қызыл сұр – көмек керек, түсінбедім.

Қара – тапсырманы орындап, дайын болдым деген сөз.

 

  1. Үй тапсырмасын қайталау және жаңа сабақты түсіндіру мына кестемен өтеді.
Мен жеке тұлғамын

І

Эпилог,

пролог

Басқа жеке тұлғамен диалог

ІІ

экспликция

Өзімнің іс – әрекетімді болжаймын

ІІІ

экспликция

Еркін таңдау жасаймын

ІV

коорекция

Нәтижені болжаймын

V

рефлексия

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Эпилог, пролог – І  1) Үй тапсырмасын тексеру кезеңі. «Сен білесің бе?»

2) Үй тапсырмасын бекіту. «Ішкі сәуле ойыны «Сен білесің бе?» бөлімінде оқушылар VII бөлім «Организмнің ішкі ортасы» тарауынан бір – біріне қарама – қарсы сұрақ қояды. Бұл ойынның басты мақсаты – сұраққа нақты жауап беру.

 

  1. Экспликция – ІІ Оқушылардың даму динамикасын ынтасын есте сақтауын арттыру мақсатында оқушыларға лездік сұрақтар қойылады. Сол сұрақтар арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады. Әр оқушының ой – өрісін кеңейту.

 

 

Лездік сұрақтар.

  1. Тыныштық күйде адам неше мл ауа шығарады. (500 мл)
  2. Мұрын қуысының ішкі беті қанша см. (9-13см)
  3. Кеңірдек неше бронхыға бөлінеді. (2)
  4. Ер адамның көмейінің ұзындығы қанша мм. (44)
  5. Қанның ұюына қандай иондар қатысады. (кальций иондары)
  6. Эритроциттер қайда бұзылады. (бауыр мен көкбауырда)
  7. Қанның ұюына тромб түзілуіне қандай нәруыз қатысады. (фибриноген)
  8. Капиллярдағы қан қозғалысының жылдамдығы қандай? (0,5мм/с)
  9. Қан қысымы қай тамырда жоғарлайды. (артерия)
  10. Нәруыздың тәуліктік мөлшері (100г)

 

  1. Экспликция ІІІ – кесте, сурет арқылы жаңа сабақ түсіндіру.

Жаңа сабақтың жоспары:

А) жалпы сипаттама (тірек – сызба бойынша сурет арқылы түсінік беру)

Ә)Ауыз қуымсының құрылысы

Б) Ас қорыту мүшелерінің сызбанұсқасымен танысу (сурет бойынша)

 

Ауыз қуысы
Жұтқыншақ
Өңеш
Асқазан
Аш ішек
Тоқ ішек
А)    Ас қорыту мүшелері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ә –Б)                               Ас қорыту жолының қабырға қабаты

 

Ішкі                          ортаңғы                          сыртқы

 

Эпителий ұлпасынан                   біріңғай салалы                     дәнекер ұлпалы

тұратын сілеймейлі қабық         бұлшықеттен тұрады             қабаттан тұрады

 

сілемейлі қабық жасушалары

 

ішекке               ұсақ бездер

 

сілекей бөледі         ас қорыту сөлін бөледі.

Адамның ас қорыту мүшелерінің құрылысы мен атқаратын қызметінің сызбанұсқасын түсіну.

тіс 32 жұп                       тәтті

Ауыз                 тіл        рецептор            ащы

сілекей бездері                  тұзды, қышқылды сезеді

 

Мүшелер ҚұрылысыАтқаратын қызметі
1Ауыз қуысыТістер, тіл, сілекей бездеріТағамды механикалық өзгеріске ұшыратады
2ЖұтқыншақҰзындығы 11-13 см. Іші қуысты бұлшықетті мүше.Тамақтың жұтылуына қатысады
3ӨңешҰзындығы 25 см іші қуысты бұлшықетті мүше, сілемей бөледі.Толқын тәрізді жиырылып босаңсуы арқылы
4АсқазанАлмұрт пішінді ас қорыту жолының кеңейген бөліміҚарын сөлінің әсерінен нәруыздар ыдырайды
5Аш ішекҰзындығы 5-6 м бұлшық етті мүше1)    Нәруыздар мен көмірсулар ыдырайды.

2)    Тағамдық заттар қанға өтеді

3)     Лимфа түйіндері микроорганизмдерден қорғайды

6Тоқ ішекҰзындығы 1,5 м сілемейлі қабығы қатпарлы әрі онда бүрлер болмайды1.     Нәжіс бөледі

2.     Су қайтадан денеге бөледі

3.     Ондағы бактериялар тағамның қорытылуын қамтамасыз етеді.

4.     Нәжіс сыртқа шығарылады.

 

 

  1. Коорекция ІV —  әр оқушыға бірінші жақ партаға суретпен жұмыс тапсырмасын беру. Екінші жақ партаға оқулықтағы тест тапсырмаларын орындату. Болғаннан кейін оқушылар ауысып, тапсырманы қайра орындайды.
  2. Рефлексия V – Сабақты қорытындылау кезеңі. Сабақтың нәтижесін сараптап талдау. Жалпы биондар санын жинақтап бағалау. Бұл сабақтың нәтижесін семантикалық карта арқылы оқушының қай жерден қателескенін білуге болады.
  3. Үйге тапсырма: 163 беттегі кестені әр оқушы бес- бестен тест тапсырмасынан құрып келеді.

Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру, ойлау, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруда сабақтың берері мол болды.