Заттың қимылын білдіретін сөздер. Наурыз көже
№66 Сабақтың тақырыбы: Заттың қимылын білдіретін сөздер. Наурыз көже
Сабақтың мақсаты: а) Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсініктерін
пысықтау, Наурыз көженің тарихы туралы түсінік беру ә) Оқушылардың сабақ барысында логикалық ойлау қабілетін,сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту б) Ұлттық тәрбиелерін қалыптастыру, патриоттық сезімін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:жыл аттарының күн тізбесі суреті
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау: -Балалар, Наурыз мерекесі қай кезден бастап тойланады?
-Үлкен кісілер қандай бата береді?
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі: -Балалар, наурыз мерекесінің ең басты асы не? -Дұрыс, Наурыз көже
- Мақсат қою кезеңі : -Балалар, Наурыз мерекесінде жасалатын Наурыз көженің құрамында не болады? -Кім айтады?
- Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс 113-жаттығу 1.Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.
Ит үрді.қасқыр ұлыды.Қозы маңырады. 2.заттың атын білдіретін сөздің астын бір рет, қимылын білдіретін сөздің астын екі рет сызыңдар. 3. Сөйлемдегі сөздерге сұрақ қойыңдар. Өлеңді мәнерлеп оқыңдар:
Наурыз көже
Ашық болсын қос қабақ,
Таспен атқанды аспен ат.
Бейтаныс та таныс та,
Бүгін төрде бас қонақ.
Арпа, бидай, тары бар.
Ішілетін,жейтіннің
Бұл көжеде бәрі бар.
Ошақта көп шоқ әлі
Астың ауыр обалы
Астан үлкен ешкім жоқ,
Қазан аузы жоғары. О.Асқар.
- Наурыз көжені қалай жасайтынын білесіңдер ме?
VI.Жаңа материалды пысықтау: 114-жаттығу. 1. сұрақтың орнына керекті сөзді қойып сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Ұста қашаумен (не істеді?). сылақшы қалақпен (не істеді?). Кранмен жүкті ( не істеді?) Керекті сөздер: қашады, сылады, көтерді. 2. Заттың қимылын білдіретін сөздердің астын сызыңдар.
VII.Бекіту кезеңі :Наурыз мерекесі, наурыз көже туралы білімдерін пысықтауда қосымша сұрақтар
VIII. Үйге тапсырма, бағалау