АҚШ: «Жаңа бағыт» саясаты және Латын Америкасы елдері
10-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §6. АҚШ: «Жаңа бағыт» саясаты және Латын Америкасы елдері
Сабақтың мақсаты:
- Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ-тың экономикасы, саяси және әлеуметтік жағдайы, АҚШ-тағы экономикалық дағдарыстың ерекшеліктері туралы толық түсінік беру;
- Тарихи санасы қалыптасқан, шығармашыл, бәсекеге барынша қабілеті ұлтжанды тұлға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік:карта, сызба
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
- 1917 жылғы Қазақ төңкерісінің себептерін түсіндіріп беріңдер.
- 1917 жылығы Қазақ төңкерісін ұйымдастырып, өткізудегі В.И.Лениннің рөлі қандай? Кеңес үкіметінің алғашқы шараларын атаңдар.
- Ресей шаруалары «Жер таралы» Декретті қалай қабылдады?
- Ресейдегі азамат соғысы мен шетелдік интервенцияның себептерін ашып беріңдер
- КСРО-ның құрылу негізінде И.Сталинның автономияландыру жөніндегі жоспары неліктен қолдау таппады?
Жаңа сабақтың жоспары:
- Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ
- АҚШ-тағы экономикалық дағдарыстың ерекшеліктері
- 1932 жылғы президент сайлауы және Ф.Рузвельттің жеңіске жетуі
- Президент Ф.Рузвельттің «Жаңа бағыт» саясаты
- Американдықтар көңіл күйінгегі өзгерістер
- Кәсіподақ қозғалысының өрлеуі.
- Үкімет саясатындағы «солға ығысу» және ішкі саяси күрестің шиеленісуі
- Жоғары Сот реформалары. 1936 жылғы сайлау. Жаңа дағдарыс
- АҚШ-тың «Жаңа бағыт» саясатының маңызы
- АҚШ-тың сыртқы саясаты
- Латым Америкасы елдерінің қоғамдық дамуының ерекшеліктері
- 1910-1917 жылдардағы Мексикадағы және 1933-1934 жылдардағы Куба рев-сы.
Сабақты бекіту:
- Американың «гүлденуінің» шынайы негіздерін түсіндіріңдер
- 1929-1933 жылдарғы АҚШ-тағы ұлы дағдарыстың себептері қандай болды?
- Ф.Рузвельттің «Жаңа бағытының» қандай заңдары америка еңбекші бұқарасының мүддесін қорғады? Неге қорғады деп ойлайсыңдар?
- «Жаңа бағыт» реформасының мәні? Кәсіподақтар қандай идеяларды басшылыққа алды? АҚШ-тағы «Жаңа бағыт» саясатының маңызы қандай?
- Мексика мен Куба революцияларын Ресейдегі революциялармен салыстырыңдар
Бағалау: Үйге тапсырма: §6.