Сабақтың тақырыбы: §3. Ұлыбритания.

9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §3. Ұлыбритания.

Сабақтың мақсаты:

  • Бірінші жүние жүзілік соғыс қорытындысының Ұлыбританияға әсерін айта отырып, ағылшын үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты, соғыстан кейінгі Англияның экономикасы тақырытпарынан оқушыларға мәлімет беру.
  • Ізденімпаздыққа, тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карта

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Еуропадағы реваолюциялық қозғалыстардың басталуы қандай жағдайларға байланысты болды және олар соғыстың барысына қалай әсер етті?
  • Австро-Венгрия, Ресей және Осман империяларының құлауы және бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропада жаңа мемлекеттердің құрылу себептері қандай
  • Неге Кеңестер Германияда, Венгрияда, тағы басқа елдерде тұрақты орныға алмады.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Бірінші дүниежүзілік соғыс қорытындысының Ұлыбританияға әсері
  2. Ағылшын үкіметінің ішкі және всыртқы саясаты.
  • Дэвид Ллойд Джордж
  • Соғыстан кейінгі Англияның экономикасы

Сабақты бекіту:

  • Ұлыбритания үшін Бірінші дүние жүзілік соғыстың қорытындысы қандай болды?
  • Ллойд Джордж үкіметінің сыртқы саястына талдау жасаңдар.
  • Лейбористер партиясының күшеюі неден көрінді? Олардың үкімет басындағы тәжірибесін сипаттаңдар.
  • Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың салдарын ашып көрсетіңдер.
  • Англиядағы қандай партияның өкіметі немістердің сыртқы саясатын қолдады?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §3