Сабақтың тақырыбы: §4. Франция
9-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §4. Франция
Сабақтың мақсаты:
- Францияның соғыстан кейіңнгі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайына сипаттама беріп, әлеуметтік шиеленістің себебін, Францияның көппартиялық жүйесінің ерекшелігін және экономикалық дағдарыстың ел өміріне әсерін нақты факторлармен ашып көрсету.
- Француз фашизмі туралы түсінік бере отырып,, оның герман және итальян фашизмінен айырмашылығына талдау және тиісті тиісті қорытынды жасай білуге баулу.
- Халықтың майданның қалыптасуы туралы әңгімелеп, жүргізген шараларының маңызына тоқталып, ең бастысы, Францияда фашизмнің билеп-төстеуіне тосқауыл болғанын атап, оқушыларды фашизмге, ымырасыздыққа қарсы тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік:карталар (ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Франция, ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Еуропа)
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
- Ұлыбритания үшін Бірінші дүние жүзілік соғыстың қорытындысы қандай болды?
- Ллойд Джордж үкіметінің сыртқы саястына талдау жасаңдар.
- Лейбористер партиясының күшеюі неден көрінді? Олардың үкімет басындағы тәжірибесін сипаттаңдар.
- Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың салдарын ашып көрсетіңдер.
- Англиядағы қандай партияның өкіметі немістердің сыртқы саясатын қолдады?
Жаңа сабақтың жоспары:
- Соғыстан кейінгі Франция
- Франциядағы экономикалық дағдарыстардың ерекшеліктері
- Француз фашизмінің ерекшеліктері
- Халық майданының қалыптасуы
Негізгі оқиғалар:
- 1919 жылы Францияда 2,2 мың ереуіл болып, оған 2 млн жұмысшы қатысты.
- 1924-1926 жылдарда солшыл блок үкіметі билік басында болды.
- 1930 жылы экономикалық тоқырау басталды.
- 1924 жылы «Патриоттық жастар» лигасы құрылды.
- 1927 жылы «Әскери крест» лигасы құрылды.
- 1934 жылы Халықтық майдан құрылды
- 1936 жылы Халықтық майдан партиясы парламент сайлауында жеңіске жетті.
№ | Лигалардың аты | Лигалардың талаптары |
1 | «Француз әскери лигасы» | Фашистік диктатура орнату |
2 | «патриоттық жастар» лигасы | «Алтын парламентті» жою, күшті атқарушы өкімет құру. |
3 | «Әскери крест» | «Коммунизмді құрту», «Сатқын демократияны» |
Сабақты бекіту:
- Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін мемлекеттің ішкі өмірінің қандай саяси ерекшеліктері болды?
- 1919-1920 жылдардағы мемлекеттегі әлеуметтік шиеленістің себебі неде?
- Француз көппартиялық жүйесінің ерекшеліктерін атаңдар
- Экономикалық тоқырау Францияның әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріне қалай әсер етті?
- Б.Ү.Ү. кестесі.
Білгенім | Үйренгенім | Үйренгім келеді |
|
Қорытындылау, бағалау:
Үйге тапсырма: §4