Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы
Сабақтың тақырыбы: §14. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы.
Сабақтың мақсаты:
Соғыстың ауқымы, қимылдарының сипаты, кезеңдері, Германияның КСРО-ға соғысы дәне Тынық мұхитындағы соғыс қимылдары туралы оқушаларға түсіндіру;
Белсенділігін арттырып, білімін жетілдіру;
Тарихи санасы қалыптасқан, шығармашыл, бәсекеге барынша қабілеті ұлтжанды тұлға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, сызба, суреттер
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
1929-1933 жылдары дүниежүзілік экономикалық дағдарыс халықаралық қатынастардың дамуына әсер етті ме?
Тоталитарлық мемлекеттің сыртқы саясаттағы ерекше белгілерін анықтаңдар
Соғыс ошақтары қай аймақтарда және қай уақыттарда пайда болды?
Ұлтар Лигасының Германия, Италия және Жапонияның басқыншылығын тоқтатуға неге шамасы келмеді?
Басқыншыларды «қолпаштау» саясатының мәні неде?
Жаңа сабақтың жоспары:
- Соғыс ауқымы
- Соғыстың кезеңдері
- Германияның Польшаға шабуылы
- КСРО-ның Финляндияға қарсы басқаншылығы
- Батыс майдандағы жағдай
- Африка мен Балқандағы соғыс
- Германияның КСРО-ға шабуылы және Тынық мұхит соғысы
- 1941-1942 жылдардағы кеңес әскерлерінің жеңілу себептері
- Кеңес-герман майданы-Екінші дүниежүзілік соғыстың басты майданы
- Азия мен Тынық мұхиттағы шабуылдың белсенділендірілуі
- Пёрл-ХарборҮш жақты пакт елдерінің табыстары
- Солтүстік Африкадағы соғыс қимылдары
Сабақты бекіту:
- Ұлы Отан соғысының алғашқы айларында Кеңес армиясының ірі сәтсіздіктерінің себептерін атаңдар.
- Мемлекеттік қорғаныс комитеті қашан құрылды және оның қандай уәкілдік құқықтары болды?
- 1941-1942 жылдардағы кеңес-герман майданындағы ірі шайқастарды атаңдар
- Картаны пайдаланып Жапон армиясының Қиыр Шығыс пен Тынық мұхиттағы соғыс қимылдарын әңгімелеп беріңдер.