Сабақтың тақырыбы: §7. Ұлыбритания
10-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §7. Ұлыбритания
Сабақтың мақсаты:
- Екі соғыс аралығындағы Ұлыбританияның саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайын байндау;
- Белсенділігін арттырып, білімін жетілдіру;
- Тарихи санасы қалыптасқан, шығармашыл, бәсекеге барынша қабілеті ұлтжанды тұлға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба, суреттер
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
- Американың «гүлденуінің» шынайы негіздерін түсіндіріңдер
- 1929-1933 жылдарғы АҚШ-тағы ұлы дағдарыстың себептері қандай болды?
- Ф.Рузвельттің «Жаңа бағытының» қандай заңдары америка еңбекші бұқарасының мүддесін қорғады? Неге қорғады деп ойлайсыңдар?
- «Жаңа бағыт» реформасының мәні? Кәсіподақтар қандай идеяларды басшылыққа алды? АҚШ-тағы «Жаңа бағыт» саясатының маңызы қандай?
- Мексика мен Куба революцияларын Ресейдегі революциялармен салыстырыңдар
Жаңа сабақтың жоспары:
- ЛЛойд Джордж үкіметі
- Бірінші лейбористік үкімет
- Р.Макдональд
- Әлеуметтік қозғалыстар
- Стэнли Болдуин
- Р.Макдональд үкіметі
- Ұлттық үкіметтің саясаты
- Ұлыбританияның сыртқы саясаты
Сабақты бекіту:
- Англия үшін Бірінші дүниежүзілік соғыстың салдары қандай болды?
- Лойд Джордж үкіметінің сыртқы саясат акцияларын айтыңдар.
- Лейбористер партиясының билікке келуі немен байланысты?
- Лейбористік үкіметтер қандай әлеуметтік шараларды іске асырды?
- Ұлы дағдарыстың Англияға қандай салдары болды?
- 30-жылдардағы Ұлыбританияның Еуропадағы сыртқы саясатының ерекшеліктері қандай?
- Вестминстерлік статуты мәнін қалай түсінесіңдер
Білгенім | Үйренгенім | Үйренгім келеді |
Бағалау:
Үйге тапсырма: §7.