Заттың қимылын білдіретін сөздер.Наурыз-жыл басы
№64 Сабақтың тақырыбы: Заттың қимылын білдіретін сөздер.Наурыз-жыл басы
Сабақтың мақсаты: а) Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсініктерін
пысықтауә) Оқушылардың сабақ барысында логикалық ойлау қабілетін,сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту б) заттың қимылын білдіретін сөздер туралы білімдерін пысықтай отырып, наурыз, жыл санау , жыл аттарын білуге үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:жыл аттарының күн тізбесі суреті
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау: Үйге берілген жаттығуды талдып, пысықтау.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі
-Балалар, заттың қимылын білдіретін сөздер туралы не білеміз?
-Қандай сұрақтарға жауап береді? Анықтаманы сұраймын.
- Мақсат қою кезеңі -Ережені жақсылап жаттап алған екенбіз ендеше келесі тапсырма жаттығуларға берейік.
- Жаңа сабақ -1. Өлеңді жаттап алыңдар. Наурыз- жыл басы
Түйе сеніп бойына,
Қалған ұмыт жылдардан.
Жатпа қарап, мойыма,
Талма , именіп ділмардан. С.Мұқанов
- Өлеңдегі әр сөздің бірінші әрпі жыл санау ретін және атын білдіреді.
- жыл аттарын көшіріп жазыңдар. Жыл аттары: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз. А) Биыл қай жыл? Ә) Сен қай жылы туғансың?
VI.Жаңа материалды пысықтау:
VII.Бекіту кезеңі Заттың қимылы, заттың атын білдіретін сөздерге мысалдар келтіріп ойын ойнату.
VIII. Үйге тапсырма, бағалау