Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы. БҰҰ-ның құрылуы.
10-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §15.Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы. БҰҰ-ның құрылуы.
Сабақтың мақсаты:
Антигитлерлік коалицияның құрылып, екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жетуінің тарихи маңызын ашып көрсету;
Белсенділігін арттырып, білімін жетілдіру;
Тарихи санасы қалыптасқан, шығармашыл, бәсекеге барынша қабілеті ұлтжанды тұлға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: сұрақ -жауап, әңгіме
Көрнекілік: карта
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Ұлы Отан соғысының алғашқы айларында Кеңес армиясының ірі сәтсіздіктерінің себептерін атаңдар.
Мемлекеттік қорғаныс комитеті қашан құрылды және оның қандай уәкілдік құқықтары болды?
- дардағы кеңес-герман майданындағы ірі шайқастарды атаңдар
Картаны пайдаланып Жапон армиясының Қиыр Шығыс пен Тынық мұхиттағы соғыс қимылдарын әңгімелеп беріңдер.
Кеңес армиясының мәскеу түбіндегі жеңісінің мәнін анықтап беріңдер
Перл-Харбор американ флоты мен армиясы неліктен ойсырай жеңілді.
Жаңа сабақтың жоспары:
- Антигитлерлік коалицияняң құрылуы
- Соғыс барысындағы үлкен өзгеріс: 1942 жылы қараша-1943 жылы желтоқсанАфрикадағы және Тынық мұхитындағы әскери қимылдар
- Курск шайқасы. Соғыстағы шұғыл өзгерістердің басталуы.
- Партизандық қозғалыс және КСРО халқының гитлер басқыншыларына қарсылығы
- Италияның тізе бүгуі. Еуропа елдеріндегі фашизмге қарсы қарсыласу қозғалыстары
- Антигитлерлік коалиция басшыларының Тегерандағы конференциясы
- Соғыстың соңғы кезеңі
- БҰҰ-ны құру туралы келісім
- Қырым конференциясыПотсдам конференциясы
- 1944 және 1945 жылдың бірінші жартысындағы Тынық мұхит пен Азиядағы әскери іс-қимылдар.
Сабақты бекіту:
Екінші дүниежүзілік соғыстың басталу себептері қандай?
Екінші дүниежүзілік соғыс қай уақытта басталды?
1939-1941 жылдардағы Германия, Италия, Жапония соғыс күштерінің сәтті әрекеттерінің себептерін ашыңдар.
Антигитлерлік одақ қай жылы құрылды?
Қырымдағы халықаралық конференция қандай мәселелерге ерекше көңіл бөлді?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §15.