Орталық Еуропа елдері мен Ресейдегі революциялық-демократиялық қозғалыстар
9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §2. Орталық Еуропа елдері мен Ресейдегі революциялық-демократиялық қозғалыстар
Сабақтың мақсаты:
- Бұқаралық қозғалыстардың өрши түсуі, революциялар, Веймар Республикасының құрылуы, реформалар, демократиялық толқындардың жетістіктері мен бәсеңдеуі, жұмысшы және социалистік қозғалыстың жіктелулері тақырыптары бойынша баяндау.
- Білімді жеке тұлға қалыптастыру
Сабақтың түрі: лекция
Әдісі: баяндау
Көрнекілік:карта
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
- 1919 жылы Париж конференциясы қандай негізгі міндеттер қойды?
- Вильсон «14 тармағының» мәнісі неде?
- Версаль-Вашингтон жүйесі деген не?
- Бейбіт келісімшартқа сәйкес Германия қандай жерлерінен айырылды?
- Австрия, Югославия, Чехословакия республикалары қалай пайда болды?
- Түрік Республикасы қашан құрылды?
- Версаль-Вашингтон жүйесі неліктен тиянақты болмады?
Жаңа сабақтың жоспары:
- Бұқаралық қозғалыстардың өрши түсуі Дамудың екі жолы
- Революциялар
- Веймар Республикасы
- Реформалар
- Демократиялық толқындардың жетістіктері мен бәсеңдеуі.
- Жұмысшы және социалистік қозғалыстың жіктелулері
- Экономикалық өрлеу
- Компартиялар ықпалының төмендеуі және социал-демократияның нығаюы.
Сабақты бекіту:
- Бірінші дүниежүзілік соғыс барысында бұқаралық қозғалыстардың өрлеуін қандай себептер туғызды?
- Соғыстан кейінгі Еуропаның саяси өмірінде, дамудың екі жолы қанда себептермен айқындалды?
- 1917 жылғы Ресейдегі Қазақ төңкерісі Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейінгі Еуропа халықтарының бұқаралық қозғалыстарының өсуіне қалай ықпал етті?
- І джс кейінгі жұмысшы қозғалыстарының жіктелу себептерін түсіндіріп беріңдер
- ІІІ Интернационалды (Коминтерн) кім басқарды және осы ұйымның орталығы қайда болды?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §2.