Сабақтың тақырыбы: §5. Германия
9-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §5. Германия
Сабақтың мақсаты:
- Германияның 1918-1939 жалдардағы жалпы дамуына сипаттама беріп, 1920 жылдардағы экономикалық және саяси орнығудың қиын да ұзақ болғанын ашып көрсету. 1930 жылдардағы экономикалық тоқыраудың ерекшеліктері мен салдарын нақты факторлармен түсіндіріп, Веймар Республикасының саяси әлсіздігіне оқушылардың назарын аудару. Германияда фашизмнің тууы, үкімет басына келуі және жүргізген ішкі-сыртқы саясатына талдау жасау.
- Оқушыларды тарихи факторларды талдап, қорытынды жасау, тарихи ұғымдарға анықтама беруге баулу.
- Германиядағы фашистік диктатура-дүние жүзіндегі азамзатқа сансыз қасірет әкелген Екінші дүниежүзілік соғыстың бірден –бір айыпкері екеніне оқушылардың көзін жеткізу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: дәріс, топтық жұмыс
Көрнекілік: Карта- «ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Еуропа»
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
- Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін мемлекеттің ішкі өмірінің қандай саяси ерекшеліктері болды?
- 1919-1920 жылдардағы мемлекеттегі әлеуметтік шиеленістің себебі неде?
- Француз көппартиялық жүйесінің ерекшеліктерін атаңдар
- Экономикалық тоқырау Францияның әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріне қалай әсер етті?
Жаңа сабақтың жоспары:
- Веймар Республикасы
- Германиядағы экономикалық дағдарыстың ерекшеліктері
- Гитлердің өкімет басына келуі
- Германия тоталитаризмінің экономикалық жүйесі
- Ұлтшыл Германияның сыртқы саясаты
Негізгі оқиғалар:
- 1925 жылы Ұлттық социолистік неміс жұмышы партиясы құрылды
- 1930 жылы көктем-Веймар үкіметінің күйреуі
- 1933 жылдық ортасында мемлекеттегі барлық саяси партиялар таратылды.
- 1939 жылғы тамызда-Герман-Кеңес келісіміне қол қойылды
- 1939 жылғы қыркүйекте-Германияның Польшаға шабуылы
Сабақты бекіту:
- Жалпы тақырыпты бекіту үшін сыныпты үш топқа бөліп, мынадай тапсырмалар беремін.
Бағалау:
Үйге тапсырма: §5.