Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында

10-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §13.Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында

Сабақтың мақсаты:

Екінші дүниежүзілік соғыстар қарсаңындағы халықаралық қатынастар, Жапонияның Маньчжурияны басып алуы, еуропада соғыстың басты ошақтарының құрылуы, фашистік топтардың құрылуы, олардың әрекеттері туралы түсіндіру;

Белсенділігін арттырып, білімін жетілдіру;

Тарихи санасы қалыптасқан, шығармашыл, бәсекеге барынша қабілеті ұлтжанды тұлға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба, суреттер

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

 

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:  «Бетпе-бет» әдісі бойынша

  • Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін Араб елдерінің тағдары жөнінде қандай халықаралық  келісімдерге қол жеткізілді?
  • Арабтың Шығыста ұлт-азаттық қозғалысы қалай дамыды, нәтижелерге қол жеткізді?
  • Саяси картамен танысып, арабтардың мемлекеттерді аумақтың межелеуі  қалай жүргілілгеніне зер салыңдар.
  • Африкада қандай отарлық жүйелер құрылды?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. 30-жылдардағы халықаралық қатынастар
  2. Жапонияның Маньчжурияны басып алуы. Қиыр Шығыста соғыс ошақтарының құрылуы
  3. Еуропадағы соғыстың басты ошағының құрылуы.
  4. Фашитік Италияның Эфиопияны басып алуы.
  5. Испанияда фашистік тәртіптің орнауы.
  6. Берлин-Рим-Токио басқыншылық одағының құрылуы.
  7. Мюнхен келісімі
  8. Ағылшын-Француз-Кеңес келіссөздері
  9. 1939 жылғы кеңес-герман пактісі

Сабақты бекіту:

1929-1933 жылдары дүниежүзілік экономикалық дағдарыс халықаралық қатынастардың дамуына әсер етті ме?

Тоталитарлық мемлекеттің сыртқы саясаттағы ерекше белгілерін анықтаңдар

Соғыс ошақтары  қай аймақтарда және қай уақыттарда пайда болды?

Ұлтар Лигасының Германия, Италия және Жапонияның  басқыншылығын тоқтатуға неге шамасы келмеді?

Басқыншыларды «қолпаштау» саясатының мәні неде?

Соғыс қарсаңында КСРО-ның жүргізген сыртқы саясатын қалай бағалайсыңдар.

Бағалау: Үйге тапсырма: §13.